Оқиға • Кеше

Каспий теңізінде мұнай дақтары пайда болды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Каспийдегі ашық әлем» жобасының мамандары спутник арқылы түсірілген суреттерді қарап, теңіздің Ресей мен Қазақстан жағында мұнаймен ластану белгілерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Каспий теңізінде мұнай дақтары пайда болды

Ресейге қарасты бөлікте кемеден төгілген мұнай табылды. Оның көлемі – шамамен 0,04 шаршы шақырым. Қазақстан жағында да мұнай дағы байқалды. Ол әлдеқайда үлкен шамамен 0,2 шаршы шақырым. Екі жақта да теңіздегі секундына 3-4 метрді құраған. Бұл жағдай Каспий теңізінің экологиялық ахуалына алаңдауға себеп болып отыр.