Аймақтар • 05 Қаңтар, 2021

Қостанай облысында жылқы іздеп жоғалып кеткен ер адам табылды

916 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арқалық қаласынан 70 шақырым жердегі Аққошқар елді мекенінің 58 жастағы тұрғыны 3-қаңтар күні таңертең ауылдан ұзап кеткен жылқысын іздеп шығып кетіп, қас қарайғанша үйіне қайта оралмаған, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанай облысында жылқы іздеп жоғалып кеткен ер адам табылды

Арқаның сақылдаған сары аязына қарамай, қаркешкіш көлігіне мініп сайын даланы шарлап кеткен тұрғыннан ешбір хабар болмаған соң, сол күні түнгі сағат 23-ке таман төтенше жағдай департаментінің құтқарушылары екі көлікпен жоқ іздеушінің өзін іздеуге шығады.  

«Жоғалған адам 4-қараша күні таңғы сағат 05:00-де Аққошқар ауылынан 95 шақырым жерден табылды. Жәбірленуші көлігі сынып далада қалған. Ол жерде ұялы байланыс та болмаған.  Құтқарушылар табылған ер адамды Аққошқар ауылына жеткізді. Қазір денсаулығы жақсы», - деп мәлімдеді төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі. 

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше