Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1139 материал табылды

Кино • 12 Наурыз, 2023

Парсы сабағы

Бір адамның мүддесі бүтін ұлттың басына қара бұлт үйіруі мүмкін. Қазіргі майданның келбеті сондай. Уағында Гитлерге ерген немістер бармағын шайнаған. Сол соғыстың сорын біз де жұтқанбыз, есіңізде болса? Аналарымыз жастай жесір қалды, аталарымыз ерте есейді. Ал біз бүгін отыз бестің өзін жас көреміз. Айтпақшы, ұлы істер қанша жастан басталады? Парсы сабағы сізге де сабақ болсын, оқып шығыңыз...

Ғылым • 07 Наурыз, 2023

Өнертапқыш өрендер

Түркиядағы ғасырлық апат Алматының уайы­мын еселеді. Қашанда сейс­­микалық белсен­ділігі жо­ғары қалалардан қауіп көп. Зәулім ғимараттар қирап қана қоймай, тұрғын­дар­ды басып қалуы мүмкін. Құт­қарушылар келгенімен, үйін­ді астынан бәрін аман алып қалу өте қиын. Осы ретте жас ғалымдар «Saver» роботын ой­лап тапты. Бұл – қиранды ас­тын­­дағы адам­дарға араша болар ал­ғаш­­қы көмек.

Халық • 07 Наурыз, 2023

Тұрғын үйге кезек көп

Баспанамен қамту – қашанда өзекті мәселе. Жетісуда кезекте тұрған халықтың қарасы көп. Мәселен, іргедегі Ескелді ауданында 1 300-ден аса адам пәтерін күтіп отыр. Жақында Қарабұлақ ауылында 60 пәтерлік көпқабатты үй пайдалануға берілмек. Бірақ бұл мәселені толықтай шеше алмасы анық. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев өңір тұрғындарымен кездескенде осы түйткілге ерекше тоқталды.

Кино • 05 Наурыз, 2023

Мимино

Кеңес кино өнерінің тірі мүсініне айналған Вахтанг Кикабидзе дүниеден озды. «Мимино» кинокартинасы арқылы миллиондаған көрерменнің көңілін жаулаған өнер майталманы ғұмырының соңында қазақ киноәлеміне де өзінің қолтаңбасын қалдырып кетті. Аңыз тұлғаның сахнадағы келбеті көркем де кіршіксіз еді. Енді, «Чито-гврито» әнін кім айтады екен?

Дәстүр • 05 Наурыз, 2023

Қырағы құсбегілер

Құсбегілік – ұлтымыздың қанына сіңген ұлы дәстүр. Көшпенділердің өміріне тағантас болған берік өнер. Содан да болар тәлім-тәрбиесі атадан балаға қастерлі қалпымен жарасымды жалғасып та келеді. Оған дәлел, Жетісуда өткен республикалық саятшылар жарысы. Аушы құсты қолға ұстап қырағылық көрсеткен бүркітшілер бәсекесі елді сүйіндірді.

Білім • 27 Ақпан, 2023

Дохадағы кездесу

Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мек­тебінің оқушылары Қатар мемлекетінде өткен «Біріккен Ұлттар Ұйымының үлгісі» жастар конференциясына қа­тыс­ты. Мұнда әлемдегі мәдени һәм экономикалық өз­герістерге қазақ балалары өз ойларын қосып, өзара пікір алмасты.

Үкімет • 27 Ақпан, 2023

Үкімет көмекті үзбейді

Жетісуға жұмыс сапарымен Премьер-министр Әлихан Смайылов келді. Үкімет басшысы өңірдің көлік-логистикалық және агроөнеркәсіптік әлеуетін дамыту барысымен танысып, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылады.

Қылмыс • 24 Ақпан, 2023

Айлакерлер апаны аңқауларды тартады

Қоғамның қазір интернетсіз күні қараң. Ал интернеттің игілігі де бар, зияны да бар. Әйтсе де аңқау қазақтың аяғына тұсау болып тұрғаны рас. Мысалы, биылдың өзінде ел көлемінде 1617 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Мұның 33-і Жетісуға тиесілі екен.

Өнер • 24 Ақпан, 2023

Богемалық рапсодия

Біздің Димаш ән айтқанда жаныңыз масайрайды. О, сол дария дауыстың демінен тау дірілдердей, жер теңселердей… Құдайды еске салады. Сенесіз бе, біз бүгінгі өнерге соның биігімен көз тас­тайтын болдық. Енді үнемі солай бола бермек.

Аймақтар • 23 Ақпан, 2023

Балық өнімдерінің бәсі биік

«Балық жегің келсе, балағыңды түр» дейді бабаларымыз. Бұл ретте жеті өзенді бауырына басқан Жетісу жұртының бәсі биік. Әсіресе Алакөлдегі ағайынның ұпайы түгел. Неге десеңіз, өңірдегі «Болашақ бастау» ЖШС-ның балық өңдеу зауыты сұранысқа сай жаңа өнімдерді шығара бастады. Ең маңыздысы, бұл базарлықтар балаларға арналған.