
Аталған жобаның мақсаты – Абай мұрасын халықаралық деңгейде кеңінен насихаттау және көпұлтты қауымдастық арасында қазақ мәдениетіне деген қызығушылықты арттыру.
Челленджге Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшілер, жетекші шетелдік ұлттық кітапханалар мен балалар кітапханаларының басшылығы, этномәдени орталықтар өкілдері, белсенді оқырмандар қатысты. Іс-шара барысында түрлі этнос өкілдері ақын шығармашылығына деген құрметін білдірді.
Челлендж аясында Абай Құнанбайұлының өлеңдері қазақ, орыс, поляк, неміс, беларусь, армян, моңғол, үнді тілдерінде оқылды.