
Театр • 28 Қараша, 2023
Биапа театры – түрікмен төрінде
Өңірлік театрлардың ішінде көзге түсіп жүрген Б.Римова атындағы Талдықорған театры – көрерменнің көңілін таба білген өнер ұжымы. Театр жаңа премьералармен қуантып жатыр. Жақында Түрікменстанда өткен халықаралық байқаудан да жүлделі оралды.
Зерде • 27 Қараша, 2023
Дала қазағының өмірін бояумен әрле десе, Қастеевтің картинасына үңілетініміз хақ. Ол ғажайып суретші ғана емес, құс қанаты талатын байтақ даламыздың қоңыр түсі. Бала күнінен табиғатқа ғашық болды, бізді де ғашық етті. Туған топырағынан өнерге деген сүйіспеншілікті алып, әлемге таратты. Айналасына бала жүрекпен қарады. Осылайша, таңданыс пен қуаныш сезімі картинасының әрбір бөлшегінде шуақ шашып тұрды.
Еңбек • 27 Қараша, 2023
Әсілі, біз еңбек адамы дегенде егін басында жүрген, қолында кетпені мен күрегі бар ауыл тұрғынын елестететін секілдіміз. Болмаса малдың соңында жүрген, ауыр жұмыстан қажыған жанды нұсқауға оқталамыз. Жоқ, тіршілік бәріне ортақ, демек еңбектің үлкен-кішісі жоқ. Біз бүгін осы ретте еңбекке әуес талай жастың санасына сәуле құйып, жол көрсеткен Көксу ауданының құрметті азаматы Дәлелхан Жаныш туралы сөз қаузамақпыз.
Қоғам • 27 Қараша, 2023
Біз әсілі еңбек адамы дегенде егін басында жүрген, қолында кетпені мен күрегі бар ауыл тұрғынын елестетін секілдіміз. Болмаса малдың соңында жүрген, ауыр жұмыстан қажыған жанды нұсқауға оқталамыз. Жоқ, тіршілік бәріне ортақ, демек еңбектің үлкен-кішісі жоқ. Біз бүгін осы ретте еңбекке әуес талай жастың санасына сәуле құйып, жол көрсеткен Көксу ауданының құрметті азаматы Дәлелхан Жаныш жайлы сөз қаузамақпыз.
Қоғам • 27 Қараша, 2023
Мемлекет басшысының тапсырмасына сай әр өңір креативті индустрия бағытын дамытуға тиісті. Бұл – заман талабы. Тіпті, білім саласына да ілгері қағидаттар қажет. Яки, заманауи жастардың тілін жаңашыл ұстаз ғана таппақ. Осы орайда Сарқан ауданына қарасты №1 мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі Іңкәр Рахманованың оқыту әдісі көпті таңғалдырып отыр. Жан-жақты маманның жасампаз тәсілдері мен экспериментке бейім болмысы оқушыларға үлкен жігер сыйлауда.
Аймақтар • 26 Қараша, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда мектепке дейінгі тәрбие жұмысына мән беріп, балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін толыққанды шешуді тапсырған еді. Бүгінде аталған тапсырма аясында Жетісуда жүйелі жұмыстар жүріп жатыр. Мәселен, жуырда облыс орталығында №6 балабақша іске қосылды. Артынша Сарқан ауданында мектеп ашылып, балдырғандар мәре-сәре болды.
Маман • 23 Қараша, 2023
Жетісуда білім саласын жүйелеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазір өңір кәсіпорындарының нақты тапсырыстары бойынша 13 колледжде 501 адам білім алады. Олар оқуларын аяқтаған соң, тапсырыс берген кәсіпорындарға жұмысқа орналасады. Осыған байланысты колледж, студент және өңірдің 45 кәсіпорны арасында үш жақты келісімшарт жасалды.
Аймақтар • 23 Қараша, 2023
«Ақсу қант» ЖШС ұзақ уақыт кідірістен кейін қайта жұмысын бастады. Өңірдегі ірі өндіріс орны маңайдағы шаруалардың өнімін қабылдап, қант шығарудың қамына кірісті. Енді тәттіні қамыстан ғана емес, қызылшадан да өңдейді. Қазір зауыттың кем-кетігі қалпына келтіріліп, байырғыдай қауырт жұмыстың қамына кіріскен. Биыл Көксу қант зауытынан кем нәтиже көрсетпейміз деп отыр.
Аймақтар • 22 Қараша, 2023
Бүгінде отбасын сақтап қалу өзекті мәселеге айналды. Шаңырағы шайқалған жастардың арасына береке құяр, ақылын айтар орталықтар ауадай қажет. Осы ретте Сарқан қаласында «Жанұя» отбасын қолдау орталығы ашылды. Аталған нысан жас отбасының ішкі түйткілдерін шешуге жәрдемдеседі.
Қоғам • 21 Қараша, 2023
Белгілі қаламгер, Халық жазушысы Бексұлтан Нұржекеевке «Жетісу облысының Құрметті азаматы» атағы берілді. Құрметті марапатты Талдықорған төрінде өңір басшысы Бейбіт Исабаев тапсырды.