Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1229 материал табылды

Өнер • 28 Қазан, 2021

Теңіз түйсігі

Бұл – Жорж Брактың жаздағы жан толқыны. Картинадан теңіздің жұпары аңқиды. Жалғыздықтан жалтарып кете алмайсыз. Ақиқаты осы. Өнерде бәрі оңаша. Сол ауыр да азапты жолда жұмсаған уақытыңыздың құнын осындай ғажайып туындылар өтейді. Міне, көңіл мерекесін теңізден тапқан суретшінің ғажайыбы осында. Теңізде де түйсік бар. Сенбесеңіз, «Эстактағы үйге» қонаққа келіңіз!

Елорда • 28 Қазан, 2021

«Дегдар» сыйлаған домбыра

Нұр-Сұлтан қаласында «Дегдар» гуманитарлық қоры арнаулы оқу-тәрбие мекемелеріне 160 домбыра тарту етті. «Дегдар» гуманитарлық қоры «Күй анасы» республикалық қорының қол­дауымен Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай жетім балалар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына 160 домбыра сыйлады.

Өнер • 27 Қазан, 2021

Шөл шынары

Тораңғы ағашы – шөл даланың шынары. Қазақы ырымға сүйенсеңіз, оны отын ретінде отқа жағуға болмайды. Тіпті, кесуге де рұқсат жоқ. Өйткені сұр-қоңырқай қабығына пышақ тисе, қызғылт түсті сөл бөлінеді. Бұл қанға ұқсас сұйықтық оның көз жасына баланып, кескен адамды «тораңғының киесі ұрады» деп ойлаған.

Өнер • 27 Қазан, 2021

Жұбайлар жыры

Сіз күлесіз-ау қазір, кеңестік кезеңде үйлену тойына арналған хит әндер тым аз болған. Іздей қалсаңыз, ойыңызға бір-екеуі ғана оралады. Біз білетін ең сұлу әуен Дос-Мұқасанның «Той жыры» туындысы. Тіпті, күні бүгінге дейін түр-өңі кеткен жоқ, екі жастың мәңгілік махаббатының мұнарасындай көрінеді. Сосын баяғы Мүслім Магомаевтың орындауындағы «Үйлену тойы» әні еске түседі. Асқақ шығарманы сезім құдіреті әлі де әлдилеп тұрғандай. Бүгінгі әңгіме сол жайында.

Оқиға • 26 Қазан, 2021

Әсерлі «Әдебиет курстары»

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Мәдениет және спорт министрлігінің мұрындық болуымен «Қазақстан жастарының конвенті» ұйымы жас ақын-жазушыларды қолдау мақсатында әдебиет курстарын өткізуде.

Тәуелсіздік • 26 Қазан, 2021

Тәуелсіздік тағылымы

«ҚазАқпарат» ХАА» АҚ ел Тәуел­сіздігінің 30 жылдығына арнап «Тәуел­сіздік туралы 100 әңгіме» электронды кітабын да­йындап, шығарды. Ақпарат және қоғамдық даму ми­нистрлігінің қолдауымен, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шыққан кітап­тың электронды нұсқасы қалың оқырманға қолжетімді.

Өнер • 26 Қазан, 2021

Қылқалам ұшындағы құдірет

Альберт Эйнштейннің жаңалығында ешқандай формула жоқ, логиканың қисыны ғана бар. Сол арқылы шығарған есебі бүкіл әлемнің кіндігіне айналды емес пе? Ендеше Евклидтің геометрия туралы түсінігі де, Птоломейдің астрономиялық трактаттары да қисыннан туған құбылыстар ғана. Бұл қатарға Пикассоның буырқанған бояуларын да қосып қойыңыз. Демек, олар уақыт шеңберінен шыққан көркем голограммалар. Иә, голограммалар десе ойыңызға жұлдызды сәулелердің жиынтығы не болмаса көз суырар ғажайып ғимараттар келетіні анық. Ал біздің санамызға белгілі суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанұзақ Мүсәпірдің картиналары оралады.

Руханият • 20 Қазан, 2021

Ақыл алыбы

Адамзаттың алыбы кім десе, қазақ ойланбай «Абай» дейтіні анық. Өйткені оның шөлін басқан кәусар бұлағы, тынысын ашқан жұпар ауасы, жылынар жалын оты, тура жолды көрсететін бағдаршамы, бой түзер құбыланамасы – сол алып ақын. Даналықтың дариясына бір шомылып шықсаңыз, сіздің ғұмырыңызға татитын игілік өзі-ақ іздеп келеді. Суретші Қуаныш Есіркеевтің «Абай» картинасы осыны меңзеп тұрғандай.

Өнер • 19 Қазан, 2021

Бәріміз бір аспанның астындамыз

Аспан ғана Құдайды ойға салады. Ал шынында, бәріміз бір әлемнің кішкентай бөлшегіміз. Ұшқан құс та, жүгірген аң да, теңіз де, тұмса табиғат та – Тәңірдің қолтаңбасы. Әйтсе де, қолмен ұстап көре алмайтын, бірақ жан сезінетін, іштей түйсінетін құбылыстар қаншама? Мұны тек қана өлеңмен не болмаса бояумен бейнелеуге болатындай. Жалпы, адамның өре биігі ол құпияны да әшкерелеп қойды. Сенбесеңіз, әйгілі суретші һәм кескіндемеші Шаймардан Сариевтің «Әлем» атты картинасына назар салыңызшы. Дулы дүниенің дәл өзіндей шым-шытырық.

Өнер • 18 Қазан, 2021

Антошка мен Чунга-Чанга

Қалай десек те, кеңес кезіндегі классикалық әуендер кіреберісте қалып кетуге тиіс емес. Әсіресе сіз бен біздің балалық шағымыздың мөп-мөлдір естелігіндей көрінетін көңілді әуендер ырғағы. Балаңызға ыңылдап ән айта бастасаңыз алдымен көкейіңізге оралатын сол сұлу да сазды әндер емес пе? Әзірге қазақ даласында соларды ұмыттыратын балалар әні өмірге келмеді. Бар болса да үні бәсең. Содан да болар дәуір алмасса да өміршең туындылардың жаңғырығы құлаққа келеді де тұрады.