Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1879 материал табылды

Қоғам • 06 Сәуір, 2023

Биологиялық қауіпсіздік – елдің қауіпсіздігі

Төрт түлікке жұғатын түрлі кеселге қарсы вакцина егу науқаны өңірде әдетте қаңтарда басталып, сәуірде аяқталады. Өйткені көктемгі көктің иісі бұрқ ете қалса, малды ұстау қиын болып кетеді. Бүгінде облыста шамамен 420 мыңның үстінде ірі қара, 440 мыңдай ұсақ мал, 160 мың бас жылқы бар. Оған 95 мыңдай талпақ танауды қосыңыз. Осыншама малға 526 ветеринар 13 түрлі аса қауіпті ауруға қарсы екпе жасап шығады.

Өндіріс • 05 Сәуір, 2023

Ұзынкөлдегі өндіріс

Өңірдегі санаулы ірі шаруашылықтар шалғай ауылда да өндіріс ашуға болатынын дәлелдеп жатыр. Мәселен, Ұзынкөл ауданына қарасты Новопокров елді мекеніндегі «Тойсай» серіктестігі өткен жылы 600 бас сауын сиырға арналған заманауи сүт фермасын ашып, ауылдағы ағайынның ырыс-несібесінің молаюына жол ашып отыр. Шаруашылықтың шағын цехынан шығып жатқан «Тойсай» күнбағыс майы да жергілікті өнімнің жалпы үлесінің еселенуіне сеп.

Аймақтар • 02 Сәуір, 2023

Рудныйда ERG GeoHub керн қоймасы ашылды

Геологтар күніне орай пайдалануға берілген ERG GeoHub керн қоймасы 320 млн теңге қаржыға салынған. Кешеннің ашылу рәсіміне  ИжИДМ Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров, ERG Бас директорының жобалар және даму жөніндегі орынбасары Ардақ Нұразханов, сонымен қатар, ірі  тау-кен және геологиялық барлау компанияларының басшылары қатысты. 

Білім • 29 Наурыз, 2023

Тексеріс нәтижелері көңіл көншітпейді

Қостанай облысындағы білім нысандарының үштен бірі қауіпсіздік талап­тары­на сай кел­мейді. Сыныпта отыр­ған балаға сырттан төнер қауіптің алдын алу мақсатында таяуда ғана білім мекемелеріне жүргі­зілген тексеру шаралары барысында бірталай олқы­лықтар анықталып отыр.

Аймақтар • 29 Наурыз, 2023

Бір күнде жоқ болған бөгет

Күн көзіне шағылысып жатқан қырдың жұқа қары күрт ерісе, дүлей күшке айналады. Сай-саладан жылғалап жылжып, кең ар­наға түскен соң арқырай жөнелетін көктемнің қызыл суы Жан­гелдин ауданын қыспаққа алып жатыр. Ал осыдан үш жыл бұ­рын салынған Шилі ауылындағы бөгетті тасқын су шайып кетті.

Қоғам • 28 Наурыз, 2023

Достықты дәріптеген қаламгер

Қостанай өңіріне белгілі ақын, білім беру саласының үздігі Александра Суслованың «Екі дос, Боран және скрипка» деп аталатын повесі бар. Кіш­кен­тай Данияр мен Данилдің басынан өткен қызықты оқиғаларға құрыл­ған ұзақ әңгімеде екі баланың арасындағы шынайы достық тарихы баяндалады. Туынды былтыр Ыбырай Алтынсарин атын­дағы республикалық байқаудың ең үздік шығармасы деген бағаға ие болды.

Мектеп • 28 Наурыз, 2023

Ауыл мектептеріне – 28 автобус

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында келген автобустарды өңірдегі аудандық білім бөлімдерінің басшылары қабылдап алды. Маңдайында «Балалар!» деген жазуы бар су жаңа сары автобустар шалғай ауылдарда тұратын оқушыларды мектепке таситын болады.

Аймақтар • 28 Наурыз, 2023

Елікті де құтқарды

Қостанай полицейлері тал түсте қалаға кіріп кеткен елікті құтқарып қалды. Адасып келген дала еркесін қала шетіндегі Карбышев көшесінің тұрғындары байқаған.

Су тасқыны • 27 Наурыз, 2023

Ақкөл арнасына қайта толса...

Торғай өңіріндегі Ақкөл мен Ахмет ауылының арасындағы күре жолды су басып кетті. Шалғайда жатқан екі елді мекеннің арасы шамамен 10 шақырымдай болады. Төте жол су астында қалғандықтан, тұрғындар бір ауылдан екінші ауылға бару үшін үлкен көлді айналып өтіп, жолсыз даламен 60 шақырым жүріп өтуге мәжбүр болып отыр.

Жәдігер • 27 Наурыз, 2023

«Ұлы дала әміршілері» Қостанайда

Қостанайдағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Ұлы дала әміршілері» атты ерекше көрме ашылды. Музейдің бас ғимаратындағы үлкен залдан орын алған жүзге жуық көзайым жәдігердің бәрі ел астанасындағы Ұлттық музейден әкелінген.