Banner
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1795 материал табылды

Білім • 19 Ақпан, 2026

Қостанай облысында 100 орындық жаңа мектеп ашылды

Қостанай ауданына қарасты Еңбек ауылында 100 орындық мектеп пайдалануға берілді. Ауылдық жерлердегі мектеп инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама аясында бой көтерген екі қабатты білім ордасы 1 млрд 220 млн теңгеден астам қаржыға салынған, деп жазады Egemen.kz.

Білім • 18 Ақпан, 2026

ҰБТ: Қостанай облысында талапкерлердің 74%-ы шекті балл жинады

Қостанайда 2026 жылдың алғашқы ҰБТ-сы аяқталды. Ұлттық тестілеу орталығының Қостанай қаласындағы филиалының басшысы Нұргелді Хасеновтың айтуынша, талапкерлердің 39%-ы қазақ тілінде, 61%-ы орыс тілінде және 1 адам ағылшын тілінде тест тапсырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 17 Ақпан, 2026

Су тасқыны қаупі: Қостанай облысының әкімі шұғыл тапсырма берді

«Қазгидрометтің» болжамынша, Қостанай облысында наурыз, сәуір айлары жауын-шашынды болып, ауа райы күрт жылынуы мүмкін. Осыған орай облыс әкімдігінде өткен кеңесте көктемгі тасқынның алдын алу және қауіпті аймақтардағы сақтық шараларын күшейту мәселелері пысықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медицина • 17 Ақпан, 2026

Қостанайдағы онкологиялық ауруханаға «Halcyon» желілік үдеткіші орнатылды

Қостанай қалалық онкологиялық көпсалалы ауруханасына «Halcyon» желілік үдеткіші орнатылды. Заманауи құрылғы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаражаты есебінен 2,7 млрд теңгеге сатып алынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 14 Ақпан, 2026

«Баян Сұлу» фабрикасы ұжымы жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

Қостанай облыстық мәслихат депутаттары «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасының жұмысшыларымен кездесті. Халық қалаулылары Конституцияның жаңа жобасы туралы өз ойларын ортаға салып, көпшілік тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Ата заң • 14 Ақпан, 2026

«Баян Сұлу» фабрикасы ұжымы жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

Қостанай облыстық мәслихат депутаттары «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасының жұмысшыларымен кездесті. Халық қалаулылары Конституцияның жаңа жобасы туралы өз ойларын ортаға салып, көпшілік тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Аймақтар • 13 Ақпан, 2026

«Қостанай жастары» бағдарламасымен 344 отбасы баспаналы болды

2022 жылы облыс әкімдігі мен «Отбасы банк» бірлесіп, жұмысшы жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ететін «Қостанай жастары» бағдарламасын іске қосқан. Содан бері көптеген жас отбасы осы бағдарламаның көмегімен 5 пайыздық несие ресімдеп, үй сатып алып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 12 Ақпан, 2026

Әулиекөлде көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

Әулиекөлде халықтың әлеуметтік осал топтары санатында тұрған 24 отбасы баспаналы болды. Қоныс қуанышына орай өткен салтанатты іс-шараға қатысқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов тұрғындарды құттықтап, пәтер кілттерін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 08 Ақпан, 2026

Қостанай облысында 6 теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтіп жатыр

Әулиекөл ауданында Аманқарағай темір жол вокзалы күрделі жөндеуден кейін қайта пайдалануға берілді. Президент тапсырмасымен ел көлемінде іске асырылып жатқан бағдарлама аясында Қостанай, Арқалық, Рудный қалалары мен Тобыл, Аманқарағай және Құсмұрын станцияларындағы вокзалдар қайта жөндеуден өтіп, жаңа кейіпке енбек, деп жазады Egemen.kz. 

Аймақтар • 29 Қаңтар, 2026

Қостанайда үшем дүниеге келді

Қостанай облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Сүйінші хабарды жеткізген дәрігерлердің айтуынша, бұл – өңірде соңғы 3 жыл ішінде туған алғашқы үшем, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика