
Аймақтар • 22 Ақпан, 2023
Әкім қонған ақбоз үй енді балаларды оңалту орталығына айналады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердегі Президент резиденцияларын балалардың қажеттілігіне беруді тапсырғаны белгілі. Осыған орай облыс әкімдігі Алакөл аудандық әкімдігінің Ақши ауылындағы резиденциясы балаларды оңалту орталығының балансына берілетінін жеткізді.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2023
«Jetisy green»: Көк шөптен де көп пайда бар
Қысы-жазы жайқалып тұратын бақ немесе тропикалық джунгли. Талдықорғандағы жылыжайды дәл осылай атауға болады. Таңғажайып өсімдіктер әлемін өз көзімен көруге ықыласы ауғандар қатары күн санап артып келеді. Хоббиін бизнеске айналдыра білген кәсіпкер Аяулым Қуанғалиева жетісулық тұтынушылардың тілегін орындап отыр.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2023
Аукционның әуресі немесе балықшылар неге браконьерге айналды?
Кезінде Көпбірлік ауылы қандай еді? Шіркін, «балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған» өрісті өлке-тұғын. Озат балықшылардың отаны саналып, 9 бригадасы мен 18 моторлы қайығы бар ел көлеміндегі ең бір құтты елді мекен саналған. Ал қазір ше? Балықшысы браконьер атанып, аңшысы жалшы болып, баласы қала кезіп жүр.
Өнер • 21 Ақпан, 2023
Ғашық адамның көзі алдай алмайды. Бәрібір жан құпияңызды қарашығыңыз әшкерелеп қояды. Қарамаңыз, қарасаңыз қақпанға түстім дей беріңіз... Әрі қарай теңіз бетіндегі желкенсіз қайықтай тағдыр желі қайда айдаса, солай алып ұшасыз. Соңыңыздан үмітсіздігіңіз, өбектеген өкінішіңіз, сыпайы сәтсіздігіңіз қоса ілеседі. Дәл біз мысалға алған әндегідей…
Қоғам • 20 Ақпан, 2023
Күллі әлемге танымал WorldSkills қозғалысы Қазақстанда қарқынды дамып келеді. Жақында жетісулық 3 колледждің базасында WorldSkills стандарттарын енгізу бағытында 6 құзыреттілік орталық құрылды. Мұндай жаңаша оқу үдерісі заманауи жабдықтарды пайдалана отырып, болашақ мамандардың біліктілігін арттыруға көмектеседі.
Үкімет • 19 Ақпан, 2023
Өндірістегі жетістіктер сараланды
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Жетісу облысында бірқатар ірі өндіріс орнының жұмысымен танысты.
Төтенше жағдай • 17 Ақпан, 2023
Бұрын қазақ наурыздағы үлкен мерекелерге ерте бастан қамдана бастайтын, ал бүгін топан судың астында қалмаудың амалын іздейді. Тойдан бұрын, тасқынға тосқауыл болар қарекет керек-ақ. Ерте жауған жаңбыр елді әбігерге салғаны аян. Сондықтан сақтанбаса болмайды. Жетісуда да биыл ауа райы жылдағыдай емес.
Маман • 16 Ақпан, 2023
Мәнін ұққан адамға мемлекеттік гранттың пайдасы көл-көсір. Оны айтып та, жазып та жүрміз. Мәселен, Жетісуда 750-ге жуық адам кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның қызығын көріп отыр. Олар кәсіптің көзін тауып, өзін ғана емес, өзгені де жарылқап жүр.
Үміт • 14 Ақпан, 2023
Әлемге әйгілі Google компаниясында жұмыс істеу әрбір IT-маман үшін үлкен мәртебе. Дегенмен ол биікті бағындырған қазақ балалары жетерлік. Соның бірі – Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Ернияз Нұрғабылов. Жақында жас білімпаз оқушылармен кездесіп, ой бөлісті.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2023
Бүгінде елімізде электр қуатының тапшылығы білінбейді. Сонда жел электр стансасы несімен құнды деген сауал өз-өзінен туындайды емес пе? Бұл тараптағы тамаша табыс – табиғи қуат көзін пайдалану. Осы ретте Жетісуда қуаты 50 МВт «Абай-2» жел электр стансасы іске қосылды.