
Көрме • 14 Наурыз, 2023
Қостанайда белгілі суретші-зергер Леонид Игошиннің көрмесі өтіп жатыр. Көзі тірісінде «Қазақфильм» киностудиясының тапсырысымен әйгілі «Қыз Жібек» фильмінің түсіріліміне арналған ұлттық әшекей бұйымдар мен қалқан, сауыт, дулыға, қылыш, қын тәрізді батырдың бес қаруын жасаған шебердің қолынан шыққан көп бұйымдардан қазақтың төл зергерлік өнеріне тән бедерді айқын аңғаруға болады.
Аймақтар • 13 Наурыз, 2023
Құтқарушылар күшейтілген режімге көшті
Қостанай төңірегінде сірескен қардың табаны енді-енді ғана жіби бастады. Ал облыстың оңтүстігіне қарай орналасқан шалғай аудандарда қар еріп, сай-саланы қызыл су басып жатыр.
Ұстаз • 09 Наурыз, 2023
Сырбай Мәуленов атындағы гимназия мұғалімі Балғанат Базарбаева жиырма сегіз жыл бойы бала оқытып, өскелең ұрпаққа өмірлік азық, өлмес өнеге дарытып келеді. Білікті ұстаздың шәкірттері тарих пәні бойынша қала, облыс көлемінде өтетін ғылыми байқаулар мен олимпиадалардан құр қол қайтқан емес. Тіпті республикалық білім жарыстарынан да озық шығып, алдыңғы қатардан көрініп жүр.
Экология • 09 Наурыз, 2023
Науырызым қорығында биыл зорман ерте оянды. ЮНЕСКО қорғауындағы далалы-орманды алқапқа бай табиғи қорықта саршұнақтардың үш түрі тіршілік етеді. Зорман соның ішіндегі ең ірісі.
Қоғам • 06 Наурыз, 2023
Өңірге жұмыс сапарымен келген Алтай Көлгінов әлеуметтік саланы дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың жергілікті жерде іске асырылу барысымен танысты.
Ауыл • 06 Наурыз, 2023
Ауыл инфрақұрылымын дамыту туралы сөз болғанда жол жөндеу, су тарту, газ өткізу сияқты маңызды шаруалардың қатарында жайылым мәселесі де тұруы шарт. Өрістегі мал мен ауыл тұрғындарының жағдайын бөліп-жарып қарауға болмайды. Өйткені ауылдағы ағайынның негізгі күнкөріс көзі – жайылым.
Өнер • 01 Наурыз, 2023
Қостанайдағы Жастар сарайында Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның «Ақжелең» фольклорлық-этнографиялық ансамблі өзінің 30 жылдығына орай, «Аманат» атты есеп беру концертін өткізді. Мерекелік іс-шараның басында І.Омаров атындағы қазақ драма театры сахналаған ансамбльдің алғашқы құрылу, қалыптасу тарихынан сыр шертетін шағын қойылым көрсетілді.
Әскер • 28 Ақпан, 2023
Қостанай облысының Қарабалық ауданы Ресейдің Челябі облысымен шектесіп жатыр. Шекарадағы «Қайрақ» автомобильдік бақылау бекетінен тәулігіне 2 мыңға жуық автокөлік, 5 мыңдай адам ары-бері өтеді екен. Жазғы барыс-келіс қызған шақта күн сайын шекара бекеті арқылы кіріп-шығатын көлік саны 3 мыңға жуықтайды, ал адам саны 8 мыңға дейін жетеді.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2023
Жергілікті жұрт Айғожаның Қаратұзы деп атап кеткен ерекше көл Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылынан 22 шақырым жерде жатыр. Бір ғажабы, жазда Қаратұз алыстан кәдімгі аппақ қар сияқты болып сағымданып көрінеді. Ақкөл тұрғындарының айтуынша, көлдің аумағы шамамен жеті жүз гектардай болады. Тереңдігін біреулер 550 метр, енді біреулер 18 метр деп болжайды.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2023
Тағы 1 миллион теңгеден беріледі
Былтыр Аманқарағайдағы өрттен зардап шеккен Әулиекөл ауданының тұрғындарына тағы 1 млн теңгеден қаржылай көмек көрсетілді. Өткен жылдың қарашасында Әулиекөлдің іргесінен бой көтерген «Бірлік» шағын ауданындағы жаңа үйлерге қоныстанған 27 отбасы таяуда күнкөріс қиындап, коммуналдық шығындарын өтей алмайтын жағдайда отырғандарын айтып көмек сұраған.