
Құқық • 23 Мамыр, 2023
«Антарестің» күйреуі немесе алаяқтарға алданғандардың тағы бір оқиғасы
Қостанайда талай жұртты қан қақсатып, алдап-арбау арқылы қомақты ақшасынан айырған қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты сот үкімі шықты.
Бизнес • 18 Мамыр, 2023
Рудный қаласының тұрғыны таяуда ғана жеке кәсібін ашып, кір сабын шығара бастады. Қаланың орталық базарында «Үшқұдық» деген сауда белгісімен сатыла бастаған жергілікті өнімнің сапасы сырттан әкелініп жатқан кір сабындардан артық болмаса, кем емес. Бір әттеген-айы, сабынды көптеп шығаруға қаржы тапшылығы қолбайлау болып, кәсіпкер өз өндірісін жүйелі түрде жолға қоя алмай отыр.
Аймақтар • 18 Мамыр, 2023
Халықаралық отбасы күніне орай, өңірде отбасы құндылықтары мен ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, отбасы-ошақ қасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған 300-ден астам іс-шара өтті.
Экология • 16 Мамыр, 2023
Қостанайда «Экология және өрт дағдарысынан кейінгі тұрақты даму» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Экологиялық мәдениетті арттыру және өңірде қолайлы экожағдай қалыптастыру жөніндегі кешенді іс-шаралар жобасы аясында өткен іс-шарада Әулиекөл ауданындағы Аманқарағай орманын қалпына келтіру мәселелері талқыланды.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2023
Қостанай жоғары политехникалық колледжінің студенттері Руслана Ибраева мен Александра Фельдман пластик құтылардан төсемтас жасап шығарды. Білім ордасындағы «Шекарасыз бизнес» кәсіпкерлік клубының жетекшісі Жанат Контробаеваның айтуынша, қазірдің өзінде экоөнімді сатып алуға бірнеше кәсіпорын ниет білдіріп отыр. Алайда оған өнімді көбейтіп шығаратын арнайы құрылғының жоқтығы қолбайлау болып тұр.
Мектеп • 15 Мамыр, 2023
Қостанайда «Абай оқулары» байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды. Алты аталым бойынша өткен білім жарысына бәйгенің аудандық және қалалық кезеңдерінен іріктеліп шыққан 88 оқушы қатысты.
Ұстаз • 11 Мамыр, 2023
Кім-кімнің де балауса шағынан бастап, есейіп ер жеткенге дейін жүрегіне шуақ, жанына адамдық дәнін егіп, білім қорегін беретін ұстаз дейтін рухани бағбаны болады. «Ұстазы мықтының ұстанымы мықты» дегенді осыған қарап айтса керек. Мектепте ұзақ жыл бала оқытып, бой қуаты мен ой қайратын ұрпақ тәрбиесіне арнаған мұғалімнің бірі – Қостанай қаласының құрметті азаматы Беген Көпеш ақсақал.
Тарих • 10 Мамыр, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге сапары барысында Ржев қаласындағы қазақстандық жауынгерлерге арналған мемориалдық кешенге тағзым гүлін қойды. Бұл кешендегі мәрмар тасқа 1942 жылы Қостанай облысынан соғысқа аттанып, 79 жыл бойы хабар-ошарсыз кеткен Қасен Төлегеновтің де есімі қашалып жазылған. Кескілескен шайқаста опат болған боздақтың жатқан жерін ұрпақтары 2021 жылы ғана іздеп тапты.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2023
Қостанайдағы Жеңіс саябағында ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері мен жергілікті әскери-спорт клубтарының курсанттары, сондай-ақ «Жас шекарашы» және «Жас сарбаз» үйірмелерінің кадеттері қатысқан салтанатты шеру өтті.
Жәдігер • 04 Мамыр, 2023
Қостанайдағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенованың шығармашылық кеші өтті. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бері қарайғы айтыс өнерінің шежіресі жыр боп шертілген тағылымы мол жиынға өңір зиялылары, мәдениет саласының өкілдері мен Әсия Әйіпқызының Ақаң университетіндегі «Өнер студиясы» мектебінің түлектері қатысты.