
Басылым • 17 Қаңтар, 2025
Орал қаласында Жантас Сафуллиннің балаларға арналған «Сырым батыр» комиксі жарық көрді. Жас ұрпаққа туған жердің тарихын таныстырып, ұлттық рухын көтеруді мақсат еткен кітап батыр тұлғасын жан-жақты сипаттайды.
Байқау • 16 Қаңтар, 2025
Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық кітап» республикалық байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. Дүбірлі дода Ұлттық кітап күні мерекесіне орай өткізіледі.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2025
Талантты қазақ баласы Дубайда өткен «Sanremo Best Song 2025» халықаралық байқауында бас жүлдені еншілеп, ел абыройын асқақтатты. Ержан Максим бұл өнер додасында үздік атанып қана қоймай, танымал продюсерлік орталықтардан әріптестік жөнінде шақырту алды. Әлемдік сахна шежіресінде ерекше орын алатын әйгілі халықаралық байқау биыл өзгеше форматта өтті.
Жоба • 14 Қаңтар, 2025
«Қазақфильм» жанындағы «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі 13 сериядан тұратын «Тоқаш пен Бақаш» анимациялық жобасын аяқтады. Жоба биыл көрерменге ұсынылады.
Көрме • 11 Қаңтар, 2025
Ұлттық академиялық кітапханада «Тарихтан тағылым» атты иллюстративті кітап көрмесі өз жұмысын бастады. Жыл басында дәстүрге айналған көрмеге биыл еліміз бойынша және ЮНЕСКО көлемінде мерейтойлары аталып өтетін тарихи тұлғалар мен ақын-жазушылардың, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің архив шежірелері, құжаттары, фотолары, еңбектері мен кітаптары қойылды.
Кино • 07 Қаңтар, 2025
Былтыр Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен 17 жобаның өндірісі аяқталған еді. Атап айтсақ, «Қайрат», «Игроманка», «Капитан Байтасов», «Qaitadan», «Фейковый арман», «Мангистау – край океана Тетис», «Күн ұясына батқанда», «Үміт әрдайым жанымызда», «Шырмауық», «Осенний бриз», «Граждане крыши», «Құт», «Мы здесь живем», «Победителей видно на старте», «Здравствуй, добрый человек», «Соңғы парыз» фильмдері бар. Ал «Алан туралы аңыз» ауқымды анимациялық жоба болғандықтан осы жылы аяқталмақ.
Елорда • 01 Қаңтар, 2025
Жаңа жыл қарсаңында Астананың сегіз нүктесінде эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерттер өтті.
Кино • 31 Желтоқсан, 2024
Биыл әйгілі «Disney» мен «Pixar» компаниялары «Ойжұмбақ 2», «Disney» студиясы «Моана 2», «Муфаса: Арыстан патша» анимациялық фильмдерін өз қаражатына қазақ тіліне аударды.
Басылым • 31 Желтоқсан, 2024
Әр жыл ұлт руханиятына түрлі табыс әкеледі. Жыл сайын кітапхана сөресі жаңа кітаптармен толығатыны да сөзсіз. Биыл да қоржынға қосылған жаңа жинақ көп болды. Соның ішінде «Абай» баспасынан жарық көрген 155 кітапты ерекше атап өтеміз.
Мәдениет • 20 Желтоқсан, 2024
Эстония және Финляндия елдерінде Қазақстан Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай Астана қаласының мәдени күндері өтті. Таллин және Хельсинки қалаларында ұйымдастырылған мәдени-сазды кештерге Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония ұжымдары мен солистері, Франциядан арнайы келген скрипкашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Марат Бисенғалиев қатысты.