
Мәдениет • 05 Қыркүйек, 2023
Жер жәннаты Жетісуда детектив жанрының шебері, жазушы, журналист, майдангер Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойы өтті. Қасиетті Қаратал өңірінде ірге жайған ұлан-асыр тойға халық көп жиналды. Қазақ күресі, ұлттық ойындар жұртшылықты серпілтті. Әсіресе аламан бәйге ағайынның рухын бір көтерді. Іс-шараны ұйымдастырған – Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қоры.
Спорт • 04 Қыркүйек, 2023
Тауға шығудың да мәдениеті бар. Қазір өңірде туризмге барынша көңіл бөлініп келеді. Осы ретте Бұрқанбұлаққа бауыр басып, Шаған шыңына шығуға асыққан жастардың саны арта түсті. Олардан үлкендер де қалысар емес. Күні кеше Көксу ауданына қарасты Ақтекше ауылында «Адалдық шыңында бол!» ұранымен республикалық «Шаған тау – 2023» марафоны өтті.
Өнім • 01 Қыркүйек, 2023
Жетісу: жабайы сауданың «жәрмеңкесі»
Талдықорғандағы орталық көшелерде заңсыз саудамен айналысушылар азаяр емес. Бүгінде қала басшысы Ернат Бәзіл сол жабайы сауда жасайтындармен алысып жүр. Жолды бөгеп, кептеліс жасаған ағайынның айтар уәжі – бала-шағаның қамы. Ал әкімдік заңға сүйеніп, шаһардың сәнін бұзуға болмайтынын ескертеді. Тіпті сатушыларға жаңадан жұмыс орнын тауып беруге пейілді.
Үкімет • 30 Тамыз, 2023
Өңірлердің дамуы – басты назарда
Жетісу туризм саласына ерекше ден қойып отыр. Әйтсе де, қасиетті Алакөл көлінің іргесіндегі Ақши ауылында электр желілері ескірген. Ол ол ма, Лепсі-Балқаш автожолы 5 жылдан бері аяқталмай келеді. Мұның бәрі өңір экономикасына үлкен соққы. Бұл мәселелер Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен өткен өңірдегі барлық деңгейдегі депутаттар және қоғам өкілдерімен кездесуде көтерілді.
Отбасы • 29 Тамыз, 2023
Отбасындағы құндылықтарды жаңғыртуға, ерлі-зайыптылардың өнегелі өмірін насихаттауға, шығармашылығын шыңдауға бағытталған «Мерейлі отбасы» байқауы биыл да өз жалғасын тапты. Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайында өткен мерекелік жиында бірқатар отбасының мерейі өсті.
Ауыл • 24 Тамыз, 2023
Жетісу жеріндегі табиғи апат елді елең қылып қойды. Қарапайым тұрғындар күз жақындағанда баспанасынан айырылып, әлем-жәлем күйге түсті. Дегенмен облыс әкімдігі халықтың тілегін қалыс қалдырмаймыз деп отыр.
Шаруашылық • 24 Тамыз, 2023
Егін бітік шықса, елдің де, егіншінің де көңілі тыныш. Қазір орағын қолға алған диқандар әбігерге түсіп жатыр. Бидайын жинап, арпасын орып, қамбасын толтыруға кірісті. Биыл күн райы құбылып, ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізді. Дегенмен сала мамандары жылдағы нәтижеден кем түспейміз деп отыр.
Балалар • 22 Тамыз, 2023
Мақаланың маңдайындағыдай – әңгіме Алексей Лех туралы. Дәл қазір Алексей басқа «Алексейлерден» бәсі биік болып тұр. Иә, мәселе – оның сөзінде. Ол неге таза қазақша сөйлейді? Не себепті қазақ мектебіне барады? Мемлекеттік тілді білмегендерді мәңгүрт санайды. Оқушыға бұл сындарлы ой қайдан келді, мақсаты не? Біз бүгін соны айтамыз.
Медицина • 22 Тамыз, 2023
Қазір ел медицинасы қалт-құлт етіп тұр. Қалталылар шетел асып емделсе, қарапайым жұрт көрші елдерден шипа іздеп жүр. Өңір-өңірде білікті дәрігердің жетіспейтіні – ащы шындық. Мәселен, Жетісуда 365 дәрігердің штаты бос тұр, одан бөлек, 226 орта медицина қызметкері ауадай қажет. Талдықорғанның өзінде 100-ге жуық маманның орны бос тұр.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2023
Ақ кимешегімен алыстан Алатаудай көрінетін ақ жаулықты әжелерімізде кешегі ата-бабаларымыздан қалған сарқыт бар. Ол ұлттың салт-дәстүріне тамызық болар тәлімге толы. Мұны Жетісу төрінде өткен «Әжелер әлемі» байқауында байқадық.