Өнер • 27 Қазан, 2021
Сіз күлесіз-ау қазір, кеңестік кезеңде үйлену тойына арналған хит әндер тым аз болған. Іздей қалсаңыз, ойыңызға бір-екеуі ғана оралады. Біз білетін ең сұлу әуен Дос-Мұқасанның «Той жыры» туындысы. Тіпті, күні бүгінге дейін түр-өңі кеткен жоқ, екі жастың мәңгілік махаббатының мұнарасындай көрінеді. Сосын баяғы Мүслім Магомаевтың орындауындағы «Үйлену тойы» әні еске түседі. Асқақ шығарманы сезім құдіреті әлі де әлдилеп тұрғандай. Бүгінгі әңгіме сол жайында.
Оқиға • 26 Қазан, 2021
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Мәдениет және спорт министрлігінің мұрындық болуымен «Қазақстан жастарының конвенті» ұйымы жас ақын-жазушыларды қолдау мақсатында әдебиет курстарын өткізуде.
Тәуелсіздік • 26 Қазан, 2021
«ҚазАқпарат» ХАА» АҚ ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап «Тәуелсіздік туралы 100 әңгіме» электронды кітабын дайындап, шығарды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шыққан кітаптың электронды нұсқасы қалың оқырманға қолжетімді.
Өнер • 26 Қазан, 2021
Альберт Эйнштейннің жаңалығында ешқандай формула жоқ, логиканың қисыны ғана бар. Сол арқылы шығарған есебі бүкіл әлемнің кіндігіне айналды емес пе? Ендеше Евклидтің геометрия туралы түсінігі де, Птоломейдің астрономиялық трактаттары да қисыннан туған құбылыстар ғана. Бұл қатарға Пикассоның буырқанған бояуларын да қосып қойыңыз. Демек, олар уақыт шеңберінен шыққан көркем голограммалар. Иә, голограммалар десе ойыңызға жұлдызды сәулелердің жиынтығы не болмаса көз суырар ғажайып ғимараттар келетіні анық. Ал біздің санамызға белгілі суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанұзақ Мүсәпірдің картиналары оралады.
Руханият • 20 Қазан, 2021
Адамзаттың алыбы кім десе, қазақ ойланбай «Абай» дейтіні анық. Өйткені оның шөлін басқан кәусар бұлағы, тынысын ашқан жұпар ауасы, жылынар жалын оты, тура жолды көрсететін бағдаршамы, бой түзер құбыланамасы – сол алып ақын. Даналықтың дариясына бір шомылып шықсаңыз, сіздің ғұмырыңызға татитын игілік өзі-ақ іздеп келеді. Суретші Қуаныш Есіркеевтің «Абай» картинасы осыны меңзеп тұрғандай.
Спорт • 12 Қазан, 2021
Республикалық «Ұлы дала рухы» ұлттық спорт фестивалі мәреге жетті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған жарыстың шешуші кезеңі елордада өтті.
Өнер • 12 Қазан, 2021
Құдды, анасы сатып берген альбомға бала салған болмашы суреттей қызыл да жасыл бояулар болғандықтан, еркеліктің белгісі іспетті елестейді. Ойыншықтай ойнақшып тұрған картинадағы бурыл ат неміс суретшісінің немкетті әрекетіндей көзге қораш көрінуі де мүмкін. Алайда маңыз басқада. Бұл – жеке қолтаңба. Кубистік бейнемен үйлескен жарқын палитра, түстердің өткір һәм қою жағылуы және апокалиптикалық көңіл күй тудыру Франц Маркке ғана тән құбылыс.
Өнер • 11 Қазан, 2021
«Қазақстан» орталық концерт залында «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының алтыншы маусымы қорытындыланды. Байқауды Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен өткізді. Финалдық концерттік бағдарламалар аясында 14 облыстан және Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан келген 17 үміткер өз өнерлерін үлкен сахнада паш етті.
Өнер • 11 Қазан, 2021
Бүгінде дәстүрлі түрде өтетін «Junior Eurovision-2021» халықаралық байқауына ұлттық іріктеу аяқталды. Оза шапқан өрендерді атын білгіңіз келсе, дауыс беріп, қолдауыңыз шарт.
Спорт • 08 Қазан, 2021
Ұлттық спорт ұлтты біріктіреді
Елордада Ұлттық спорт түрлерінен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында республикалық «Ұлы дала рухы» фестивалі өтуде. Төл спортымыздың көкпар, бәйге, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату сынды түрінен өтетін жарыс командалық тәртіппен жүргізіліп жатыр.