Елігімай ТӨҢКЕР
Елігімай ТӨҢКЕР«Egemen Qazaqstan»
408 материал табылды

Салық • 28 Қыркүйек, 2024

Салық түйткілінің тасада қалған тұсы

Қазір қолданыста 12 салық түрі бар. Алдағы уақытта 20%-ға азайып, тіпті кейбір төлемдер біріктіріледі. Салықтық жеңілдіктер де ретке келтірілмек. Тіпті 110 салық жеңілдігін алып тастау ұсынысы да көтеріліп жатыр. Одан бөлек, 29 салық жеңілдігін қолдану мерзімі шектеледі. Жалпы, «Кәсіпкерлер өздері пайдаланатын салық жеңілдіктері бойынша есеп беруге тиіс. Бизнесті дамытуға нақты септігі тиетін жеңілдіктерді ғана қалдырған абзал» деген Президент тапсырмасы жан-жақты қарастырылып, жауапты органдар іске кірісіп кетті.

Қаржы • 27 Қыркүйек, 2024

Қаржы нарығындағы қатаң шара

Екінші деңгейдегі банктердің корпоративтік секторға деген ықыласы көңіл көншітпейтінін жиі айтып жүрміз. Банктер жыл басынан бері 1 трлн 38 млрд теңге табыс тапса да, ішкі жалпы өнімдегі қаржыландыру үлесі – айтарлықтай көп емес. Кейінгі кездері сынға түскен бұл мәселені Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірігіп, бірқалыпқа түсіруге тырыспақ. Жыл соңына дейін ел ішіндегі тұтынушылық несиелендіруді азайтамыз дейді.

Қаржы • 27 Қыркүйек, 2024

Цифрлы әлемнің есігін қағып тұрмыз

Неміс экономисі Вернер Зомбарт «Экономиканың басты қағидасы – алысқа қарау» дейді. Уақыт сынынан өткен бұл пікірге ешкімнің шүбәсі жоқ. Егер дәл қазір алысқа қарар болсақ, цифрлық трансформация төрімізден орын алуы қажет. Оның ішінде қаржы са­ласының цифрлық экожүйесін құ­ру маңызды. Сөзімді қуаттай түсу үшін «KPMG» жүргізген зерт­теуді мысалға алайын. Са­ты­лымы 1 млрд доллардан аса­тын компаниялардың 59%-ы қаржылық үдеріске жасанды интел­лект (ЖИ) құралдарын қолданған. Ал «Cofinpro AG» жүргізген зерттеуден бәсі биік банктердің 52%-ы машиналық оқыту әдісін енгізгенін көреміз. Осы тұста оқып отырған сізді, жазып отырған мені де мазалай­тын екі сұрақ бар: Жаһанды жау­лаған осы үдеріске біз үлгердік пе? Банктеріміздің бабы келісті ме?

Таным • 27 Қыркүйек, 2024

Қолғанат болған құлтемір

1960 жыл. «Калуга» техникумындағы мұғалім Борис Гришиннің робот жасайтын ойы да болмаған еді. Ол студенттерге сурет салуды үйрететін. Тіпті осы бірқалыпты өмірін ештеңеге айырбастағысы келмейтін. Бірақ бір күні оның өмірі түбегейлі өзгерді.

Экономика • 25 Қыркүйек, 2024

Үрей туғызған үлес

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) мәліметінше, біздің мемлекет экономиканың 30 негізгі секторының 20-сына араласады. Компаниялардың 10%-ы, ал барлық ірі компанияның 50%-ы – мемлекет бақылауында. Жалпылама қарағанда, бұл көрсеткіш – «өсім мемлекеттік сектор мен компанияларға тиесілі болмауға тиіс» деген ұстанымымызға қарсы. Дүниежүзілік банктің эмпирикалық зерттеулері де үрейлі үрдістің жақсылыққа апармайтынын айтып жүр. Осы мәселеге «Экономикалық релятивизм» тұжырымдамасымен қарап көрелік. Философияда бұл ұғым «Ақиқат жалғыз, шындық екеу, шешім көп» деп түсіндірілсе, экономика «Ақиқат та, шындық та жалғыз, шешім белгісіз» деп түсіндіреді.

Таным • 21 Қыркүйек, 2024

Ғалам ғажаптары: Түрлі-түсті ауыл

Тайванда Тайчунь деген ауыл бар. Осыдан бірнеше жыл бұ­рын сол ауылды билігі бұзбақ болады. Бұл жаңалыққа күллі ғұмырын сонда өткізген Хуан Юн-Фу наразылығын өзгеше тәсілмен жеткізген.

Қоғам • 19 Қыркүйек, 2024

АЭС: Байыпты көзқарас

Қазір жылу электр стансаларынан ауаға жылына 14 млн тоннадан аса зиянды қалдық шығады. Ал сарапшылар атом энергетикасы дәстүрлі көмір генерациясымен салыстырғанда, көміртегі қалдықтарын айтарлықтай азайтады деп жар салып жүр. Әлемдік зерттеулер мен тәжірибелерге қарасақ, атом электр стансасы (АЭС) кемі 60 жыл жұмыс істейді. Толық тексерістен өткізгеннен кейін тағы 20 жылға созуға болады. Демек, еліміздің көміртегі бейтараптығына жетуіне АЭС қажет. Бірақ әуелі экологиялық тәуекел мен қауіпсіздік мәселесін май шаммен қараған абзал. Оған әлеуметтік, экономикалық әсерін қосыңыз. Халық көкейінде жүрген бұл түйткілдер шешілмейінше, АЭС-тің маңызы да артпайды.

Таным • 19 Қыркүйек, 2024

Ғалам ғажаптары: Айға да АЭС салынады

Жақын арада «Nasa» Айға ядролық реактор орнатады. АҚШ-тың Ғарыш басқармасының мамандары оны 2030 жылы салуды жоспарлап отыр.

Қаржы • 18 Қыркүйек, 2024

Халықтың қаржылық мүмкіндігі қалай құбылды?

Былтыр халықтың нақты табысы 2022 жылмен салыстырғанда 3,7%-ға өскен. Дегенмен үй шаруашылықтарының («бір отбасы» деп те түсінуге болады – ред.) шығыны да өскен. Табыс құрылымында айтарлықтай өзгеріс байқалмаған. Жалдамалы жұмыстан түскен кірістердің үлесі өзгеріссіз қалып, шамамен 65% деңгейде сақталған. Кірістер құрылымындағы әлеуметтік трансферт үлесі төмендеп, жыл соңына қарай 21%-ды құраған. Бұл динамика пандемия жағдайында табысынан айырылған азаматтарға көмек көрсету шеңберінде жәрдемақы төлеу көлемінің және басқа да қолдау шараларының азаюына байланысты болуы мүмкін.

Қоғам • 18 Қыркүйек, 2024

Бірыңғай QR-код төлем жүйесі

2025 жылға дейін еліміздің барлық банкі бірыңғай QR-код төлем жүйесіне көшеді. Ол кезде он шақты POS-терминал ұстап, әр терминалды жеке-жеке пайдалану қажеттілігі жойылады. Яғни қай банктің клиенті болсақ та, кез келген жерде төлем жасай аламыз.