Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1222 материал табылды

Өнер • 20 Шілде, 2021

Бұлыңғыр бояу – биязы бейне

Тағы бір сурет – тағы бір тағдыр. Иә, қылқалам ұшындағы құпиялы әлемнен рухани ләззат аласыз. Сонысымен жанды елітеді, көңілді масайтады. Сенбесеңіз, Салихитдин Айтбаевтың «Әпке» картинасын алып қараңызшы. Не көріп тұрсыз? Шебердің талантына бас иесіз, сосын түсініксіздікке түсесіз. Бұлыңғыр бояу ішіндегі биязы бейне.

Саясат • 20 Шілде, 2021

Мәдени байланыстың маңызы зор

Мәдени ынтымақтастықтың мәні зор. Мұнда ел мен елді, жер мен жерді байланыстырып тұратын ұлы күш бар. Ұлттың рухани түлеуіне өзге ұлттың да септігі тиетіні, бір-біріне ықпал ететіні белгілі. Оған Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың Беларусь Республикасының Мәдениет министрі Анатолий Маркевичпен кездесу сәтінде тағы бір мәрте көзіміз жетті.

Руханият • 11 Шілде, 2021

Бір минут үнсіздік

Ең ұлы үнсіздікті уақыт таразысы теңшей алмайды. Сағат тіліңдегі тыныштықтың салмағы ауыр, жанды тұңғиыққа тартады да тұрады. Үнсіздік ішіндегі көңілдің халі астан-кес­тен. Сондықтан бөтен ойдың көлеңкесін саялаған адамның әлсіздігінен қорқасың. Онда сатқындық бар, сенім жоқ. Шынымды айтайын ба? Мына қоғамның үнсіздігі қалжыратты. Жігерімді жұтып қоярдай. Қалай ойлайсыз, қазақ даласынан өткен алыптардың әрқайсысын жеке-жеке еске алсақ, отыз жасар мемлекеттің төзімі жете қоя ма? Тағы да бір минут үнсіздік! Тіршіліктің тамырын ұстап көріңізші, соғып тұр ма екен?

06 Шілде, 2021

Елордада фотоқұжаттық көрме өтуде

Елорда күніне орай Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві Қазақстан Республикасы Президентінің архивімен бірлесіп ашық аспан астында «Нұр-Сұлтан - болашақтық қаласы» атты фотоқұжаттық көрме ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өнер • 02 Шілде, 2021

Қаныңды қыздыратын картина

Біздің баһадүр бабаларымыз жауын жер жастандырмай майдан даласын босатпаған. Атқа қонса атойлап алға шығар, тақымындағы тұлпары туласа талай елдің ту-талақайын шығарар алып рухтың иесі олар. Сол алып рухтың көрінер тағы бір тұсы – көкпар ойыны. Батыр да ержүрек ерлердің майданнан бөлек сыналар сәті – сол намыс дода. Қараңызшы, жұрттың жанын рахатқа бөлейтін көне ойынның кенеп бетіндегі кескіні қаныңды қыздырады.

Өнер • 02 Шілде, 2021

Қасиетіңнен айналайын, домбыра!

Шежірелі шанағыңа талайлы тарихымды сыйғызған сен аман бол – домбыра! Ұлы даланы даңққа бөлеген сенің болмысында қазақтың наркескен намысы бар. Алп-алп басқан атандай буырқанған бабалардың мыңжылдықтан бері сенімі сен едің, серігің мен едім! Сені сол үшін де жаныма медет, рухыма сая тұтамын. Қасиетіңнің салмағын Қаратаумен өлшемесем, маған серт, қадірімді Алатауға теңгермесең, саған серт. Бағзыдан аян, нәсілі асыл елім сен дегенде көңілін көкжиекке сүңгітіп, сазыңнан жанына шипа іздеген. Қос ішегіңнен төгілген толқын сақи дүниенің тілі мен тіні болып мына құс тұмсығындай қысқа жалғанның жан жарасын жазған жоқ па?! Сен сол үшін де қымбатсың маған! Қасиетіңнен айналайын, домбыра!

Өнер • 22 Маусым, 2021

Көне дәуір көріністері

Көне заманды көз алдымызға әкелетін екі құдірет бар. Бірі – сөз болса, екіншісі – сурет. Сөздің сиқыры құпияларды талқандауға құштар, ал бояудың сыры беймәлім дүниеге астар іздеуге мәжбүрлейді. Оны адам жанарымен көреді, жүрегімен сезінеді. Міне, кенеп бетіне түскен кез келген көріністің жұмбағы осында. Ал сол жұмбақты шешуге сіз бен біздің кейде шамамыз жетпей жатады. Сондықтан да қылқалам иесінің қиялына ғашық күйде қала береміз.

Қазақстан • 22 Маусым, 2021

Ауылда бала көп, үйірме аз

Ауылдағы Мәдениет үйлерін әңгімелеп жүргенімізге біраз болды. Содан да болар бір мәселенің астарына үңілсек, келесі бір түйткілдің төбесі көрінеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың спорттық және шы­ғар­машылық әлеуетін дамытуды міндеттегенімен, министрліктің тірлігі мимырт.

Өнер • 20 Маусым, 2021

Теңіз әні

1965 жылы Бронкс зообағында «Жер бетіндегі ең қауіпті жануарлар» атты көрме өтеді. Оны неменеге жазып отыр дейсіз ғой, әлгі көрмеде көрменің атын арқалаған ерекше картина қойылған екен. Оны тамашалауға келген әрбір адам айна орнатылған туындыдан өзін көреді-міс. Көрменің қызығы да, шыжығы да сол. Ал бұған қарап, біздің ойымызға данышпан Ницщенің нақылы оралды. «Адам – саналы жануар һәм уәде бере алатын мақұлық». Иә, туындының түп мағынасы осы афоризмге астар болып тұрғандай. Біздің бүгінгі әңгімеміз осы оқиғамен қанаттас.

Әдебиет • 17 Маусым, 2021

Қимас көздердің қарашығында...

Біздіңше ең мықты ақын – қалпағын қайда және қалай ілетінін білетін ақын. Қалғаны келесі бір әңгіменің басы ғана. Дәл қазір поэзияға пайдам тисін деп жазудың қажеті жоқ. Жүректегі жүзі жылы ойлар келесі бір жүрекке жұп болғаннан артық сәт бар ма өзі?! Әдеттегі өлеңді өмірдің өзімен тұтастырып, жүректі шымшылатып кез келген адам жаза алады. Әдеттегі өлең – жақсы өлең болуы да мүмкін, бірақ сұлудың бәрі сұлу ма? Оны да ойланыңыз. Сондықтан да шығар оның өлеңі өмірді, өмірі өлеңді еске салады. Бізді де елітетіні сол.