
Аймақтар • 15 Қараша, 2021
Балдай өнімдері бүгінде байтақ әлемнің әр түпкіріне тарап кеткен «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасының табысты өрлеу жолына бет бұрып, ішкі һәм сыртқы сауда кеңістігіне тең өтімді көп тәттілерінің брендке айналуы еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі өрісті отыз жыл ішіндегі экономикалық дамудың жемісі екені анық. Тоқсаныншы жылдары тоқыраңқырап қалған ірі кәсіпорынға тәуелсіздік жылдары ауқымды инвестиция салынды. Нәтижесінде, Германия, Италия, Швейцария сияқты өндірісі өркендеген мемлекеттерден заманауи технология құрылғылары әкелініп, жаңа желілер орнатылды.
Аймақтар • 15 Қараша, 2021
Қылышын сүйретіп қыс та жетті. Алайда ауылдағы жұрт алты ай қыс жағатын отынын түгендей алмай алаңдаулы. Өйткені логистикада туындаған кедергілердің кесірінен аймаққа жеткізілетін көмір кешігіп келіп жатыр. Жағдайды облыс басшылығы жіті қадағалауына алғанымен, көмір тапшылығы әзірше жойылмай тұр.
Аймақтар • 15 Қараша, 2021
Қостанайда Qazaq Epos ағарту жобасы аясында ел көлемінде өтіп жатқан «Тұлпар мініп, ту алған» байқауының облыстық кезеңі аяқталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған шараның басты мақсаты – батырлар жырын насихаттау арқылы оқушыларды халық поэзиясына деген сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу.
Аймақтар • 11 Қараша, 2021
Қостанайда кезінде ұлтымыздың аңшылық пен жауынгерлік өнерінің ерекше өрістеп дамыған түрлерінің бірі – дәстүрлі садақ ату мектебі ашылды. Мұнда келетін ересектер мен балаларға жебе тартудың ережесі мен мергендіктің қыр-сырын дәстүрлі садақ тартушылар үйрететін болады.
Аймақтар • 11 Қараша, 2021
Комбинат өнімдеріне сұраныс төмен
2014 жылы үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған Қостанайдағы үй құрылысы комбинаты тоқырап қалуға жақын тұр. Өйткені Тобыл өңірінде тез бой көтеріп жатқан тұрғын үйлер негізінен кірпіштен қаланады. Сондықтан комбинат шығарып жатқан ірі панелдер құрылысқа көп пайдаланылмайды. Осылайша, әу баста қолжетімді баспана құрылысының ауқымын кеңейту мақсатында ашылған кәсіпорынның өнімдері бүгінгі құрылыс нарығында сұранысқа ие бола алмай отыр.
Аймақтар • 10 Қараша, 2021
Қостанай облысында табиғи ортадағы ауа мен суды зерттеп, оның құрамындағы зиянды заттардың мөлшерін анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Эколог мамандар, әсіресе, «Қостанай минералдары» АҚ, «Тоқтар» «МК», «Варваринск» АҚ мен «Бренд» және «Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне қарасты кен орындарының маңайындағы өзен-көлдердің ластану деңгейін анықтауға көп көңіл бөліп отыр.
Аймақтар • 09 Қараша, 2021
Қостанай облысында мобильді кино фестивалі өтіп жатыр. Фестивальге жасы 16-дан асқан, бойында қабілеті, қалтасында смартфоны бар кез келген тұрғын қатыса алады. Ең бастысы, шағын фильмде әуесқой автордың шығармашылық ізденісі айқын көрінуге тиіс.
Өнер • 08 Қараша, 2021
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Жас толқын» республикалық фестивалі өтті. Байқаудың қорытынды кезеңінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарынан келген жас суретшілер мен мүсіншілердің, қолөнер шеберлерінің туындылары көрмеге қойылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, он жыл бойы облыс көлемінде ұйымдастырылып келген дәстүрлі шара осымен үшінші жыл республикалық деңгейде өтіп отыр.
Спорт • 05 Қараша, 2021
Қостанайда биылғы маусымдағы ел чемпионы «Тобыл» футбол клубын марапаттау рәсімі өтті. Жастар сарайындағы салтанатты рәсімге Қазақстан футбол одағы федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин арнайы келіп қатысты.
Өнер • 03 Қараша, 2021
Өнер мектебіндегі өнегелі шара
Амангелді ауданындағы Төкен Елтебаев атындағы музыка мектебінде Батпаққара өңіріне белгілі өнерпаз, ұлағатты ұстаз Сәндібек Әубәкірұлы атындағы баян сыныбы ашылды.