
Өнер • 31 Желтоқсан, 2021
Тарихқа сүйенсек, Кеңес Одағы 1954 жылы тыңайған жерді жыртуды қолға алды. Бұл процестің басым бөлігі Қазақстанда жүзеге асқаны белгілі. Осылайша, жаппай тың жерлерді игеру қозғалысы басталды. Талай шұрайлы топырақ тозаңға айналып, қараша халық қайғыға батты. Біз мысалға алып отырған картина соның айғағы.
Елорда • 30 Желтоқсан, 2021
Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен және Қазақстан Жастарының Конвенті ұйымдастыруымен бейнероликтер байқауы өтті.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2021
Тіліміздің қолданысын кеңейтетін құрал
Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында «Қазақ тілі ұлттық корпусы публицистикалық мәтіндер кіші корпусының» тұсаукесер рәсімі өтті.
Өнер • 26 Желтоқсан, 2021
Беу, солардың көз жасындай, О, бәрібір... ақты жұлдыз... Пернетақтаның алдына жақындай бергенде Маралтайдың осы бір өлеңі санамызға сап ете қалды. Қайдан? Неге? Білмеймін. Ақынның тәні – жер, жаны– ғарыш қой, рух биігінен көз тастасақ ай мен жұлдыздың жақыны солар секілді көрінеді бізге.
Әдебиет • 24 Желтоқсан, 2021
Айтыс – қазақтың ата өнері. Екі шекті домбыраның ырғағымен елдің ықыласына бөленген ақындар қарапайым халық үшін қашан да қымбат. Оған біз ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткен жас ақындар айтысында куә болдық.
Өнер • 23 Желтоқсан, 2021
Әр адам – туған топырағының жыршысы. Мейлі ол өнер саласына қатысы жоқ болса да, алғаш табаны тиген жерді мәңгілік биігіндей бағалайды. Дегенмен де сол сұлу сезімді бастан кешіп қана қоймай, халыққа жеткізетін өнер иелері екені даусыз. Оған сіздерге ұсынып отырған картина куәлік етеді.
Өнер • 22 Желтоқсан, 2021
Тұмса табиғатты қалай жырлаймын десе де әр адамның өз еркі. Әсіресе бұл тұста суретшілердің қиялы жүйрік болатын секілді. Әр бояудан қалаған образын сомдай отырып, оқырманға ішкі жан күйін жеткізеді. Бұдан кейін сан алуан түстің әсерінен өмірге келген шығарма елең еткізбей қоймасы анық. Сенбесеңіз, қараңызшы...
Өнер • 21 Желтоқсан, 2021
Елордада жас ақындар айтысы өтті
Айтыс – қазақтың ата өнері. Екі шекті домбыраның ырғағымен елдің ықыласына бөленген ақындар қарапайым халық үшін қашан да қымбат. Оған біз ел тәуелсіздігінің 30 жылдығының аясында өткен жас ақындар айтысында куә болдық.
Өнер • 19 Желтоқсан, 2021
Тәуелсіздіктің түсі қандай? Көк пе? Қара ма? Ақ па? Сары ма? Мүмкін қызыл шығар. Кім біледі, әйтеуір осы реңктердің қай-қайсысын алсаңыз да тәуелсіздік картинасының құрамында болары даусыз. Қазақ баласы азат күннің аспанын қандай түспен сырласа да жарасады. Жапанда адасқан жалғыз жолаушыға бағдаршам болған жетіқарақшы жұлдызындай шоғырлы еркіндіктің есігі енді мәңгіге ашық. Міне, қой бағып, қотан аралап жүрген баланың қошақан қиялы шындықтың шынарына қонақтағалы ұлт өнері шексіздікке жол тартты. Тәубе дейміз! Мұның бәрі қоңыртөбел әңгіме ғой. Әйтсе де, бейнелеу өнерінің бүгінгі биігіне сіз бен біздің көзіміз жете қоя ма екен? Қарап көрейікші.
Өнер • 10 Желтоқсан, 2021
Ақынды елі ардақтағаннан артық бақыт бар ма? Қаламға серт еткен жанның жүрексөзі алдымен өзінің туып өскен топырағынан бастау алатынын даусыз. Содан да болар қаламгер атажұртымен биік. Оған дәлел Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Темірше Сарыбайұлының 80 жылдығына орай Жалағаш ауданында өткен «Сөйле жүрек, сөз сенде, толға бүгін» атты республикалық жазба ақындар жыр мүшәйрасы. Кесінде айтыс өнерінің шырақшысы болған қаламгерді халқы еске алды.