
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Науырзым қорығында жыл сайын сәуір айында «Жыл құсын» таңдау дәстүрге айналған. Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы мен құстарды қорғау одағының ұйтқы болуымен 15 жылдан бері үзілмей келе жатқан дәстүрлі шара барысында биылғы «Жыл құсы» таңдауы «Қызыл кітапқа» енген қызғылт бірқазанға түсіп отыр.
Технология • 09 Сәуір, 2021
«Ashyq» – уақыт талап еткен жоба
Сәуірдің соңына дейін еліміздің барлық өңірінде «Ashyq» мобильді қосымшасы қолданысқа енгізілуі тиіс. Жобаны жүзеге асыру арқылы Қостанай облысында карантин кезіндегі шектеулерден кейін жұмысын әлі дұрыс бастай алмай жатқан 200-ден астам кәсіпорынның өз қызметін қайта жандандыруына жол ашылып отыр.
Оқиға • 07 Сәуір, 2021
Башқұртстан астанасы Уфа қаласында өткен «Зов Урала» атты оркестрлер және ұлт аспаптар ансамбльдерінің халықаралық байқау-фестивалінде Қостанай облысы Алтынсарин ауданының «Мұрагер» қазақ ұлт аспаптар ансамблі топ жарды.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2021
Қостанайлық құтқарушылар вакцина салдырды
Қостанай облысында төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері коронавирусқа қарсы екпе ала бастады.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2021
Ел тірегі – Елбасы акциясы қолдау тапты
ERG компаниясы Еуразиялық Топ құрамындағы кәсіпорындар орналасқан Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе облыстары мен Шымкент қаласындағы әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға 11 000 азық-түлік себетін жеткізбек.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2021
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының болжамынша, күн райы күрт жылып кетсе, қар көбесі сөгіле қоймаған Қостанай өңіріндегі 95 елді мекенді тасқын су басып қалуы мүмкін.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2021
Қостанайда көпқабатты үйден өрт шықты
Қостанайдағы Абай даңғылының бойында орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шықаны туралы суыт хабар қалалық өрт сөндіру қызметіне 2 сәуір күні таңғы сағат 4:42-де келіп түскен. Дереу дабыл соғылып, 6 арнайы техникаға мінгескен 27 құтқарушы оқиға орнына аттанады, деп хабарлайды Egemen.kz
Өнер • 02 Сәуір, 2021
Қостанайда күйші Назымбек Молдахметовты еске алу кеші өтті
Қостанайда облыстық қазақ ұлттық оркестрінің негізін қалаған Еңбек сіңірген қайраткері, шебер күйші, кәсіби дирижер Назымбек Молдахметовті еске алуға арналған «Домбырамның назы» атты кеш өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 02 Сәуір, 2021
Төл өнерді төрге оздырған Тәуелсіздік
Тәуелсіздік Тобыл өңірінде төл мәдениетіміздің тоқсан тараулы тамырына ыстық қан жүгіртіп, елдің ұлттық өнеріміздің қайнар тұнығынан еркін сусындауына қайта жол ашты. Талай аумалы-төкпелі кезеңді бастан өткерген тағдырлы топырақтың талай тума таланттары қазақ мәдениеті мен руханиятынан ойып орын алғанымен, түрлі тарихи себептер өңірде ұлттық өнердің өркен жаюына мүмкіндік бермеді.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2021
Бағдарлама қоғамдық кеңес бақылауында
«Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Күзенбаев партияның «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын толық әрі сапалы іске асыруды бақылайтын қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Басқосуда филиал төрағасы орынбасарының баяндамасы тыңдалып, бағдарламаның өңірде жүзеге асырылу барысы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.