Қасымхан ҒАЛЫМ
Қасымхан ҒАЛЫМ«Egemen Qazaqstan»
185 материал табылды

Денсаулық • 10 Қаңтар, 2024

Тұмау өршіп тұр

Тұмаумен ауырғандардың көптігі соншалық, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда екі есе артық екен. Өткен жылдың қазан айынан бастап 28 мыңға жуық облыс тұрғыны жіті респираторлық вирустық инфекциямен ауырған. Оның жартысынан астамы – балалар.

Өнер • 09 Қаңтар, 2024

Оркестр Испанияны ұйытты

Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрі Испанияда гастрольдік сапармен жүр.

Мәселе • 08 Қаңтар, 2024

«Қорғансыздың күнін» кешкен Бектауата

Бектауатаның берекесін қашырғалы қашан? Осыдан үш-төрт жыл бұрын «Қарағанды – Балқаш» күрежолының құрылысына таудың тасын тасып, жұрттың ашуына бір тиген еді. Енді сол тауды тегістейміз деген ниетпен жарылыс жасап, ел ашуына екі тиіп отыр.

Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2023

Сайланған әкім: Сенім үдесі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің сайлау жүйесін жетілдіруге ерекше ден қойды. Осы саяси реформа аясында биыл Қарағанды облысында екі аудан, бір қалада сайланған жаңа әкімдер жауапты қызметіне кірісті. Алаш арыстарының алтын бесігі Ақтоғай өңіріне іссапарменен жол түсіп, мұндағы халық таңдауы түскен әкім Руслан Кенжебековпен жолығып, сайлауалды бағдарламасындағы ауданның экономикалық әлеуеті жөнінде әңгіме өрбіткенбіз.

Қоғам • 24 Желтоқсан, 2023

«Qarmet» көлік сыйлады

«Qarmet» кәсіпорны құқық қорғау органы мен медицина қызметкерлеріне арнайы көліктердің кілтін табыстады. Жаңа көлік кілттері облыс орталығымен қоса қанаттас Теміртау, Саран, Шахтинск, Абай, қала­ла­рына берілді.

Еңбек • 12 Желтоқсан, 2023

Жаңа мамандықты меңгереді

Қысқамерзімді кәсіптік оқыту арқылы мамандықты ауыстыруға болады. Қарағанды облысында 571 адам кәсіптік білім алуға жіберілген. Оның көпшілігі жаңа мамандықтың қыр-сырын меңгеріп, жұмысқа да орналасқан.

Тағзым • 07 Желтоқсан, 2023

Заңгерге арналған турнир

Жақында елге есімі белгілі, заң саласының белді өкілі Балапан Әбеновті еске алуға арналған шағын футбол турнирі Кеншілер астанасына алыс-жақыннан доп додасының өрен жүйріктерін жинады. Бұл жолы республикалық доп додасы 2010-2011 жылы туған жеткіншектер арасында ұйымдастырылды. Турнирдің ашылу рәсіміне Балапан Әбеновтің достары мен туыс­тары, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Еңбек • 29 Қараша, 2023

Ерекше жандардың еңбегі

«Күміс жас», «Алғашқы жұмыс орны», «Әлеуметтік жұмыс орындары» «Жастар тәжірибесі», «Ұрпақтар сабақтастығы» секілді бағдарламалар жұмысмен қамту жұмыстарына серпін беріп жатыр. Бұған қоса 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба да – жұмыссыздықты жоюға күш.

Еңбек • 27 Қараша, 2023

Іс бастағанға – ілкімді қолдау

Қарағанды облысында биыл 14 мыңнан аса жас жұмыспен қамтылды. Бұған қоса бизнесті дамыту аясында биыл 180-ге жуық грант беріледі. Мемлекеттің қолдауын сезінген жас кәсіпкерлер жобаларын жемісті жүзеге асырып жатыр. Мәселен, Қарағанды қаласында виртуалды курс ашылды. Ол жерде оқушылар физика, химия, анатомия, биология және басқа да пәндер бойынша қосымша білімін жетілдіреді. Сондай-ақ дастарқан, майлық, сүлгі, халат тігетін цех та өз өнімдерін нарыққа шығарып отыр.

Жұмыс • 24 Қараша, 2023

Малшы табу – машақат

Бақташы табу фермерлердің бас ауруына айналғалы қашан? Рас, мұның ең бір себебі – атакәсіптің кейінгі кезде абырой-беделі түсіп кеткендігінен. Еңбекақының аздығы да аталған мәселені ушықтырып тұр.

Яндекс.Метрика