
Қаржы • 18 Қыркүйек, 2024
Халықтың қаржылық мүмкіндігі қалай құбылды?
Былтыр халықтың нақты табысы 2022 жылмен салыстырғанда 3,7%-ға өскен. Дегенмен үй шаруашылықтарының («бір отбасы» деп те түсінуге болады – ред.) шығыны да өскен. Табыс құрылымында айтарлықтай өзгеріс байқалмаған. Жалдамалы жұмыстан түскен кірістердің үлесі өзгеріссіз қалып, шамамен 65% деңгейде сақталған. Кірістер құрылымындағы әлеуметтік трансферт үлесі төмендеп, жыл соңына қарай 21%-ды құраған. Бұл динамика пандемия жағдайында табысынан айырылған азаматтарға көмек көрсету шеңберінде жәрдемақы төлеу көлемінің және басқа да қолдау шараларының азаюына байланысты болуы мүмкін.
Экономика • 13 Қыркүйек, 2024
Мұнай бағасының түсуі тығырыққа тірей ме?
«Brent» маркалы мұнайдың бағасы 2021 жылдан бері алғаш рет барреліне 69 долларға құлдырады. Ал «WTI» маркалы мұнайдың бағасы 3,1 пайызға төмендеп, 66 долларға түсті. Сарапшылар бұл құбылысқа әртүрлі баға беріп отыр. Несібесін мұнайдан табатын мемлекеттерді бұл үрдістің үркітетіні рас. Таяқтың бір ұшы бізге де тиетіндей.
Несие • 07 Қыркүйек, 2024
Несиеге сұраныс – бизнестің несібесіне сеп
Нaрықтық экономикa дaмығaн сaйын несие түрі де көбейді. Ал кәсіпкерлердің несиеге деген сұранысы экономиканың жалпы жағдайына тікелей байланысты екені мәлім. Сол себепті, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының талдау орталығы 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеуге шолу жасады.
Технология • 19 Сәуір, 2024
Жасанды интеллект: бүгіні мен ертеңі
Ғалам жасанды интеллектіні толық пайдалануға, ашуға барын салып жатыр. Кейбір бағалаулар бойынша, 2030 жылға қарай бұл сала әлемдік ІЖӨ-нің 7 пайызын қамтамасыз етпек. Ал 2027 жылға таман жаһандық жасанды интеллект нарығын капиталдандыру 400 миллиард доллардан асады.
Таным • 19 Сәуір, 2024
Ғалам ғажаптары: 60 жыл күттірген ақша
1960 жылы Дауид Латимер есімді азамат үлкен бөтелкеге өсімдіктің тұқымын егіп, 150 мл ғана су құйып, бөтелкенің аузын ауа кірмейтіндей етіп жауып тастапты. Сосын...
Технология • 12 Сәуір, 2024
Инновация – экономиканың басты драйвері. Кейінгі жылдары отандық инновация саласына көбірек көңіл бөлініп, біршама серпіліс жасалды. Біздің стартаптар шетелден миллиондаған инвестиция тартып, биік белестерді бағындырып жүр. Солардың аяқ-алысын саралап көрейік.
Таным • 26 Наурыз, 2024
Қаншама адамның қаншама шешімінің артында «түйсік» жатыр. Тіпті Альберт Эйнштейн 1929 жылы «Saturday Evening Post» газетіне берген сұхбатында «Мен түйсік пен шабытқа ғана сенемін. Кейде жай ғана шешімімнің дұрыс екенін сеземін. Ал өзімнің кім екенімді білмеймін» деген еді. Ал психотерапевт Эрик Берннің айтуынша, түйсік – мекені белгісіз жерден келген кездейсоқ білім. Түбірі бәймәлім түйсік туралы ғалымдар не дейді?
Сұхбат • 22 Наурыз, 2024
Олжас СҮЛЕЙМЕН, QazGPT авторы: Жасанды интеллектіні тезірек меңгеруге мүдделіміз
Жасанды интелектінің жаһанды жаулағаны әмбеге аян. Тіпті «Кім жасанды интеллектіні игерсе, сол әлемді билейді» деген тәмсіл де бар. Сәт сайын алдыңнан шығатын цифрлық саладағы жаңалықтарды естігенде, сеніп те қаласың. Ең алғаш бұл термин Америкадағы Массачусетс технологиялық институтында қолданылған. Солай 1960 жылдан бері ақырын-ақырын ғылымға қадам басып, қазір өмірімізге дендеп енді. Қалың қарашаны бір үркітіп, терең ойға мың сүңгітіп жүрген жасанды интеллект туралы қазақ тіліндегі көпшілікке арналған тұңғыш қолданба QazGPT-дің авторы Олжас Сүлейменмен әңгімелескен едік.
Қоғам • 21 Наурыз, 2024
Технология дамып, уақыт зымырап өтіп жатыр. Құдды дүниенің бәрі өзгеріп жатқандай. Десе де замана жаңғырса да дәуірі өтпейтін дүниелер болады. Олар керісінше құндылыққа айналып, ұлттық код деңгейіне көтеріледі. Осы ұлттық құндылықтарымызға цифрлық саланың қалай әсер еткенін бағамдау мақсатында аз-кем шолу жасадық.
Еңбек • 14 Наурыз, 2024
Біржан Талғатбек – әлемдегі ең үлкен лайнердің бірін басқарады. Ойлап қарасаң, оның қолында бір уақытта 600 адамның тағдыры тұрады. Ал ең қызығы, ол ұшқыш мамандығын небәрі екі жыл оқыған.