
Өнер • 09 Желтоқсан, 2021
Мыңның ойын сапырып, жүздің жүрегін толғаған туған жердің тылсым ауасы жаныңды жұпарға бөлейді. Бұйрат құмдардың арасында бұйыққан көңіліңіз шайдай ашылып, әлдебір еркіндіктің құшағына еркін сүңгисіз. Аязды ақпандай суық қоғамда домбыққан жаныңа от берер туған жердің нұрлы табиғаты жүрегіңізге күш-қуат құяды. Оның маңғаз құмдарындай ыстық пен суықты жүрегінен қатар өткізген сіздің де кеудеңіз ізгілікке толатыны анық.
Өнер • 06 Желтоқсан, 2021
Паганини, сенің не сиқырың бар осы?.. Жын иектеп кеткендей сахнада еркінен тыс елегізіп, бақсыдай аласұрған өнер иесінің өмірі бал мен удың қосындысындай еді. Бірақ оны ешкім білмеді. Оның жалынды темпераменті және көз ілеспес жылдамдығы залда отырған көрерменді өртеп жіберердей ыстық болатын. Содан да болар, оны жұрт «XIX ғасырдың долы бораны» санады.
Елбасы • 02 Желтоқсан, 2021
Тап осы туындыға Елбасы ерекше қызыққан деседі. Авторы – белгілі қылқалам шебері Камиль Муллашев. Бұл жай ғана көшірме кескіндеме емес, Тәуелсіз Қазақстан тарихының тұспалдамасы. Бір жыл бойы шеберханадан шықпай жазылған туынды бүгінде Елбасы музейінің төрінде жарқырап тұр.
Өнер • 24 Қараша, 2021
Оның жүрегінде мұхит ұйықтап жатқандай. Оның кеудесінде теңіз тербеліп тұрғандай. Оның маңдайына құс ұя салғандай. Оның қарашығына гүл өніп шыққандай. Оның алақанына ай сәжде еткендей. Оның иығына тау сүйенгендей. Оның жаулығына күн жасырынғандай. Әлемнің қай бұрышынан қарасаңызда одан биік шың, одан сұлу жан жоқ. Ол – мейірім музыкасы. Ол – ана.
Өнер • 24 Қараша, 2021
Аспанда қанша жұлдыз бар? Айдың түсі қандай? Күн неге жерді айналады? Ал жер неге домалақ? Жарықтың жылдамдығына өлшем бар ма? Біз не үшін түнді қарамен, күнді сарымен бояймыз? Білесіз бе, бұл сұрақтар иллюзияға толы болғанымен, бәрінің де жауабы бар. Ал оны бізге астрономдар айтады.
Руханият • 23 Қараша, 2021
Қасы да керік, қара алмас көзді, ай қабақ, Мойныңа жұқа алқызыл шарф байлап ап, Алаулап жүзің аса бір асқақ нұрменен, Алыстан тұрдың көз қарасыңмен аймалап. Қазір оқығандарыңыз жарықтық Жұматай Жақыпбаевтың жұрт жатқа айтып жүрген жыры. Иә-иә, меңді сұлу Ләйләға арналған. Шіркін-ақ дерсіз... Бірақ біз бүгін Ләйлә жайлы емес, Ләйлә таққан алқызыл шарф туралы айтқымыз келеді. Сұлудың сұңғақ мойнына оралған түрлі-түсті лентадай құлпырған матада несі бар екен ақынның...
Өнер • 23 Қараша, 2021
Сыралғы сусын жайында сөз іліксе алдымен әжелеріміздің тобылғымен торсығын ыстап, сүр жаяның, қазының сынық сүйегін салып ашытқан сары қымызы менмұндалайтындай. Саба толы қымызды сапыра шайқап, сәске ауса да сораптап отыратын сәт көз алдыңа келеді. Ұлысты ұлтымыздың осы бір қуатты дәмге құмарлығы көпті сүйсінтеді. Бірақ дейміз-ау, оны өзге ұлт өкілдері де мұнша әспеттеп, қадір тұтатынын енді аңдап отырмыз.
Өнер • 23 Қараша, 2021
Құлақтан кірген құдіретті музыка туындылары денені шымырлатып, алпыс екі тамырға рух жүгірткендей тебіренесің. Ұлт аспаптарының шертолғақ шанағынан шымыр-шымыр ноталар түлегенде ат тұяғынан сүрдекке айналған жолда жортуылда күн кешкен ұлы бабалардың мұрат-мақсаты мен асқақ арманы болған бүгінгі берекелі шақта бесік тербеткен қазақ ұлтының тектілігі қылаң береді. Міне, осындай сан толқынысқа жетелеген белгілі әнші, Қазақконцерт солисі Ерболат Шалдыбековтің «Төгейін жырды халқыма» атты жаңа концертінің куәсі болдық.
Өнер • 22 Қараша, 2021
Құрметті оқырман, мақаламызды оқымас бұрын, композитор Евгений Крылатовтың «Қанатты әткеншек» (Крылатые качели) әнін бір тыңдап алуларыңызды сұраймыз. Бұл музыка сіз бен біздің балалығымыз туралы. Пионерден Ұланға дейінгі қазақ баласының қиялын қияға алып ұшқан қылаусыз шақтың қар мен жаңбыры, жапырағы мен топырағы, жусаны мен кемпірқосағы бар. Ешқашан ескірмейтін әуен. Оның құдіреті ақын Юрий Энтиннің өлеңінде емес, сол дәуірдің тәтті сәттерін лупамен көрсеткендей көңілді қайта тербеуінде. Нәп-нәзік ностальгия дерсіз.
Өнер • 18 Қараша, 2021
Дастарқан үстінде алқызыл гүл, жеміс-жидек, құс қауырсыны тұрса, жазушының жұмыс істейтін орны, болмаса қонақ күткен үйдің эскизі елестейді. Осы үш детальды ілікке алған суретші шығармасының жанры натюрморт екенін аңдау оп-оңай. Себебін кенеп бетіндегі ашық бояулардың өзі-ақ баяндап тұрғандай.