
Аймақтар • 30 Қараша, 2021
Қостанай облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша өсімге қол жеткізіп отыр. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, өңірдің өнеркәсіп саласы жыл басынан бері 2 трлн теңгеге жуық өнім шығарып, жалпы өнім көлемі 8,1% ұлғайған. Өңдеу өнеркәсібінде де өрлеу байқалады. Бүгінде аймақтың ауылшаруашылық тауарларын өңдеу саласы ішкі нарықтың тұтасқа жуығын қамтиды. Облыс экономикасына соңғы он ай ішінде тартылған 306,2 млрд теңге көлеміндегі ауқымды инвестиция өңірлік өндірістің өрістей түсуіне серпін берді.
Аймақтар • 26 Қараша, 2021
Әлем халқы жылына 120 мың тоннадан астам ұлуды таңсық ас ретінде тұтынады екен. Мұның өзі жалпы сұраныстың 60-70 пайызын ғана жабатын көрінеді. Тобыл өңірінде тұңғыш ұлу фермасын ашқан ерлі-зайыпты Старковтардың айтуынша, оны өсіру көп қаржыны керек етпейді және бәсекесі аз әрі табысты бизнес болып саналады.
Ауыл • 24 Қараша, 2021
Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты Албарбөгет ауылдық округінде мал жаппай ауырып, алды өліп жатыр. Мәселен, Көкалат ауылының маңындағы Сор қонысында отырған «Айдос» шаруа қожалығында осыдан үш күн бұрын екі сиыр белгісіз кеселге шалдығып, бір күннің ішінде 600 бас сиырға ауру жұқтырған.
Спорт • 24 Қараша, 2021
Ерекше спортқа құлшыныс жоғары
Тобыл өңірінде соңғы он шақты жылдың ішінде ерекше қажеттілікке ие жандарға арналған спорт жарыстары мен турнирлер жиі өтіп жүр. Облыста мүмкіндігі шектеулілер спорты да жыл санап дамып келеді. Аталған салада түрлі мәселелер де бой көрсетіп қалады, бірақ біртіндеп шешімін тауып жатыр.
Аймақтар • 24 Қараша, 2021
Қостанай облысында сүт өнімдерінің сыртқы саудадағы үлес салмағы артып келеді. Аймақта сүттен жасалған тауарларды экспорттап отырған екі бірдей ірі кәсіпорын бар. Оның бірі – Қостанайдағы «Деп» компаниясы болса, екіншісі – Рудный қаласындағы «Лидер-2010» серіктестігі.
Аймақтар • 23 Қараша, 2021
Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен
Былтыр Затобол деген ескі атауын тарихқа өткізіп беріп, қала мәртебесіне ие болған ең жас қала Тобыл шаһарының бүгінде ұлт мәдениетінің жаршысы, дәстүрлі өнердің насихатшысына айнала бастағаны қуантады. Қаланың қақ ортасына орналасқан «Алтын дән» мәдениет үйінде қазақтың ақыны, сазгер, кезінде Ыбырайдың ағартушылық идеясын насихаттап, ұлы ұстазға көп қолдау көрсеткен Нұржан Наушабайұлы атындағы республикалық жыр-терме, дәстүрлі ән орындаушылар байқауы өз мәресіне жетті.
Аймақтар • 22 Қараша, 2021
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Бейімбет Майлин ауданындағы Тобыл кентінде «Ұлт рухы» деп аталатын тәуелсіздік аллеясы ашылды. Аудан әкімдігінің мәліметінше, жобаның құрылысына алтын мен мыс өндіретін ірі кәсіпорын «Варваринск» акционерлік қоғамы 16,5 млн теңгеден астам қаржы бөлген.
Аймақтар • 18 Қараша, 2021
«Тәуелсіздік ұрпағы» стартап байқауы өтті
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің SMART-орталығында өңір жастарының Tayelsizdik urpagy стартап-конкурсы мәреге жетті. Байқау мамыр айында жарияланып, оған қатысуға облыс мектептерінің жоғары сынып оқушыларынан, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерінен жүзге тарта өтінім келіп түскен.
Аймақтар • 16 Қараша, 2021
Қылышын сүйретіп қыс та жетті. Алайда ауылдағы жұрт алты ай қыс жағатын отынын түгендей алмай алаңдаулы. Өйткені логистикада туындаған кедергілердің кесірінен аймаққа жеткізілетін көмір кешігіп келіп жатыр. Жағдайды облыс басшылығы жіті қадағалауына алғанымен, көмір тапшылығы әзірше жойылмай тұр.
Аймақтар • 16 Қараша, 2021
Мерейтойға дайындық пысықталды
Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын атап өту үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мемлекеттік комиссия бекітіліп, республикалық жоспар әзірленгені белгілі. Жоспарда белгіленген 60 шараның 23-і облыс әкімдіктеріне жүктеліп отыр.