Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
209 материал табылды

Саясат • 04 Ақпан, 2026

Ашық, сындарлы диалог жалғасады

Облыс әкімдігінде өткен актив отырысында еліміздің жаңа Конс­титуциясының жобасы талқыланды. Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен жиынға облыстық мәс­лихат, қоғамдық кеңес төрағалары, сала басшылары қатысты.

Экономика • 03 Ақпан, 2026

Май зауыты шикізатқа зәру

Өткен жылы 873 500 гектарға майлы дақыл тұқымын еккен өңір диқандары орташа есеппен гектарына 10 центнерден өнім алып, 900 мың тоннаға жуық майлы дақыл жинады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда, бір жарым есе жоғары дейді.

Экономика • 30 Қаңтар, 2026

Балық шаруашылығына серпін береді

Биылдан бастап бағалы балық өсіретін шағын фермалар субсидия ала бастайды. Мемлекет бұған дейін жылына, кем дегенде, 45 тонна өнім шығаратын шаруашылықтарды ғана қаржылай демеп келген. Биыл инвестициялық субсидия алу шегі 25 тоннаға дейін төмендетілді. Аквамәдениет саласындағы шағын бизнес өкілдері мемлекеттік қолдау аясының кеңеюі өңірде балық шаруашылығының дамуына едәуір серпін береді дейді.

Қоғам • 27 Қаңтар, 2026

Қамкөңіл жандарға қамқорлық

Қостанайда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Мүмкіндік» әлеуметтік-құқықтық акциясы өтті. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өңірде алғаш рет ұйымдастырылған игі шараға прокуратура қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен уәкілетті құрылым өкілдері, сондай-ақ жұмыс берушілер, оқу орталықтарының басшылары мен волонтерлер қатысты.

Жәдігер • 22 Қаңтар, 2026

Музей төріндегі тоқыма портрет

Қостанайдағы геологиялық музейге кірсеңіз, экспозиция за­лының төріне ілінген әйгілі ғалым, академик Қаныш Сәтбаев­тың түкті кілемше тү­рінде тоқылған портретін көресіз. Хас шебердің қолынан шыққан өнер туын­дысын осыдан ширек ғасыр бұрын Қ.Сәтбаев атындағы геология ғы­лымдары институтының өкілдері тарту еткен.

Мирас • 17 Қаңтар, 2026

Тобылғының емдік қасиеті

Федоров ауданындағы Ыбырай мектебінің мұғалімі Айдын Диханбай қолдан қамшы, торсық, былғары белбеу жасайды. Қазір мектеп жанынан үйірме ашып, оқушыларды ұлттық қолөнерге баулып жүр.

Қоғам • 16 Қаңтар, 2026

Дәрігерлердің алғысы

Биыл Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін құқықтық қорғауды күшейту туралы заңға қол қойды. Аталған заң Қылмыстық кодекске медицина қызметкерлерін, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем бригадалары жүргізушілерінің өміріне, денсаулығына қауіп төндірген азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тартатын жаңа бапты енгізуді көздейді.

Аймақтар • 07 Қаңтар, 2026

Ауыл балаларының қуанышы

Шалғайдағы Денисов ауданының Фрунзе ауылында «Балапан» бөбекжайы күрделі жөндеуден кейін пайдалануға берілді. Бұған дейін жергілікті мектептің бір бұрышын паналап келген балабақша жаңа жыл қарсаңында заманауи үлгіде жаңғырып, әсем кейіпке енген жаңа ғимаратқа көшті.

Жәдігер • 07 Қаңтар, 2026

Музейдегі ақ боз үй

Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайы – көрнекті қай­раткер, этнограф Өзбекәлі Жәнібеков негізін қалаған іргелі мәдени ошақтың бірі. Елу жылдан астам ел игілігіне қызмет етіп келе жатқан мұражай қорында бүгінде 77 мыңнан астам жәдігер сақтаулы тұр. Соның бірі – музей ішінде тігулі тұрған киіз үй.

Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025

Оңалту орталығы ашылды

Осыдан екі жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бес өңірдегі Президент резиденциясын балалардың игілігіне беруді тапсырған еді. Қостанайдағы резиденция содан бері қайта жөндеуден өтіп, биыл жаңа жыл қарсаңында жүйке ауытқуы бар, тірек-қимыл жүйесі бұзылған балаларды оңалту орталығы болып қайта пайдалануға берілді.

Яндекс.Метрика