Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
1007 материал табылды

Елорда • 20 Желтоқсан, 2024

Жұлды­здай жарқыраған жасыл шыр­ша

Бір, екі, үш, төрт, бес... Сәрсенбі күні елорда тұр­ғын­дары мен қо­нақтары сағат тілі 20.00-ді үздіге күтіп, соңғы секундтарын хормен са­нап, жаңажылдық шырша­­ның шамын жағу рәсімі­не куә болды. «Астана Арена» стадионы ма­ңын­да ор­наласқан биіктігі 25 метр­лік бас шырша­ның шамын елорданың ең үздік мектеп оқушы­ла­ры жақты. Жылына бір келе­тін ғажайып сәтті кө­руге үш мыңға жуық адам жиналды. Сондай-ақ дәл осы уақытта елор­да­ның басқа аудандарын­­да да 30-дан астам мере­келік шыршаның шамы жа­­ғылды.

Әлем • 20 Желтоқсан, 2024

Мәдениет орталығы ашылды

Қазақстанның Пәкістандағы елшілігі белгілі өнер қайраткері, Пәкіс­танның ұлттық мұра және мәдениет жөнін­дегі бұ­рынғы министрі Джамаль Шах ұйымдас­тырған «Жібек жолы» мәдениет орта­лығының сал­танат­ты ашылу рәсіміне қатысты.

Өнер • 19 Желтоқсан, 2024

«Хан Сұлтан» – Түркияда

Ыстанбұлдағы Ататүрік мәдениет орталығында «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті. Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының қойылымы Жошы ұлысының 800 жылдығына арналды.

Өнер • 11 Желтоқсан, 2024

Жас пианистер жарысы

Ел астанасында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақ ұлттық өнер университеті ұйымдастырған «Astana Piano Passion» II республикалық жас пианистер байқауы өтіп жатыр.

Мәдениет • 10 Желтоқсан, 2024

Кимешек киген қандай-ды...

Ұлттық музейде «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігі­нің ұйым­дас­­ты­руымен Қолөнершілер одағының мүшесі, халықаралық ЮНЕСКО сапа белгісінің иегері, этнодизайнер Тілек Сұлтанның «Кие­лі кимешек» көрмесі ашылды. Автор өзі тіккен және жи­нақ­­­таған түпнұсқа 30 кимешекті көпшілік назарына ұсын­ды.

Руханият • 06 Желтоқсан, 2024

Замана заңғары

Мәдениет және ақпара­т министрлігінің қолдауымен Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музы­ка­лық драма театрында Қазақстанның халық жазушысы, Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдығына арналған «Кемел тұлға келбеті» атты конференция өтті. Алқалы жиын аясын­да көрнекті қаламгердің өмірі мен шығармашылығына арналған фото және кітап көрмесі ұйымдастырылып, екі жаңа кітап таныстырылды.

Сұхбат • 06 Желтоқсан, 2024

Түгелбай ҚАЗАҚОВ, Қырғыз Республикасының Ел әртісі: Музыкадан құдіретті дүние жоқ

Өнерде шекара жоқ дейміз. Әсіресе ауылы аралас, қойы қоралас жатқан қазақ пен қырғыз өнерінің кеңістігі тіптен жақын. Көрші ауылда бір ғажап ән туса, дабырасы мен даңғазасы қазақ топырағына жетпей қалмайды. «Жаңбыр төкті», «Элегия», «Жиырмасыншы жаз», «Гүлзарлар» сынды аңызға айналған әндердің авторын да қазақ жұрты жақсы таниды. Жуырда Қырғыз Республикасының Ел әртісі Түгелбай Қазақовтың Бішкекте өткен шығармашылық кешіне барып қайтқан едік. Біртуар композитордың сырлы әндерін тыңдап, өмірі мен өнері туралы сұхбат құрдық.

Өнер • 05 Желтоқсан, 2024

Әйгерім – Италия сахнасында

«Қазақконцерт» солисі Әйгерім Алтынбек Италияда өткен опера әншілері арасындағы халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды. Композитор Джакомо Пуччинидің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауға әлемнің әр түкпірінен, соның ішінде Қазақстан, Жапония, Қытай, Корея, Ресей, Иран елдерінен 70 өнерпаз қатысты.

Өнер • 04 Желтоқсан, 2024

«Отырар сазы» шарықтады

Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымының үлкен залында композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай «Отырар сазы шақырады!» концерті өтті. Сахна төрінде Қазақстанның көрнекті оркестрлері – Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі мен Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі өнер көрсетті.

Өнер • 23 Қараша, 2024

Чехияда өткен кеш

Прага төрінде қазақ және чех өнерпаздарының бірлескен кон­церті аншлагпен өтті. Шығармашылық кеш билеттері екі күн­де сатылып кеткен. Өнерсүйер қауым әсіресе Қазақ­станның опера әншісі Нұржамал Үсенбаева мен чехиялық баритон Фи­липп Банжактың дуэтін тыңдауға келген.