Құқық • 29 Ақпан, 2024
«Аңқау елге – арамза молда» кейпіне енген алаяқтардың айласы «асқынып» тұр. Былтыр облыста 747 интернеттегі алаяқтық қылмысы тіркелген. Жергілікті тұрғындар алаяқтарға 400 млн теңгеге жуық қаржысын бергені анықталып отыр.
Құқық • 28 Ақпан, 2024
Еліміздің көші-қон заңдылығын бұзатын шетелдіктер әбден шектен шықты. Атыраулық полиция қызметкерлері өткізген «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде заңсыз жүрген өзге мемлекеттердің азаматтары ұсталды. Еліміздің заңын ерен санамаған шетелдіктердің арасында Ауғанстан мен Бангладеш Республикасының алты азаматы бар.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2024
Атырау мұнай өңдеу зауытының басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2024
Атырау мұнай өңдеу зауытындағы қондырғы құбырынан ақау табылды
Атырау мұнай өңдеу зауытының бутендерді олигомеризациялау қондырғысындағы бензин құбырынан ақау шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 26 Ақпан, 2024
Атырау облысындағы «Теңіз» кенішінде жұмыс істейтіндер көп. Өзге елдерден келгендер де бар. Дені – ел азаматтары. Оның ішінде ел экономикасының өркендеуіне үлес қосып жүрген жігерлі жастар басым. Бәрі де жұмысын жауапкершілікпен атқарады.
Құқық • 22 Ақпан, 2024
Әр баланың тәрбиелі, инабатты әрі мейірімді болып бой түзеуіне отбасындағы татулықтың ықпалы зор. Алайда баласына өнеге көрсетудің орнына жылы ұясын ойрандап, әйеліне әңгір таяғын ала жүгіретіндер азаймай отыр.
Қоғам • 22 Ақпан, 2024
Көлеңкелі кәсіптен тапқан табыстың бәрі заңсыз екені даусыз. Бірақ бұдан бас тартпайтындар әлі де бар. Олар құқық қорғау органдарынан айласын асыра алмаса да, айылын жиюға асығар емес.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2024
Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженері қызметінен босатылды
Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженері қызметінен босатылды. «ҚазМұнайГаз» тарапынан құрылған комиссияның тексеру жұмысынан кейін осындай шешім қабылданды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Атырау мұнай өңдеу зауытындағы ахуалға байланысты құрылған комиссия жұмысының нәтижесін жария етті.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2024
Атырау облысында күкірт тиелген 7 вагон рельстен шығып кетті
Атырау облысында жүк пойызының 7 вагоны теміржолдан жартылай шығып кетті. Вагондарға «Теңіз» кен орнынан алынған күкірт тиелген.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2024
Шұбат пен қызылша қосылған сусын
Ғылыммен айналысу, жетістікке жету үшін ірі қалада тұру маңызды емес. Жігері мықты, талабы таудай ғалым шағын шаһарда жүріп, ғылымның қия шыңына құлаш сермейді. Соны дәлелдеген ғалымның бірі – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры София Сағындықова.