
Аймақтар • 02 Қараша, 2021
Тәуелсіздік, елімнің тұмарысың
Қостанайда «Тәуелсіздік, елімнің тұмарысың!» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Екі күн бойы елді елеңдетіп, Тобыл өңірі тұрғындарын тұмса өнердің тұнығына сусындатқан айтулы жыр сайысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналды.
Аймақтар • 29 Қазан, 2021
Қостанайда «Ыбырай оқулары» атты дәстүрлі байқау өтті. Биыл ұлы ағартушының 180 жылдығына орай облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен өңірлік білім жарысына 18-29 жас аралығындағы 40-қа жуық үміткер қатысты.
Коронавирус • 29 Қазан, 2021
Қостанай облысында жыл басынан бері 443 сәби коронавируспен ауырып шыққан. Қазір өңірде 8 бүлдіршін инфекциялық стационарда жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Анжела Бексұлтанованың айтуынша, бүгінде Қостанайдағы инфекциялық орталықта 50 шақты жүкті әйел емделуде. Олардың үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр.
Аймақтар • 29 Қазан, 2021
Қостанай автозауыты 150 мыңыншы автокөлігін шығарғанын мәлімдеді. Өндірістік желіден шыққан жап-жаңа 150 мың көліктің соңында орта табысты тұрғындардың қалтасы көтеретін әрі сапасы жағынан да елдің қолайына жағып, көпшілік көңілінен шыққан Chevrolet Nexia үлгісіндегі жеңіл автокөлік тұр. Бұл көлік Қазақстанның автомобиль нарығында кең сұранысқа ие әрі сатылым жағынан да өзге модельді көліктерден көш ілгері. Биыл үш тоқсанның қорытындысы бойынша, елімізде 9 мыңнан астам тұрғын Тобыл өңірінде құрастырылған Chevrolet Nexia көлігін сатып алған.
Аймақтар • 28 Қазан, 2021
Қарабалықтағы қарттар үйі жабылды
Қарабалықтағы қарттар үйі жұмысын тоқтатты. Көп жылдар бойы бұл мекемені кемтар жандар да паналап келген еді. 6 қазанда аталған мекеменің моншасынан өрт шығып, интернат ғимаратының шатыры жанып кеткен болатын.
Аймақтар • 27 Қазан, 2021
Диқандар қарызын өтей алмай отыр
Қостанай облыстық кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі биылғы құрғақшылықты табиғи төтенше жағдай деп танып, диқандардың «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» мен өзге де қаржы институттарының алдындағы міндеттемелерінің өтем мерзімін ұзартуды ұсынып отыр.
Медицина • 26 Қазан, 2021
Тобыл қаласындағы инфекциялық ауруханада 10 күн жатып, емдеу мекемесінде болып жатқан жағдайдың бәрін өз көзімен көріп шыққан Герхард Уманский бұрын өзі сезінбей жүрген көп нәрсеге көз жеткізгенін айтады. Әсіресе, оны дәрігер мамандардың жанкештілігі қайран қалдырыпты.
Аймақтар • 22 Қазан, 2021
Биыл Лисаков қаласын абаттандыру бойынша бірнеше жоба жүзеге асырылды. Оған мысал ретінде шағын шаһардың шырайын аша түскен Тәуелсіздік аллеясы мен теннис орталығының жанынан ашылған көше тренажерлерін айтсақ та жеткілікті. Бұл тренажерлермен мүмкіндігі шектеулі жандардың айналысуына да жағдай жасалған.
Аймақтар • 14 Қазан, 2021
Қостанай облысындағы Аманқарағай орманында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған Auliekol Jastar Fest ашық фестивалі өтті. Іс-шараны ұйымдастырған «Достық» балалар мәдени сауықтыру кешені қызметкерлерінің айтуынша, аталған фестиваль Әулиекөл өңірінде ішкі туризм мен бұқаралық спортты насихаттауды көздейді.
Аймақтар • 13 Қазан, 2021
Жергілікті өзен-көл өнімдерін консервілейді
Тобыл өңірінде жергілікті өзен-көлдерден ауланған балықтарды консервілейтін жаңа кәсіпорын жұмыс істей бастады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары іске қосылған Қостанай консерві зауытының жанынан ашылған шағын кәсіпорын алдағы уақытта балық паштеттерін шығаруды да көздеп отыр.