
Аймақтар • 06 Мамыр, 2023
Қостанайдағы Жеңіс саябағында ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері мен жергілікті әскери-спорт клубтарының курсанттары, сондай-ақ «Жас шекарашы» және «Жас сарбаз» үйірмелерінің кадеттері қатысқан салтанатты шеру өтті.
Жәдігер • 04 Мамыр, 2023
Қостанайдағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенованың шығармашылық кеші өтті. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бері қарайғы айтыс өнерінің шежіресі жыр боп шертілген тағылымы мол жиынға өңір зиялылары, мәдениет саласының өкілдері мен Әсия Әйіпқызының Ақаң университетіндегі «Өнер студиясы» мектебінің түлектері қатысты.
Жәдігер • 03 Мамыр, 2023
Осыдан екі жарым ғасыр бұрын жасалған көне жәдігер Науырзым ауданындағы Мереке ауылында тұр. Замана запыранын зар ғып төккен қара қобызды көздің қарашығындай сақтап, бүгінге дейін жеткізген осы ауылдағы Долдашевтар әулеті.
Экология • 02 Мамыр, 2023
Биыл сәуір салқындау болғандықтан ба, тайыз су қоймаларындағы балықтар қырылып жатыр. Табиғаттың тылсым зауалы 4 сәуірде Қостанай ауданындағы Озерный ауылының шетіндегі көлде, 5 сәуірде Заречныйдың маңындағы су қоймасында байқалған. Балық инспекциясының мамандары дереу Заречныйдағы судан сынама алып, жарты тоннадан астам өлі балық теріп алды.
Табиғат • 30 Сәуір, 2023
Науырзым қорығында қызғалдақтың «Қызыл кітапқа» енген 4 түрі өседі. Бұл өңірдегі қосгүлді, жатаған, шренк, биберштейн қызғалдақтары сәуір-мамыр айларында Қарамеңді, Әулиекөл, Қайғы, Шолақсай, Аманкелдіге дейінгі сайын даланы сан түрлі бояуға малып, құбылта құлпыртып, жұпар аңқытып жібереді.
Фотогалерея • 27 Сәуір, 2023
Қостанайда жергілікті орнитолог-ғалым Алексей Тимошенконың 20 жыл бойы түсірген фотосуреттерінің көрмесі ашылды. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозиция залына орналасқан көрменің ашылу рәсіміне жергілікті биолог-ғалымдар мен Науырзым қорығының ғылыми қызметкерлері қатысты. Көрмені тамашалауға келгендерге орнитологтің ұлы Никита Тимошенко тамаша күй орындап берді. Никита үш жылдан бері домбыра үйірмесіне барып жүр.
Қоғам • 27 Сәуір, 2023
А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай университетінде филология ғылымдарының докторы, профессор Алмасбек Әбсадықтың Кейкі батыр туралы жаңа жинағының тұсауы кесілді.
Қылмыс • 26 Сәуір, 2023
Ауыл шаруашылығы министрлігі сәуірден алты ай мерзімге дейін ел аумағына сырттың бидайын автокөлікпен әкелуге тыйым салғаны белгілі. Алайда соған қарамастан шекараның арғы бетінен астыртын бидай алып өтпек болған жүк көліктерінің легі толастамай тұр.
Экология • 21 Сәуір, 2023
Биологиялық тазарту стансасы жоқ қала
Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Қостанай облысына жұмыс сапарымен келіп, өңір тұрғындарымен және қоғамдық ұйымдардың жетекшілерімен кездесті. Жиын барысында министр облыстағы бірқатар аудандар мен қалалардың экологиялық мәселелеріне қатысты сауалдарға жауап берді.
Өнер • 20 Сәуір, 2023
Қостанайда «Алтын микрофон» халықаралық байқауы басталды. Осымен жиырмасыншы рет өтіп жатқан өнер додасына еліміздің әр өңірінен келген жас таланттармен қатар, Украина, Өзбекстан, Болгария, Қырғызстан, Беларусь мемлекеттерінің өкілдері қатысып жатыр.