Қоғам • 05 Маусым, 2024

Жыл патриоттары марапатталды

51 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қостанайдағы Жастар сарайында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Жыл патриоты» форумы өтті. Салтанатты іс-шара барысында өңір дамуына елеулі үлес қосып жүрген түрлі саланың өкілдері мен табанды еңбегімен айтарлықтай жетістікке жеткен азаматтарға, сондай-ақ қоғамдық істерге белсене атсалысып, ел игілігі үшін тер төгіп жүрген көпке үлгі жандарға құрмет көрсетілді.

Жыл патриоттары марапатталды

Салтанатты іс-шараның басында Мемлекеттік әнұран орын­далды. Одан кейін облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали елдігіміз бен тұ­ғырлы тұтастығымызды айшық­тайтын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, көпшілікке жылы лебізін арнады.

«Аспан түстес байрағымыз бен елтаңбамыздың әрбір эле­ментін­де және Әнұранымыз­дың әрбір сөзінде халқымыздың Отанға деген махаббаты мен ар­ман-мұраты жатыр. Мемлекеттік рәміз­дер – рухымызды асқақ­та­тып, кеудемізге нұр құятын, бақыт­қа жетелеп, өмірге құш­тар ететін ерекше қасиетке ие. Бір­тұ­тас­тығымызды сақтап тұру үшін біз әрқашан өзіміздің мем­лекеттік, ұлттық мүддемізді, Тәуел­сіздігімізді қорғауға дайын болуымыз қажет. Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшін­ші отырысында тәуелсіздік, отан­шылдық, бірлік, ынтымақ, әділдік және жауапкершілік, заң және тәртіп, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық һәм жаңашылдық деген ұғым­дар­дың мәнін тарқата келіп, «Ұлты­мыз осы идеялық негіздерді басшылыққа алса, болжаусыз және қарқынды дамып келе жатқан ХХІ ғасырдан лайықты орнын табады», деген еді. Отанды сүю, туған жерге, елге, хал­қы­ңа деген сүйіспеншілік, пер­зент­­тік махаббат еліңнің рәміз­дерін танудан басталады. Соны­мен қатар мемлекеттік рәміз­дің ажырамас, еншілес бөлігі – мем­ле­кет­тік тіл. Бүгін біз Отанға деген сү­йіс­пеншілігін күнде­лікті еңбегі­мен, нақты жетістік­тер­імен дә­лелдей білген, осылайша халық­тың ықыласына бөленген нағыз қазақ патриоттарының бей­несін насихаттап жүрген азамат­тарды марапаттаймыз. Бар­шаңызды Мемлекеттік рәміз­дер күні­мен құттықтаймын. Көк байра­ғымыз тұғырынан мәңгі түспе­сін, еліміздің мәртебесі асқақтай берсін!» деді Ринат Зәкиұлы.

Бұдан соң кезек жыл патриоттарын марапаттау рәсіміне беріл­ді. Өңірдің дамуына, өсіп-өркен­деуіне атсалысып жүрген ғылым, білім, мәдениет, спорт, медицина, волонтерлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, технология, бизнес саласының өкілдері және ерлік ісімен көзге түскен азаматтар 11 аталым бойынша марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.

Еңбегі еленіп, есімі ардақ­тал­ған қуаныш иелерінің бірі – жер­гілікті мал шаруашылықтарына мал басын асылдандыруға, етті ірі қара тұқымының бабын табу­ға ғылыми кеңес беріп, технология жолын көрсетіп жүрген жас ғалым Индира Айтжанова.

«Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай облыс әкімі­нің арнайы дипломын алып, қуа­нып қалдық. Әнұранымыз айтыл­ғанда толқымайтын қазақ жоқ шығар. Мемлекеттік рәміздерді біз өз Отанымызды сүю, өз Отаны­мыздың дамуы үшін адал еңбек ету арқылы құрметтейміз», дейді Индира.

Мерекелік іс-шарада таби­ғи апатқа қарсы күресте бар күш-жігерін жұмылдырған, су тас­қы­ны­на тосқауыл қоюға белсенді ара­ласқан ұжымдардың да еселі еңбегі елеусіз қалмады. ІІМ Шырақ­бек Қабылбаев атындағы Қоста­най академиясы, Қарулы күш­тері­нің 99260 әскери бөлімі, Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлі­мі, облыстық ПД, «Надежда плюс kst» қоғамдық бірлестігі, «Барыс», «Регион-10», «ДОС» ерікті іздеу-құт­қару жасақтары, Ахмет Бай­тұр­сынұлы атындағы университет, облыстық ҚХА, облыстық ЖРО, «Қостанай-Су» мекемесі және тағы басқа да ұжымдар қала әкімі Марат Жүндібаевтың қолынан марапат алды. Сонымен қатар әр аудан, ауылдағы жастар ресурстық орталығы, әкімдік қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер де облыс әкімі­нің грамотасын иеленді.

Сахна төрінде туған өлке­нің қадір-қасиетін терең түйсін­діретін көріністер көңілді баурап, рухты қанаттандыратын ән-жыр әуелеп, күй күмбірлеген өнер думаны салтанатты іс-шараның көркін қыздыра түсті.

 

Қостанай облысы