Өнер • 12 Қазан, 2021

Қою түстер құпиясы

674 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Құдды, анасы сатып берген альбомға бала салған болмашы суреттей қызыл да жасыл бояулар болғандықтан, еркеліктің белгісі іспетті елестейді. Ойыншықтай ойнақ­шып тұрған картинадағы бурыл ат неміс суретшісінің немкетті әрекетіндей көзге қораш көрінуі де мүмкін. Алайда маңыз басқада. Бұл – жеке қолтаңба. Кубистік бейнемен үйлескен жарқын палитра, түстердің өткір һәм қою жағылуы және апокалиптикалық көңіл күй тудыру Франц Маркке ғана тән құбылыс.

Қою түстер құпиясы

Өзгеден оқшау тұру­ды о баста-ақ ойлаған экспрес­сионизмнің көрнекті өкілі, неміс суретшісі Франц Марк­тің әрбір кейіпкеріне ерек­ше жаратылыс ретінде қарай­тынына қайран қаласыз. Мейлі, ол жан-жануар болсын, қанаты сынған құс болсын, не болмаса көше сыпырушысы, жолынан адасқан жолаушы ма дерсіз, бәрібір, шебер қалың бояумен қалтқысыз орындап шығады.

Мұны «Көк ат» картина­сынан-ақ байқауымызға бола­тындай. Шебердің басқа туын­­дыларына қарағанда кө­ңілге ыстық, оқырманға танымал шығармасы. Оның басты ар­тықшылығы – тартымдылығы мен сүйкімділігі. Мұны өнер сыншылары да құптайды. Осы тұста тағы бір қоса кететін тол­ғам бар. Картинаның жас таң­дамайтыны. Тіпті мектеп оқу­шысының да қызығушылығын тудырады.

Қараңызшы, жылқының шалт қимылы, басын бұлғаң­датуы, денесі сәл сынған пі­шінде жазылуы суретшіге тән кейіп. Ол төс сүйегін ақ түспен әрлесе, аяғы мен тұя­ғын көк реңкке толтырған. Бұл контрастың нәтижесінде жылқы ертегі кейіпкеріне ұқ­сайды. Кенептегі бір-біріне қарама-қарсы түстер жалпы фонды берік сақтап тұр. Арғы кеңістік пен бергі кеңістік бір-бірінсіз ашылмайтындай, нәзік үйлесім түзген.

Біз картинадан суретшінің түс теориясын көреміз. Ол қиял­­дың шекарасы жоқ деп есеп­тейді. Байқасаңыз, жыл­қыға ноқта салынбаған, асау әрі еркін өмірді көксейді. Сон­дықтан сіз көрген бетте сана­ңызға тазалық ұялайтыны анық. Қою түстің құпиясы осында.

Тағы бір айта кететін жайт, ұқсас түс схемасы. Бұл да Франц Марктің қолтаңбасынан хабар беретін қалып. Суретші Август Макқа жазған хаттарының бі­рінде өз жұмысының негізгі түстері туралы түсінік береді.

«Сары – әйелдік принцип, ол жұмсақ және сезімтал; көк – жігіттік принцип, ол суық, бірақ сонымен бірге рухани; қы­зыл – бұл заттың түсі, ол өте қатты, бірақ ол әрқашан ал­­ғашқы екеуінің ықпалында жүреді», дейді досына арнаған жазбасында.

Картинадағы көріністің тар­­тым­дылығы түстерде ғана емес, жылқы пішінінің экспрес­сио­низмдік, яғни әр адамның жан дүниесінде әртүрлі эмоциялар тудыруында.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50