Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2022

Алаш ардақтыларының есімі берілді

484 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысындағы төрт білім ошағы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының, үшеуі ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның атымен аталмақ.

Алаш ардақтыларының есімі берілді

Абай атындағы мектеп­тер Қостанай, Жітіқара, Лиса­ков және Рудный қалала­рында орналасқан. Облыс орта­лы­ғын­дағы №29 мектепке, сон­дай-ақ Арқалықтың ірге­сін­дегі Родина ауылындағы білім ошағы мен Рудныйдағы Қашар жалпы білім беретін мектепке Әлихан Бөкейханның есі­мі берілді. Сонымен қа­тар Рудный қаласындағы екі бір­дей білім ұясы Алаш ардақ­тыларының есімдерімен аталатын болады. Кеншілер шаһа­рындағы №19 мектеп Ахмет Байтұрсынұлының, №15 мектеп Міржақып Дулатұлының атын иеленді.

Рудныйда осыдан 20-25 жыл бұрын жалғыз-ақ қазақ мек­тебі болатын.  «Отандастар қо­­рының» облыстағы өкілі Нә­­зира Жәрімбетованың айтуын­ша, шағын шаһардағы қазақ мектептерінің көбеюіне, қала­дағы білім ошақтарына Алаш ардақтылары есімдерінің бе­ріле бастауына осы өңірге ке­ліп жатқан қандастар көшінің ық­палы ерекше.

– Өзбекстаннан көшіп ке­ліп, Рудный қаласын құтты қо­ныс етіп отырған ағайынның саны 17 мыңды шамалап қалды. Кеншілер қаласының қа­за­қыланып, бұрын-соңды болмаған қазақ мектептерінің ашылуы, Рудный мен Қашарда ор­наласқан үш мектепке үш бірдей Алаш арысының есімдерінің берілуі соның же­місі. Бүгінде бұл мектептерге оқушы сыймай жатыр. Сон­дықтан қазақ мектептерін әлі де аша беру керек, – деді Н.Жә­рімбетова. 

Сонымен қатар Амангелді ауданына қарасты Қабырға ауы­лындағы Н.Крупская атын­дағы орта мектеп енді белгілі сатирик, журналист Жұ­матай Сабыржанұлының есі­мімен ата­латын болды. Ал Қа­расу ауда­­нындағы орта мектеп­ке ұлы ағартушы Ыбырай Ал­тын­сарин­нің есімі берілді.

 

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50