Қасымхан ҒАЛЫМ
Қасымхан ҒАЛЫМ«Egemen Qazaqstan»
184 материал табылды

Фармацевтика • 16 Қазан, 2024

Әлемдік фитохимия: Арқа жусаны

«Дәрілік заттар химиясы» халықаралық қоғамы Қарағандыға қоныс аударады. Себебі Италияда өткен ғылыми конференцияда ұйым­ның президенті болып академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Фитохимия» ғылы­ми-өндірістік орталығының бас директоры Серғазы Әдекенов сайланды. Мұның игілігі көп. Бас­тысы, отандық дәрі өндірісінің әлеуеті артады.

Шаруашылық • 03 Қазан, 2024

Тиімді келісім табысқа бастайды

Әлемдік бренд қалып­тас­тырған «PepsiСo» ком­паниясы алдағы екі жыл­да Алматы облысында әйгілі «Lay’s» чипсілерін шы­ғаратын зауытты іске қосуды ойластырып отыр. Жаңа зауыт өзіне керек шикізатты шетелден тасымалдамайды. Құнары бар жергілікті өнімге көзі түсіп, еліміздің бірнеше шаруа қожалығымен ын­тымақтастықты жедел бастап кеткен. Келісімге келгендердің бірі Осакаров ауданы Ақпан ауылындағы шаруасы шалқыған «Найдоровское» ЖШС чипс сұрыпты картопты би­ыл алғаш рет өсірді.

Шаруашылық • 26 Қыркүйек, 2024

Қамбаға астық толады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен биыл елімізде егіс және егін жинау жұмыстарына 580 млрд теңге көлемінде рекордтық қаржы бөлінді. Бұған қоса ауыл шаруашылығы техникасын лизингке сатып алуға бағытталған сома да бес есе ұлғайтылды. Біздің аймақтың егіс алқабындағы жұмыстар да бірер күнде саябырсығалы тұр.

Аймақтар • 15 Тамыз, 2024

Өндірісті өңірдің оң істері

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды об­лысына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Президент Теміртау қаласындағы «Qarmet» металлургиялық комбинатын аралап көріп, №3 домна пешінің жұмысы­мен танысты. Мұнда жылына 3,8 миллион тонна шойын өндіріледі.

Қоғам • 07 Тамыз, 2024

Күре жол күрсіндіріп тұр...

Қарағанды – Балқаш күре жолы күрсіндіріп тұр. Биыл бұл бағыттағы жол апатының көрсеткішінен жанымыз түршігеді. Жолдың ел аузындағы екінші атауы «Ажал тасжолы». Айдың-күннің аманында қаншама адам апаттан ажал құшып жатыр? Өте өкінішті…

Өндіріс • 27 Сәуір, 2024

Машина жасау зауыты сан түрлі өнім шығарады

Еліміздегі экономиканың ең негізгі тірегі болатын отандық өндіріске көп көңіл бөлініп жүр. Әсіре­се мұндай қолдау сезін­ген машина жасаушылар өз өнімдерін шетелге де экспорттай бастады. Отандық машина жа­сау­шылар ортасынан ойып тұрып орын алған «Қазақ­мыс» корпорациясы құрамындағы «Maker» ЖШС-KLMZ тауары «Қарағандыда жасалған» деген таңбамен тарап жатыр.

Шаруашылық • 05 Сәуір, 2024

Қырдағы науқанға қамданыс

Өткен жылға шаруалардың өкпесі бар. Жылда қам­ба­ларын астыққа толтыратын оларға былтыр кедергі көп болды. Жауын-шашын мөлшерден көп жауды. Егінді киік таптады. Жердің тозғанына және қа­палы. Несін жасырамыз, көп шаруа көлденең шығынға ұшырады.

Байқау • 03 Сәуір, 2024

Жас технологтер табысы

Қарағанды қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде «RoboLand – 2024» IX Халықаралық роботтехника, бағ­дар­ламалау және инновациялық технологиялардың фестивалі өтті. Бұл жолғы өңірімізде өтіп жатқан өнертапқыштар сайысында Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елі­нің өрендері бақ сынасты.

Төтенше жағдай • 02 Сәуір, 2024

Жолды су шайып кетті

Қарағанды аймағына да қарғын судан қауіп төніп тұр. Еріген қар суының кесірінен бірнеше бағыттағы жол жабылғанына үш-төрт күн болды. Бірнеше ауылға су барды. Жергілікті атқарушы орган, төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері күні-түні қам-қарекет жасап жатыр.

Айтыс • 20 Наурыз, 2024

Дәстүрге айналған жыр жәрмеңкесі

Өткен демалыс күні Арқаның жас айтыскер ақындары С.Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театрын дүбірге бөледі. «Армысың, әз Наурыз» атты облыстық жас ақындар айтысында өрен жүйріктер ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы мен Қарағанды қаласының 90 жылдығын жырларына қосты.

Яндекс.Метрика