Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ
Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
2589 материал табылды

Аймақтар • 15 Қаңтар, 2025

Жүйкені жұқартқан желі жаңартылып жатыр

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев мұнайлы өңірге келген сапарында электр жарығының жиі сөнетініне назар аударып, «Атырау жарық» АҚ-ның жұмысын сынға алған болатын. «Атырау облысындағы тағы бір өзекті мәселе – электр желісінің тозуы. Оның 40 пайызға жуығы ескірген. Соңғы жылдары аймақта электр қуаты жүйесі дұрыс істемейтін болды. Өңірдегі энергия тапшылығы – шамамен 200 мегаватт. Облыста өзінің электр стансасын пайдаланып отырған кәсіпорындар бар. Бірақ олардың мүмкіндігі шексіз емес. Өнеркәсіп орындары дамып, халық саны көбейген сайын қуат көзіне деген сұраныс артады. Атырау облысының электр энергиясы жүйесін түгел жаңғырту жұмыстарын бастау қажет», деді Президент.

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Былтырғы көктемде Құлсары қаласын Жем өзенінің арнасынан асқан тасқын су басқан еді. Сол кезде талай тұрғынның үйі су астында қалды.

Қоғам • 09 Қаңтар, 2025

Үйде дүниеге келген егіз

2024 жылы атыраулық фельдшерлер 49 жүкті ананың өз шаңырағында босануына қолұшын созды. Сондай оқиғаның бірі жақында тағы қайталанды.

Қоғам • 07 Қаңтар, 2025

Қоныстой берекесі

Мұнайлы шаһарда пәтер кезегінде тұрғандар аз емес. Олардың арасында түрлі санаттағы отбасылар бар. Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің мәліметінше, жыл басынан бері тұрғын үй кезегінде тұрған 550-ге жуық адам жаңа баспанаға ие болған.

Заң мен Тәртіп • 24 Желтоқсан, 2024

Мал ұрлығы тыйылмай тұр

Атырау облысында төрт түлікті ұрлау әлі де сейілмей тұр. Жергілікті полицейлер жыл басынан бері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде мал ұрлығына қатысты 27 қылмысты ашып, 7 адамнан құралған 1 қылмыстық топты ұстады. Жоғалған 70 малды иелеріне қайтарды.

Спорт • 24 Желтоқсан, 2024

Әлем таныған Аида

Атырау облысының ішкі істер саласында жұмыс істейтін қыз-келіншектер аз емес. Олардың арасында қызметімен бірге спортта да жетістікке жеткен арулар бар. Соның бірі – Аида Хайруллина.

Талбесік • 24 Желтоқсан, 2024

Аққу табиғи ортаға жіберілді

Күзгі миграция кезінде Жайық өзенінің жағасына қонған аққуға ұқсас құс ұша алмай, қалып қойған. Қанатын қанша қомдаса да орнынан көтерілуге шамасы келмеген.

Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2024

Сақтық шарасы күшейтіледі

Көктемде болған су тасқыны Атырау жұртына үлкен сынақ болғаны анық. Мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін сақтық шараларына ерте бастан қамдану керек екені де белгілі.

Спорт • 12 Желтоқсан, 2024

Вагон сүйреген жігіт

Атырау облысының Құрманғазы ауданында тұратын Ерсейіт Бралиннің алапат күші бар. Ол – осындағы №7 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі.

Қоғам • 10 Желтоқсан, 2024

Салалық журналистикаға бетбұрыс бола ма

Салалық журналистиканың келешегі бар ма? Оны дамыту үшін не істеу қажет? Атырауда осындай сауалдар талқыланған республикалық семинар өтті. Семинар тақырыбы – «Мұнай-газ, экологиялық бағыт­тардағы салалық журналистиканың ерекшеліктері».