Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1929 материал табылды

Медицина • 03 Қараша, 2020

Инфекциялық аурухана пайдалануға берілді

Қостанайда Covid-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған жаңа инфекциялық аурухана пайдалануға берілді. Қаланың шетіндегі ашық алаңда бір жаздың ішінде бой көтерген жаңа заманауи стационар қазір науқастарды қабылдай бастады.

Аймақтар • 03 Қараша, 2020

Көшеде кісі өмірін сақтап қалды

Рудный қаласының учаскелік инспекторы Айдос Құлымбетов көшеде денсаулығы күрт нашарлап, құлап қалған қала тұрғынына алғашқы меди­циналық көмек көрсетіп, ажалдан арашалап қалды.

Аймақтар • 02 Қараша, 2020

Қостанай облысында интернет алаяқтар ұсталды

Қостанай облысының полицейлері ақпараттық технология саласындағы қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында өткен "Hi-tech" жедел алдын алу шарасы барысында интернет желісі арқылы жасалған 13 алаяқтық әрекетті анықтап отыр.

Аймақтар • 02 Қараша, 2020

Қостанайда Ыбырай Алтынсарин ескерткіші ашылды

Қостанай қаласының орталығында, Ы.Алтынсарин мен Л.Толстой көшелерінің қилысындағы ашық алаңда ұлы ағартушы  Ыбырай Алтынсарин ескертіші ашылды. Ұлы ұстаздың 180 жылдығы қарсаңында бой көтерген ескерткіштің ашылу салтанатына облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, ыбырайтанушы ғалымдар, өңір зиялылары мен ардагер ұстаздар қатысты.

Аймақтар • 02 Қараша, 2020

3 мың ағаш егіледі

Ауа райы күрт құбылып, қара жерге қатқақ тұрып, қар басып қалғанына қарамастан Қостанайда абаттандыру жұмыстары толас­тамайды. Ашық демалыс орындарындағы бос жерлерге жасыл желек әсем шыршалар отырғызылды. Жөндеуден жаңа өткен көшелердің жағалауындағы кәрі ағаштар кесіліп, орнын жас көшеттер басуда.

Білім • 02 Қараша, 2020

Қазақ мектептеріне сұраныс артып келеді

Қостанай облысында 488 мемлекеттік, 6 жеке­меншік мектеп бар. Оның 118-і – қазақ мектебі. Мемлекеттік тілде оқытатын білім ошақтарында 21 767 оқушы білім алады екен. Мұның сыртында, өңірдегі 114 аралас мектептің қазақ сыныптарында 11 017 бала оқып жатыр. Облыста жалпы саны 110 206 оқушы бар екенін ескерсек, соның 32 784-і ғана қазақ тілінде білім алады.

Аймақтар • 01 Қараша, 2020

Қостанай академиясында Талап Қабденов атындағы дәрісхана ашылды

Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, ішкі қызмет генерал-майоры Талап Қабденов атындағы дәрісхана ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Аймақтар • 31 Қазан, 2020

Қостанайда жаңа инфекциялық аурухана пайдалануға берілді

Қостанайда COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған жаңа инфекциялық аурухана пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 30 Қазан, 2020

Қостанай университетінде “Рухани жаңғыру” бағдарламасының жүзеге асу барысы талқыланды

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімова Қостанай өңірлік университетінің жанынан жұмыс істеп жатқан облыстық "Рухани жаңғыру" орталығында болып, офис жұмысымен танысып, орталық қызметкерлерімен кездесті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Медицина • 29 Қазан, 2020

Еріктілерге арналған медициналық курс

Қостанайдағы жоғары медицина колледжінің оқытушылары жергілікті волонтерлерге алғашқы медициналық көмек көрсетудің қыр-сырын үйрете бастады. Үш күндік курс барысында отыздан астам ерікті қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқ-қолды таңу, ауыз немесе мұрын қуысына дем жіберу, жүрек тұсына массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек шақыру дағдыларын меңгереді.