Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1848 материал табылды

Аймақтар • 13 Сәуір, 2020

Қостанай облысы: Жобаларды жүзеге асыруға 80 шақты еріктілер ұйымы атсалысады  

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтің төрағалық етуімен өткен селекторлық кеңесте Еріктілер жылына жоспарланған шаралардың жүзеге асу барысы талқыланды. Жастар саясаты басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев Еріктілер жылын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы Қостанай қаласында өткен Қазақстан-Ресей жастар форумында  жария еткенін атап өтті.

Қоғам • 13 Сәуір, 2020

Қостанай облысы: Боранда адасқан зейнеткер ауруханада қайтыс болды

7 сәуірде болған қарлы боранда адасып кеткен Әулиекөл ауданының тұрғыны жексенбі күні ауруханада қайтыс болды. Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға ауыр қалде жеткізілген зейнеткердің бұрыннан бауыры ауырады екен. Оның үстіне екі күн бойы боран астында қалып, бүкіл ағзасына суық өтіп кеткен.

Аймақтар • 12 Сәуір, 2020

Қостанайда үй астынан су шығып жатыр

7 сәуірдегі қарлы бораннан кейін Қостанай қаласының солтүстік батыс ауданында 4 көшені су басып қалды.

Аймақтар • 10 Сәуір, 2020

Қостанай облысында қарлы боранда адасып кеткен зейнеткер табылды

64 жастағы әулиекөлдік зейнеткер жергілікті серіктестіктің 400 бас жылқысын бағады екен. 7 сәуірде таңертең боран басталмай тұрып жылқы айдап жайылымға шығып кеткен. Содан қар аралас қатты дауыл басталып кетеді.  

Аймақтар • 10 Сәуір, 2020

Қостанай: Сатай ауылының тұрғындары төрт күн бойы қар құрсауында жарықсыз отыр

Алтынсарин ауданына қарасты Сатай ауылының тұрғындары төрт күн бойы жарықсыз отыр. Шағын елді мекенге баратын күре жол 7 сәуірде соққан күшті бораннан кейін қалың қардың астында қалды. Күні бүгінге дейін жол аршыған жан жоқ.

Аймақтар • 10 Сәуір, 2020

Қостанай облысында такси жүргізушісін тонағандар ұсталды

9 сәуірде түн жамылған үшеу облыс орталығындағы Амангелді көшесінен «Текстильщик» саяжайына дейін «Индрайвер» таксиіне тапсырыс береді. 38 жастағы жүргізуші мінген «Лада Калина» автокөлігі келген соң, күдіктілердің екеуі артқы орындыққа, біреуі жүргізушінің жанына жайғасады.

Аймақтар • 10 Сәуір, 2020

Жаңа жұмыс орындары ашылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев таяу­да ғана төтенше жағдайда елді жұмыссыздық жайламас үшін халықты ең­бек­­пен қамтудың нақты жо­ба­­ларын іске асыруды тап­сыр­ған болатын.

Аймақтар • 09 Сәуір, 2020

Қостанай облысы 80 санитарлық автокөлік сатып алды

Аймақтағы денсаулық сақтау мекемелерінің технопаркін нығайту мақсатында облыс бюджетінен бөлінген 475 млн теңге  қаржыға биыл 80 санитарлық автокөлік сатып алынуы тиіс. Облыс басшылығы жергілікті машина жасау зауыты «СарыарқаАвтоПром» серіктестігіне 70,  «Азия Авто» АҚ-на 10 автокөлікке тапсырыс берген, олардың дені аудандарға таратылады.

Аймақтар • 09 Сәуір, 2020

Тобыл қаласында «Көмек алаңы» фронт-кеңсесі ашылды

«Тобыл – көмек алаңы» деп аталған фронт-кеңсенің ашылуына Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты. Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы аясында іске асырылған жобаның басты мақсаты – мемлекеттік органдардың жұмысын ашық көрсетіп, халыққа қолжетімді ету.

Аймақтар • 09 Сәуір, 2020

Қостанай облысы: Қарлы боран мектептің шатырын жұлып кетті

Жетінші сәуірде тәулік бойы тулаған қарлы боран Әулиекөлдегі былтыр ғана күрделі жөндеуден өткен білім ошағының шатырын тулақ құрлы көрмей төңкере салған. Дүлей боран ауылдағы үй шатырларын, мұржалар мен қоршауларды, тоқ бағандарын қиратып кеткен. Ауыл ішіндегі шырша, теректердің тамыры ырсиып жартылай суырылып қалған. Ұялы телефон байланысы үзіліп, тұрғындар бір жарым тәулік бойы сусыз, жарықсыз қалған.