Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1250 материал табылды

Өнер • 18 Қазан, 2021

Антошка мен Чунга-Чанга

Қалай десек те, кеңес кезіндегі классикалық әуендер кіреберісте қалып кетуге тиіс емес. Әсіресе сіз бен біздің балалық шағымыздың мөп-мөлдір естелігіндей көрінетін көңілді әуендер ырғағы. Балаңызға ыңылдап ән айта бастасаңыз алдымен көкейіңізге оралатын сол сұлу да сазды әндер емес пе? Әзірге қазақ даласында соларды ұмыттыратын балалар әні өмірге келмеді. Бар болса да үні бәсең. Содан да болар дәуір алмасса да өміршең туындылардың жаңғырығы құлаққа келеді де тұрады.

Өнер • 18 Қазан, 2021

«Айқай» мен «сайтан алғыр»

Бала қалпында көрермен қарашығында қатталып қал­ған актер Маколей Кал­кинді білесіз бе? Сізге түсінікті болуы үшін Ке­вин Маккаллистер деп та­ныстырғаным жөн шы­ғар. Әйгілі «Үйде жал­ғыз қалғанда» кино­кар­ти­насының басты кейіп­кері. Иә-иә, режиссер Крис Ко­ламбустың аңызға ай­налған атақты фильмін ай­тып отырмыз. Бірақ әң­гіме ол жайында емес, сол тілазар баланың тәтті қы­лығында. Екі қолын бе­тіне басып таңғалған Ке­вин­нің фотосуретін бү­гінде бүлдіршін біткен қай­талауға құштар. Жаңа жыл жақындағанда кішкентай бұзықтың боямасыз бей­несі желіде желдей еседі. Әлгі орыстың әйдік актері Юрий Никулиннің «сайтан алғыры» секілді.

Әдебиет • 13 Қазан, 2021

Қазақ аспанында Қасым рухы

Артындағы адуынды тол­қынға өзінің бай мұрасын таразылауды тарту еткен ақын әлемі мұрагерсіз емес. Қасым рухы аспандаған салтанатты сәтте Қазақстан Жазушылар од­ағының мүшесі, Мемлекеттік «Да­рын» Жастар сыйлығының лауреаты, ақын Ерлан Жүніс пен «Құрмет» орденінің иегері, «Абай әндері», «Қасымның әндері-ай» концерттік жо­ба­ла­­­рының авторы әрі жетек­­шісі, әнші Гүлбаршын Тергеу­бе­ко­ва қазылық жасап, жас талант­тарға бағыт-бағдар берді.

Қазақстан • 13 Қазан, 2021

Шежірелі құжаттар шаңырағы

Тәуелсіздік таңы атқаннан бері, тарих қойнауындағы шежірелі деректердің шымылдығы түрілді. Мұны мақтанышпен айтуға болады. Отанымыздың отызжылдық белесінде архив саласы айтарлықтай алға жылжып, кеңес идеологиясының қазанында күйген қаймақтарымызды қайта ақтады. Оны – бір деңіз. Екіншіден ескі құжаттарға жан бітіріп, жаңартып, реставрация жұмыстары жүргізілді. Ол ол ма, ақпараттарды цифрлы форматқа көшіріп, заманға сай қам-қарекет қылды. Заманауи техникалық құрал-жабдықтардың көмегімен бояуы өшкен мәліметтердің маңызын кілкіп алды. Ендігі әңгіме, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтап алу.

Спорт • 12 Қазан, 2021

Төл спорттың тарландары

Республикалық «Ұлы дала рухы» ұлттық спорт фестивалі мәреге жетті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған жарыстың шешуші кезеңі елордада өтті.

Өнер • 12 Қазан, 2021

Қою түстер құпиясы

Құдды, анасы сатып берген альбомға бала салған болмашы суреттей қызыл да жасыл бояулар болғандықтан, еркеліктің белгісі іспетті елестейді. Ойыншықтай ойнақ­шып тұрған картинадағы бурыл ат неміс суретшісінің немкетті әрекетіндей көзге қораш көрінуі де мүмкін. Алайда маңыз басқада. Бұл – жеке қолтаңба. Кубистік бейнемен үйлескен жарқын палитра, түстердің өткір һәм қою жағылуы және апокалиптикалық көңіл күй тудыру Франц Маркке ғана тән құбылыс.

Өнер • 11 Қазан, 2021

Жасмина – жеңімпаз!

«Қазақстан» орталық концерт залында «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының алтыншы маусымы қорытындыланды. Байқауды Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен өткізді. Финалдық концерттік бағдарламалар аясында 14 облыстан және Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан келген 17 үміткер өз өнерлерін үлкен сахнада паш етті.

Өнер • 11 Қазан, 2021

Жас жұлдыздар жәрмеңкесі

Бүгінде дәстүрлі түрде өтетін «Junior Eurovision-2021» ха­лықаралық байқауына ұлт­тық іріктеу аяқталды. Оза шапқан өрендерді атын білгіңіз келсе, дауыс беріп, қолдауыңыз шарт.

Спорт • 08 Қазан, 2021

Ұлттық спорт ұлтты біріктіреді

Елордада Ұлттық спорт түрлерінен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында республикалық «Ұлы дала рухы» фестивалі өтуде. Төл спортымыздың көкпар, бәйге, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату сынды түрінен өтетін жарыс командалық тәртіппен жүргізіліп жатыр.

Өнер • 08 Қазан, 2021

Ажал құшағындағы ару

Дәстүрлі өнердің дәуірі өткенін сұңғыла суретші Джон Эверетт Милле осыдан екі ғасыр бұрын ескерткен еді. Ашық аспан аясында табиғат пен адамның жан толғанысын бір-бірімен байланыстыра отырып жеткізген қылқалам шеберінің ой-өрісі қалыпқа сыймайды. Сонысымен замандастарынан ерекшеленіп тұратын да. Әйтпесе, есі дұрыс адам империяға қарсы келе ме? Сенбесеңіз, Отанының гүлі мен құсын сөйлеткен ағылшын перзентінің осы бір шығармасына ойлы көзбен қарап көріңізші?!

Яндекс.Метрика