
Театр • 18 Ақпан, 2024
Арқалық қаласындағы облыстық қазақ жасөспірімдер театрында еліміздегі ең білікті деген театр сыншыларымен тәжірибе алмасу апталығы өтті. Біртуар жазушы, қазақ көркемсөзінің хас шебері Бейімбет Майлиннің 130 жылдығы аясында ұйымдастырылған іс-шараға Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының театртанушы ғалымдары қатысты.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2024
Полиция қызметкерлері қарлы боранда адасып кеткен тағы бір адамды ажалдан арашалап қалды. Жоғалған азамат түн ортасында айдалада құлап жатқан жерінен табылып, аман-есен анасының қолына табыс етілді.
Білім • 15 Ақпан, 2024
Балабақшадағы бөбектер далада қала ма?
Қалалық білім бөлімі Қостанайдағы мектеп ғимараттарының бір қанатын жалға алып отырған 9 балабақшадан өз орындарын босатуды талап етіп жатыр. Себебі соңғы жылдары оқушылар саны шектен тыс көбейіп кеткендіктен, мектептердің өздері де сынып бөлмелерін жеткізе алмай, қиын жағдайда отыр. Ал мұндай тосын шешімді бір күн бұрын ғана естіген ата-аналар БАҚ өкілдерін шақыртып, білім саласы басшыларының шешімімен келіспейтіндерін айтты.
Аймақтар • 11 Ақпан, 2024
Арқаның ақпандатқан ақ бораны бір көтерілсе, жыны басылғанша тыншымайтын әдеті. Бұл жолы да бірнеше күн бойы аласұрып тұрып алды. Өңірде жол қатынасы үзіліп, қаншама елді мекен қар құрсауында қалды.
Жастар • 07 Ақпан, 2024
Талантты жастарға – тартымды орталық
Qostanai ІТ Hub – Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында ашылған ел астанасындағы Astana Hub технопаркінің өкілдігі. Мұнда IT орталық, зертханалық кешен, конференц-зал, коворкинг және ойын алаңдары, тағы басқа да салалық секторлар бар.
Жоба • 05 Ақпан, 2024
Оқырманға арналған онлайн жоба
Қостанайда көпшіліктің көркем әдебиет оқуға деген ынтасын, кітапқа құштарлығын арттыратын онлайн байқау басталмақ. Облыс әкімдігі қолдап, облыстық кітапхана қолға алып жатқан игі жоба ақпан мен мамыр айының аралығында өтеді және төрт кезеңнен тұрады. Үлкен-кішіні бөле-жармай, кітап оқитын зерделі қауымды толық қамтыған мұндай ауқымды байқаудың өңірде тұңғыш рет өткелі отырғанын айта кеткен жөн.
Аймақтар • 04 Ақпан, 2024
Міржақып кесенесінің күмбезі жаңартылды
Алаш қайраткерінің кесенесі кіндік қаны тамған Қызбел өңіріндегі Бидайық ауылында тұр. Кесене 1995 жылы Міржақып Дулатұлының 110 жылдығына орай, сол кезде Жангелдин ауданын басқарған Жақан Қосабаев, жергілікті серіктестіктің жетекшісі Батырбек Ахметов сынды азаматтардың күшімен тұрғызылған. Жанында шағын музей бар. Жергілікті жұрттың айтуынша, сол жылы Бидайықта ұлан-асыр той болып, оған Гүлнар апай Міржақыпқызы да келіп қатысыпты.
Бизнес • 31 Қаңтар, 2024
Кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді тетігі
Өңірде инвесторларға кедергі болып отырған мәселелердің бірыңғай тізілімі жасалатын болды. Бұл кәсіпкерлікті қолдау шараларының өрісін кеңейтіп, шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай туғызуға мүмкіндік бермек.
Басылым • 30 Қаңтар, 2024
Лев Толстой атындағы облыстық кітапханада белгілі ақын, сөз зергері Ақылбек Шаяхметтің төрт бірдей кітабының тұсауы кесілді. Іс-шараға өңір зиялылары, облыстық әкімдіктің өкілдері, студент жастар мен мектеп оқушылары қатысты.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2024
Су астындағы тіршілікке де ауа керек. Ихтиолог мамандардың айтуынша, балықтар оттегі ерітіндісімен тыныс алады екен. Су құрамында оттегі азайып кетсе, балықтан да тәбет қашып, өсуі баяулайтын көрінеді. Тіпті жаппай қырылып қалуы да мүмкін.