Елігімай ТӨҢКЕР
Елігімай ТӨҢКЕР«Egemen Qazaqstan»
408 материал табылды

Қаржы • 25 Желтоқсан, 2024

Елімізде зейнетақы өседі

Президент тапсырмасына сәйкес, алдағы 2 жылда зейнетақы мөлшері 1,7 есе өсуі керек. Сол себепті, мемлекет жаңа жылдан бастап төлемдерді қайта қарастырып, индексация жүргізуді жос­парлап отыр. Келер жылы зейнетақы мөлшері 8,5%-ға өспек.

Қаржы • 24 Желтоқсан, 2024

«Пошташы» жобасы баспаналы болуға бастайды

Жыл басында «Отбасы банк» АҚ мен «Қазпошта» АҚ бірлескен ортақ жобаны қолға алған еді. «Пошташы» деп аталатын бұл жоба ауылдағы ағайынға аудан немесе облыс орталығына бармай-ақ, жергілікті пошта қызметкерлерінің көмегімен депозит ашуға көмектеседі. Бүгінде аталған бастаманың игілігін көріп отырған адамдар аз емес.

Еңбек • 24 Желтоқсан, 2024

Еңбек үдерісіне – ерекше қамқорлық

Атырау облысында «ҚазТрансОйл» АҚ еншілес ұйымына қарасты «Аман» мұнай айдау стансасында III (үшінші) іске қосу кешені пайдалануға берілді.

Пайдалы қазбалар • 20 Желтоқсан, 2024

Мұнайға сұраныс төмендейді

«Fitch Ratings» мәліметіне сүйенсек, келер жылы мұнайға сұраныс айтарлықтай баяулайды. Демек өнім қарқыны 2023–2024 жылдарға қарағанда біршама төмендейді. Бұған жаһандық энергетикалық стратегиялардағы өзгерістер себеп.

Экономика • 20 Желтоқсан, 2024

Қазынамыз неге ортайды?

Биылғы 11 ай ішінде мемлекеттік бюджет кірісі 2 трлн теңгеге азайып, Үкіметтің ме­желі жоспары орындалмады. Ел қазынасына 3,5 трлн теңге салық түспей қалды. Кейінгі жылдары жоспар орындалмай, тапшылықтың туындауы қалыпты әдетке айналып келеді. Себебі неде?

Қаржы • 18 Желтоқсан, 2024

Зейнетақы жинағының шегі өзгермейді

Бірыңғай жинақтаушы зейнет­ақы қоры (БЖЗҚ) ке­ле­­сі жылға арналған жи­нақ­­­ты пайдаланудың жет­кілік­­ті шегін жариялады. 2025 жылы зейнетақы жина­ғының ең тө­менгі жет­кілікті шегі (ТЖШ) өзгер­мей, биылғы дең­­гей­де өзге­­ріс­сіз қалатын бол­ды.

Банк • 18 Желтоқсан, 2024

Банк жүйесінде тәуекел азайған

Әлемдегі ең беделді рейтинг агенттіктерінің бірі «S&P Global Ratings» еліміздің банк жүйесіне қатысты бағалауын жақсартты. Бұрын банк жүйесі 8-топта тұрса (мұнда тәуекелдер көп деген сөз), қазір 7-топқа көтерілді.

Несие • 18 Желтоқсан, 2024

Микроқаржы омбудсманы құрылды

Биылдан бастап елімізде микроқаржы омбудсманы институты жұмыс істейді. Қаржы омбудсманы – қаржы ұйымдарымен тұтынушылар арасындағы дауды шешетін тәуелсіз тұлға. Онда микроқаржы ұйымының клиенттеріне тегін көмек көрсетіледі. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.

Қаржы • 18 Желтоқсан, 2024

Теңге бағамы құбылып тұр

Ең үлкен қауіп – қауіптің бар екенін сезбеу. Ал қаржы секторы сергелдеңге көп түседі. Сондықтан бұл салада болжам мен бағам жиі жасалады. Жыл соңына таман кезекті шолуын жариялаған Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) келер жылы кедергі көп болуы мүмкін дейді. Негізгі тәуекел мұнай бағасының төмендеуі мен сыртқы нарықтағы өзгерістен туындауы ықтимал. АҚШ-та тақтатас мұнайын өндірудің ұлғаюы, ОПЕК+ елдерінің жаңа келісімдері елдегі шикізат бағасына әсер етпек.

Экономика • 16 Желтоқсан, 2024

Экономиканы отандық өнім өрге сүйрейді

Еліміз егемендік алғалы өндіріс өріс жайды. Қоғамның даму қозғалтқышы өнеркәсіп те жаңа даму кезеңіне қадам басты. Экономикамыздың бәсін биіктеткен бұл бағытты дамытуға дендеп кірістік. Нәтижесінде, әрта­рап­тандыру әр кіргізіп, заманауи технологиялар табысты арттыра түс­ті. Шетелдік инвестиция игілігін де көріп отырмыз. Кәсіпорындар әлеуеті әуелеген сайын жаңа зауыттар мен фабрикалар ашылып жатыр. Мәселен, биыл жыл басынан бері 570 млрд теңгеге 40 жаңа жоба іске қосылып, 6,9 мың тұрақты жұмыс орны құрылған.