Таным • 04 Мамыр, 2024
Ғабит Мүсірепов әйгілі «Қыз Жібек» фильмінің сценарийін қарындашпен жазып шыққаны әмбеге аян. Қадыр ақын да өлеңдерін қарындашпен жазғанын білеміз. «Өйткені өте ыңғайлы, тұрып та, отырып та, жатып та жаза беремін», дейтін өзі. Сол сияқты Джон Стейнбек те шығармаларының алғашқы нұсқасын қарындашпен жазатын.
Өнер • 03 Мамыр, 2024
Өнерде шекара жоқ. Талантың жетсе, әлемнің кез келген нүктесінде атың аталуы әбден мүмкін. Мәселен, бүгінде Арыстан Әбілдинді алыс-жақын шетел тыңдарманы жақсы таниды. Ел арасында да Арыстанның есімі тек жетістігімен әйгілі.
Әдебиет • 29 Сәуір, 2024
Оқырман үшін сүйікті жазушысының өміріндегі барлық дерек қызық. Автордың шығармашылығынан бөлек тағдыры, жеке өмірі, күн режімі, қызығушылығы, мінезі, әдеті, киім киісі – бәрі-бәрі. Сөз өнерінде жүрген қауымның ләззаты да, азабы да жазу дейміз. Сол жақсы жазу талант пен шеберлікке ғана байланысты екені шындық. Дегенмен ақын-жазушылардың күнделікті қоңыр тіршілігі, болмысы мен өмір сүру тәртібі қаламына әсер етпей қоймайтыны тағы анық.
Мәдениет • 26 Сәуір, 2024
Леонардо да Винчидің атағын айға шығарған «Мона Лизаны» Лувр музейінің бөлек залына сақтық шараларын орындай отырып көшіру үшін 500 миллион еуроға жуық қаражат қажет екен.
Басылым • 23 Сәуір, 2024
Бүгін – оқырмандардың мерекесі. 23 сәуір – Халықаралық кітап күні. Осы орайда елімізде түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Мәселен, күні кеше ғана елорда төрінде Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтті. Бес күн бойы астаналық оқырманға түрлі жиын ұйымдастырып, сандаған кітап ұсынған дүбірлі жәрмеңкеден ешкім құрқол қайтқан жоқ. Көрмеге қойылған кітаптардың жанры да, сапасы да әртүрлі: түрлі ойға жетелейді.
Көрме • 20 Сәуір, 2024
Саха (Якутия) Республикасының мәдени күндері аясында Ұлттық музейде «Якутия қазынасы» көрмесі ашылды. Саха халқының қолданбалы өнерін насихаттап, мәдениетаралық ынтымақтастықты нығайтуды көздеген іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізіліп отыр.
Жәдігер • 20 Сәуір, 2024
Елорда төрінде өтіп жатқан Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне еліміздің өңір-өңірінен де қатысып жатқандар бар. Соның бірі – Семей қаласындағы Абай атындағы кітапхана қызметкерлері «Абай жолы» кітапханасы әдеби экспозициясын, оның сирек қорларын ұсынып отыр.
Қоғам • 19 Сәуір, 2024
Жазушылар одағында дәстүрлі әдеби жыл қорытындысы аясында бір топ қаламгерге халықаралық «Алаш» сыйлығы тапсырылды.
Көрме • 17 Сәуір, 2024
Елордадағы Еуразия кітап жәрмеңкесі
Бүгін ел астанасында дәстүрге айналған «Astana Eurasian Book Fair – 2024» VII халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды.
Таным • 16 Сәуір, 2024
Бұл – Тамил Надудағы Мадрас университетінде түнде оқитын үнді студенті. 1905 жыл. Студенттер түнде сабақ оқып отырғанда ұйықтап қалмас үшін шашын қабырғадағы шегеге байлап қоятын болған. Жалпы, бұл дәстүрлі әдіс екен. Қытай халқы оны екі мың жыл бойы қолданып келеді. Бұл әдіс туралы ең алғаш I ғасырда Хань шежіре кітабында жазылған.