Аймақтар • 08 Сәуір, 2024

Су басқан Жылыой ауданынан 31 мың тұрғын эвакуацияланды

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысындағы Жылыой ауданының тұрғындарын қауіпсіз аймаққа эвакуациялау әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су басқан Жылыой ауданынан 31 мың тұрғын эвакуацияланды

Фото: azh.kz

Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, Жылыой ауданының су басқан елді мекендерінен эвакуацияланған тұрғындар саны 31 мыңнан асқан.  

«Жылыой ауданынан 5 сәуірден бері 31 009 адам эвакуацияланды. Оның ішінде Маңғыстау облысына 20 821 адам көшірілді. Ал «Теңіз» кен орнындағы вахталық кентте дайындалған жатақханаларға 7445 адам орналастырылды. Атырау қаласына 2743 адам жеткізілді», деп хабарлады облыстық жедел штабтан.

Сондай-ақ 274 адамның кейбірі уақытша эвакуациялық пункттерге, кейбірі туысқандарының үйіне баруға шешім қабылдаған.