
Аймақтар • 16 Сәуір, 2020
Қостанай облысында коронавирус жұқтырған тағы екі адам анықталды
Қостанай облысында коронавирус жұқтырған тағы екі адам анықталды. Олар Жітіқара қаласының тұрғындары. Бірі 1996жылы, екіншісі 2010 жылы туған.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2020
Қостанай: Полиция карантин тәртібін түсіндірді
Қостанай облысында бүгін түнгі 00.00-ден бастап күшіне енетін карантин режімін 29 тосқауыл бекеті, 33 мобилді патруль жасағы және 300-ден астам жаяу полицей қамтамасыз етеді.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2020
Қостанай облысы 17 сәуірден бастап карантинге жабылады
Бұл туралы аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов облыс тұрғындарына өзінің инстаграмм парақшасы арқылы хабарлады.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2020
Қостанай облысы: Жітіқара қаласында карантин жарияланды
Қостанай облысына қарасты Жітіқара ауданы 2020 жылғы 16 сәуірде сағат 00.00 бастап карантин режіміне көшеді. Бүгін облыстың Бас санитары В.Нечитайло бұл туралы арнайы қаулы шығарып, ауданда эпидемиологиялық жағдайдың шиеленісуіне байланысты шектеулер мен тыйым шаралары күшейтілетінін мәлімдеді.
Қазақстан • 15 Сәуір, 2020
Қостанайда Би-ағаның ескерткіші бүтінделіп жатыр
Қостанай темір жол вокзалы алдындағы ашық алаңда тұрған бюст Би-ағаның 100 жылдық мерейтойына орай осыдан 26 жыл бұрын орнатылды. Қаламгердің қолына кітап ұстап ойланып тұрған сәті бейнеленген бюстің биіктігі - бір жарым метр. Мыстан құйылып, мәрмәрмен қапталған екі метрлік тас тұғырға қондырылған.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2020
Қостанай облысы: Коронавирустан көз жұмған науқастың кім екені белгілі болды
Қостанай облысында коронавирустан көз жұмған адам Жітіқара қаласының тұрғыны болып шықты. Науқас бойындағы індет белгілерін алғаш 5 сәуірде байқаған. Алайда медицина мекемелеріне хабарласпаған. Үйінде өзін-өзі емдеуге тырысқан. Мұны дәрігерлерге науқастардың өздері айтып берген. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі орталығында өткен шұғыл баспасөз жиынында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудник мәлімдеді.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2020
Қостанай облысында коронавирус жұқтырған тағы екі адам анықталды
Қостанай облысында коронавирус жұқтырғандардың саны бесеуге жетті. Облыс әкімдігі жанынан құрылған жедел ақпарат штабының мәліметінше, 12 сәуірде Жітіқара қаласында екі егде жастағы адам қызуы көтеріліп ауруханаға түскен.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2020
Қостанай: Жүргізуші көпірден секіріп кеткен қызды құтқарып қалды
Қостанайлық Владимир Аксенов Тобыл өзенінің жағалауындағы саяжай маңындағы үйлердің бірінде тұрады.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2020
Рудныйда 5 млн теңгенің алтынын ұрлаған қылмыскер ұсталды
Бес миллион теңге көлеміндегі алтын бұйымдарын ұрлады деген күдікті жеті айдан кейін Қызылорда қаласында қолға түсті. Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыскер зергерлік бұйымдарды өткен жылы 30 тамызда Рудный қаласының әмбебап дүкенінен ұрлаған. Дүкенге жертөле арқылы кірген қылмыскердің жүріс-тұрысын түгелдей бейне бақылау камерасы жазып алған. Бірақ бетперде киіп алғандықтан түр-әлпетін тану мүмкін болмаған. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті дереу бой тасалап үлгерген.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2020
Жалған ақпарат таратқан Қостанай облысының тұрғыны айыппұл төледі
Қостанай, Лисаков, Рудный, Тобыл қалалары карантинге жабылғаны туралы жалған аудиожазба таратқан Меңдіқара ауданы Каскад ауылының 28 жастағы тұрғыны әкімшілік жауапқа тартылып, 40 АЕК (106 040 теңге) көлемінде айыппұл төледі. Сондай-ақ, «төтенше жағдай режімін бұзған екі бала қамауға алынып, олардың ата-анасына 560 мың теңге айыппұл салынды» - деген жалған ақпарат таратқан Амангелді ауданының тұрғыны 7 тәулікке қамауға алынды.