Аймақтар • 01 Маусым, 2022
Қостанайда Балалар жылы аясында мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған баскетбол лигасы аяқталды. Биыл қаңтар айының соңына таман басталған ауқымды спорт шарасына Қостанай және Рудный қалаларынан 60 мектеп командасының құрамындағы 500-ден астам жас спортшы қатысты.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2022
Қостанайдағы машина жасау зауытында Алаш көсемі Әлихан Бөкейханұлының мұрасын зерделеп, насихаттау мақсатында «Бөкейханұлы оқулары» атты іс-шара өтті. Жиынға тарихшы ғалымдар, қоғам белсенділері, мұғалімдер мен студенттер, сондай-ақ зауыт басшылары мен автокөлік құрастыру цехының мамандары қатысты.
Қазақстан • 30 Мамыр, 2022
Қостанай қаласына кіреберіс көпірге жақын орналасқан «Каньон» жазғы демалыс орнындағы көлдің табанынан мамонттың жартылай сынған жауырын сүйегі табылды. Жергілікті ғалымдар сүтқоректілердің жойылып кеткен түріне жататын жануардың сүйегі ғылыми маңызы бар аса құнды дүние екенін айтып отыр.
Экономика • 27 Мамыр, 2022
Оңтүстік Корея елшісі Қостанайға жұмыс сапарымен келді
Қостанайға Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг Сок жұмыс сапарымен келді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2022
Балғындарға арналған көркемсөз байқауы
Науырзым өңірінде Балалар жылына арналған «Сөз құдіреті» облыстық байқауы қорытындыланды. Көркем прозадан алынған үзіндіні мәнерлеп оқу бойынша өткен өнер сайысына 12-13 жас аралығындағы балалар қатысты.
Референдум • 27 Мамыр, 2022
Азаматтық ұстанымның айқын көрінісі
Референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының өкілдері Қостанайда көшпелі отырыс өткізіп, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының алдағы саяси науқанды ұйымдастыру жұмыстарының басы-қасында жүрген өңірлердегі қоғамдық штаб өкілдерімен, мәслихат депутаттарымен, саяси партиялардың облыстық филиалдарының өкілдерімен кездесті.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2022
Өңірлік баспасөздің өзекті мәселелері
Қостанайда Мұхаметжан Сералиннің 150 жылдығы мен облыстық «Қостанай таңы» газетінің 100 жылдығына арналған «Заманауи журналистика және PR-дың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай университеті ұйымдастырған ғылыми жиынға жергілікті зиялы қауым өкілдері, БАҚ саласының мамандары мен мектеп мұғалімдері, студент-магистранттар, сондай-ақ Өзбекстан және Тәжікстан ғалымдары қатысты.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2022
Балалар жылы аясында ұйымдастырылған облыстық байқауға декоративті-қолданбалы өнермен айналысып жүрген 11-17 жас аралығындағы алпысқа жуық оқушы қатысты. Көрмеге он саусағынан өнер тамған жас өскін дарындардың қолынан шыққан қолөнер туындылары қойылды.
Референдум • 24 Мамыр, 2022
Дайындық жұмыстары жүріп жатыр
Қостанай облысында 5 маусым күнгі республикалық референдумда 717 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады. Бұл учаскелердегі дауыс беру барысын бейпартиялық бақылау орталығының өкілдері қадағалап отырады.
Экология • 23 Мамыр, 2022
Қалдық өңдеуді өрістетуге не кедергі?
Қостанай облысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Одан кейін өңірлік коммуникация қызметі орталығына келіп, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. З.Жолдасов Қостанай облысының экологиялық жағдайы басқа өңірлермен салыстырғанда тұрақты екенін айтты. Алайда өңірде әлі де күн тәртібінен түсе қоймаған бірқатар күрмеулі мәселелер бар.