Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ
Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
169 материал табылды

Спорт • 08 Сәуір, 2025

Жарыс күнделігі

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан Әлем кубогінің кезеңі жалауын түсірді.

Кәсіпқой бокс • 08 Сәуір, 2025

Жәнібектің жарқын жеңісі

Астанадағы «Барыс-Арена» спорт кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтті. Елімізде екі бірдей чемпиондық белбеуді қорғаудан бұрын-соңды кәсіпқой бокс айқасы ұйымдастырылған емес. IBO, WBO тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы атағын қорғады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты боксшыны жеңісімен құттықтап, алдағы алар асуына сәттілік тілеп, тілеулестігін білдірді.

Қоғам • 05 Сәуір, 2025

Отбасына тиімді карта

Отбасының цифрлық картасы (ОЦК) – азаматтарға әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілді мемлекет­тік қолдаудың қандай да бір түрін алуға қатысты тиісті органдарға жүгінудің қажеттілігінсіз мемлекеттік қызмет көрсетудің проактивті форматының жаңа, тиімді құралы. Қолданысқа енгізілгелі бері 133,6 мың адамға хабарлама жолданса, 72,3 мың азамат өтініш жазбай-ақ жәрдемақы мен төлем алудың игілігін көрген.

Талбесік • 04 Сәуір, 2025

Орманды отау оңай, көркейту қиын

«Бурабай» ұлттық паркінде ағашты есепке алуды бақылаудың инновациялық жүйесі енгізілді. Елімізде әзірге баламасы жоқ цифрлық жоба орман ресурс­тарын заңсыз кесуге тосқауыл қоюда әрі басқарудың ашық жүйесін іске асыруда маңызды қадам болмақ.

Бокс • 04 Сәуір, 2025

Әлем кубогінің үмітті кезеңі

Бразилияның Фос ду Игуасу қаласында әлем кубогінің кезеңі бас­талды. World Boxing халықаралық ұйымы қолға алған жобаның аясында өтетін жаһандық додаға бірнеше елдің боксшылары қатысып жатыр. Елімізден әлем кубогіне ерлер додасында 8 боксшымыз сынға түссе, әйелдер арасындағы айқаста 3 боксшымыз бақ сынады.

Ұлттық спорт • 29 Наурыз, 2025

ЮНЕСКО-да ұлықталған ұлттық ойын

Парижде ЮНЕСКО-ның Хатшылығына адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енген тоғызқұмалақ ойынының тақтасы тарту етілді. Игі іс еліміздің ЮНЕСКО-дағы Тұрақты өкілдігінің қолдауымен жүзеге асты.

Күрес • 29 Наурыз, 2025

Азияның алтыны бұйырмады

Иорданияның Амман қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Құрлық додасын алдымен грек-рим күресінің шеберлері бастап, 10 салмақ дәрежесінде медальдарды бөлісті. Өкінішке қарай, елімізден барған балуандарға Азия чемпионатының алтыны бұйырмады.

Жастар • 27 Наурыз, 2025

«Жастар практикасына» сұраныс жоғары

Елімізде Әлеуметтік кодекс шеңберінде білім беру ұйым­дарының түлектерін жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде көптеген іс-шара іске асырылады. Соның бірі – «Жастар практикасы». Оқу орнын бітірген түлектердің өз мамандығы бойынша алғашқы жұмысқа орналасуына бағыттау үшін еңбек мобильділігі орталығы бір жылға дейінгі мерзімге жастар практикасын ұйымдастырады.

Футбол • 27 Наурыз, 2025

Іріктеу ойындары басталды

Футболдан келесі жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу басталды. Алғашқы матч еліміздің ұлттық құрамасы үшін сәтсіз болды. Сырт алаңда Уэльс ұлттық құрамасына 3:1 есебімен есе жіберді.

Спорт • 22 Наурыз, 2025

Жарыс күнделігі

Алматыда үстел теннисінен ел чемпио­наты өтті. Командалық жүйемен ұйым­дас­тырылған тартыста Шығыс Қазақстан облысының құрамасы жеңіске жетті. Денис Жолудев, Сағынтай Құрмамбаев, Сергей Коновалов, Темірлан Жиенбаев, Данян Ши бастаған спортшылар финалдық сайыста Алматы құрамасын (Дастан және Айдос Кенжіғұловтар, Санжар Жұбанов, Абдулла Мамай, Дамир Сарсенбай) 3:0 нәтижесімен ұтты. Қола медаль Қарағанды мен Ақтөбе облыстарының теннисшілеріне бұйырды. Әйелдер арасында Сарвиноз Миркадирова, Әнел Бақыт, Гузель Торшаева, Екатерина Пюрко, Айя Әлімбаева сынды үздіктерден жасақталған Алматы қаласының құрамасы Қарағанды облысының (Зәуреш Ақашева, Жанерке Қошқымбаева, Арай Әшкеева, Альбина Жақсылықова, Фарья Фу) қыздарын 3:2 есебімен жеңді. Қола медальды Қостанай облысы мен Шымкент қаласының командасы еншіледі.