Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1685 материал табылды

Халық • 29 Ақпан, 2024

Тоғызқұмалақ тәлімгері

Өңір спортының қалыптасу, даму бастауында жүріп, Қос­та­най­да алғашқы спорт нысандарының салынуына ұйтқы болған ардагер спортшы, ұлағатты ұстаз Дмитрий Поляковтың қазақ хал­қының даладай кең пейіліне, ұлттық спортына деген сүйіспеншілігі ерекше. Биыл тоқсанның бесеуіне аяқ басқан Дмитрий Степанович – тоғызқұмалақтан Қазақстанның тұңғыш спорт шебері, республиканың тоғыз дүркін чемпио­­­ны, көптеген спорт шебері мен Қазақстан чемпиондарын тәрбиелеп шығарған жоғары санаттағы жаттықтырушы.

Әдебиет • 28 Ақпан, 2024

Балалар әдебиетінің бәйтерегі

Қостанайдағы облыстық кітапханада балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған әдеби кеш өтті. «Балалар әлемін таңғалдырған талант» деп аталатын тақырып аясында өткен іс-шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері, жоғарғы оқу орындарының ұстаздары, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты.

Қоғам • 28 Ақпан, 2024

Ескі атаудан арылмаған қала

Рудныйда тұрып жатқан ағайынның бір қалауы – қалада бұрыннан сіресіп тұрған идеологиялық тұрғыдан әбден ескіріп-тозған, қаулап өсіп келе жат­қан кейінгі жастарға тарихы мүлде белгісіз дүдәмал көше атауларынан арылып, тәуелсіздік үшін ақыл-қай­ратын сарп етіп, жанын пида еткен Алаш ардақтыларының, мемлекет қайраткерлерінің есімдерін орнық­тыру. Алайда мұндай ұсыныстан кейін өрбіген жағдай бұл істе әлі де түрлі кедергі көп екенін көрсетіп отыр.

Қылмыс • 27 Ақпан, 2024

Қарулы қарақшы құтылмады

Кейде орынды-орынсыз жерде көлік тоқтатып, құжат көрсетуді сұраған полиция қызметкерлеріне реніш білдіріп жатамыз. Бірақ мұндай тосын тоқтатулардың көбіне-көп қоғам қауіпсіздігі үшін жасалатынын да біліп жүру керек. Өткен сенбіде дәл осындай жағдай болды.

Медицина • 27 Ақпан, 2024

Аурухана құрылысының бітпес дауы

Төрт жылдан бері Қостанай облыстық балалар ауруханасын­дағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталмай тұр. Әу бас­та мердігер компания өзіне міндеттелген жұмысты жарты жылдың ішінде аяқтап, жаңарған ғимаратты қайта тапсырып беруге тиіс еді. Өкінішке қарай, аурухана ғимараты әлі бос тұр, тоқырап қалған жөндеу жұмыстары жанданар емес.

Қоғам • 26 Ақпан, 2024

Қарулы қарақшы ұзап кете алмады

Кейде орынды-орынсыз жерде көлік тоқтатып, құжат көрсетуді сұраған полиция қызметкерлеріне реніш білдіріп жатамыз. Бірақ мұндай тосын тоқтатулардың көбіне-көп қоғам қауіпсіздігі үшін жасалатынын да біліп жүру керек. Өткен сенбіде дәл осындай жағдай болды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Аймақтар • 25 Ақпан, 2024

Параспортшыға пәтер сыйлады

Параспортшы Динара Құтжолова жергілікті құрылыс компаниясының басшысы Қанат Сәлімгереевтің қолынан су жаңа қос бөлмелі пәтердің кілтін алды. Дзюдодан өткен жылғы Азия параойындарының қола жүлдегері таяу күндері Тобыл қаласының «Нұрай» жаңа шағын ауданындағы өз пәтеріне қоныстанады.

Волонтер • 22 Ақпан, 2024

Еріктілер сақадай сай

Облыстық жастар ресурс­тық орталығы жыл сайын дәстүрлі түрде ұйым­дас­тырып отыратын «Қар десанты» акциясының жал­ғызілікті қарттар мен мүм­кіндігі шектеулі жандарға көмегі мол. Қайырымдылық акциясы аясында ерікті жастар кейінгі бір жарым айдың ішінде 500-ге тарта ауланың қарын тазартып шыққан.

Музей • 22 Ақпан, 2024

Ресей музейлеріндегі жәдігерлер

Кейде өзіңе керек бір дүниені іздеп отырып басқа бір қызықты дерекке тап болатын жағдайлар болады. Таяуда Ресей музейлерінің сайтын ақтарып отырып, Жамбыл ақынға қатысты бірнеше қолөнер туындысын кездестірдік.

Қоғам • 19 Ақпан, 2024

Бейімбет белестері

Л.Толстой атындағы облыстық кітапханада әдебиеттегі алыптар тобының өкілі, көрнекті жазушы, драматург Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына арналған «Алып тұлғаның әдеби мұрасы» атты көрме ашылды.