
Сенат • 13 Сәуір, 2024
Сенаторлардың өңірлердегі тасқынға қарсы күресі жалғасын тапты
Сенатор Сағындық Лұқпанов Атырау облысындағы Махамбет ауданында екінші толқынмен келуі ықтимал тасқын суға дайындық барысымен танысты. Депутат сапар барысында аудан орталығындағы бөгет салу аймағында болып, әскери қызметшілермен және еріктілермен әңгімелесіп, көрсеткен көмектері үшін оларға алғысын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 12 Сәуір, 2024
Сенат Спикері Грузия Парламентінің Төрағасымен кездесті
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Грузия Парламентінің Төрағасы Шалва Папуашвилимен кездесті. Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және тағы басқа өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Сәуір, 2024
Тасқынмен күрес: 3 071 тұрғын үй, 1 931 аула аумағынан су бұрылды
Тасқын ахуалы тұрғысындағы соңғы сандық деректер мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 12 Сәуір, 2024
Арқалықта тасқыннан зардап шеккендердің үй алуына 405 млн теңге бөлінді
Үкімет қаулысымен тасқын салдарынан зардап шеккен Қостанай облысына қарасты Арқалық қаласы тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету үшін 2024 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Үкіметтің төтенше резервінен 405 млн теңге бөлінді. Қаржыландыру Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арқылы комиссияның бағалауына сәйкес Арқалық қаласында үйлері қалпына келтіруге келмейтін отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін нысаналы трансферттер түрінде Қостанай облысының әкімдігіне жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Сәуір, 2024
Ұлттық ұланның 2700-ден астам жауынгері су басқан өңірлерде жүр
Ұлттық ұланның 2700-ден астам жауынгері, 120 техникасы және авиа транспорттары су басқан барлық өңірлерде белсенді көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап.
Елорда • 12 Сәуір, 2024
Астана су қоймасы 99%-ға толды
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Сәуір, 2024
Сенатор: Ауыл шаруашылығын дамытуға қаражат жеткіліксіз жоспарланған
2021-2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Жамбыл облысына қомақты қаржы бөлінген болатын. 11 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шамамен 30,6 млрд. теңге қаржыға ие болды. Алайда, сенатор Сәкен Арубаев ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін аталған қаражат жеткіліксіз жоспарланғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Грузия Парламентінің төрағасын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Парламентінің төрағасы Шалва Папуашвилиге ілтипат білдіре отырып, Қазақстан Оңтүстік Кавказ өңіріндегі негізгі серіктестерінің бірі – Грузиямен жан-жақты қарым-қатынасты нығайтуға айрықша мән беретінін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Грузия арасындағы достық пен өзара түсіністік екіжақты байланыстарды тереңдету ісінде елеулі табысқа қол жеткізу үшін берік негіз болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Сәуір, 2024
Сенатор отандық ұн тартушылардың банкроттан құтқарылуын талап етті
Еліміздің ұн экспорты төмендеп кетті, ал шетелге астық сату – өсіп барады. Ұнның орнына астық сатып алу және өз диірменін жұмысқа пайдалану шетелдіктерге тиімді екені даусыз. Ал бұдан отандық ұн тарту кәсіпорындары зардап шегіп отыр. Сенатор Сұлтан Дүйсембинов өзінің депутаттық сауалында отандық ұн тартушылардың проблемаларын көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағзым • 12 Сәуір, 2024
Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл: Естеліктер сыр шертеді
Қаныш Сәтбаев туралы естеліктер көп, барлық естеліктердің тоғысқан ортақ өзегі – әлемдік дәрежедегі ғалым әрі биік адамгершілік иесі болғандығын айтады, қайталанбайтын ғажайып тұлға болғандығынан сыр шертеді. 12 сәуір қазақ халқының ғылымына өлшеусіз үлес қосқан Қаныш Сәтбаевтың туған күні, 125 жылдық мерейтойы. Осы орайда шәкірті, Ұлттық ғылым академиясының академигі Досмұхамед Кішібековтің және айтулы ғалымның немере жиені Әлішер Қоғабаевтың естеліктерінен ықшамдап, тақырыпшалар қойып, ұсындық.