
Әсемгүл бірнеше жылдан бері қазы, шұжық секілді дәстүрлі тағамдарды үйретіп, ұлттық асхананы жаңа деңгейге көтеріп жүр. Оның басты мақсаты – дәстүрден алыстамай, бірақ қазіргі уақытқа, күнделікті тұтынуға ыңғайлы ету. Ол Instagram, TikTok әлеуметтік желілерін тиімді пайдаланып, блог жүргізеді.
Сонымен қатар, шеберлік сабақтарын өткізіп, ұлттық киім, дастарқан әдебі, ет мүшелеу сынды салт-дәстүрді үйретеді. Оның бастаған кәсібінің басты ерекшелігі өнімдерінің 15-20 минутта дайын болуында. Бұл әсіресе ет пісіруді білмейтін, уақыты аз, жұмыстан кеш келетін адамдар үшін өте қолайлы.