
2026 жылға келсек, әзірге еш өзгеріс жоқ – өсім 4,3% деңгейінде сақталады.
ХВҚ тек Қазақстан ғана емес, әлемнің алпауыт экономикалары АҚШ, Қытай, Еуропалық одақ елдері бойынша да көрсеткіштерді қайта қарап, біршама жақсарған болжамдар жариялады.
Мұнай бағасына келер болсақ, Қор 2025 жылы баррель құны орта есеппен 68,18 доллар болады деп отыр. Ал 2026 жылы 64,33 долларға дейін төмендеуі мүмкін. Бұл сәуір айындағы 66,94 және 62,38 долларлық болжамдармен салыстырғанда сәл жоғары. Айтпақшы, биылғы орташа баға 79,17 доллар шамасында.
Бағаның көтерілуіне не себеп? ХВҚ бұл жағдайды Иран мен Израиль арасындағы шиеленіспен байланыстырады. Бірақ соған қарамастан, мұнай жеткізу көлемі азаймаған.
«ОПЕК+ және басқа өндірушілерден келіп жатқан мұнай ұсынысы сұраныстан асып түсіп отыр», дейді ХВҚ сарапшылары.
Ел ішіндегі жағдайға келсек, Қазақстан экономикасы биылғы бірінші жартыжылдықта 6,2% өсім көрсеткен. Ұлттық банк бұған ішкі сұраныстың артуы мен инвестициялық белсенділіктің жандануын себеп қылып отыр. Сондықтан да биылғы жалпы өсім 5–6% аралығында болады деген болжам жасалған.
«Экономиканың нақты секторында айтарлықтай серпін байқалады. Бұл халықтың сенімі мен бизнес белсенділігінің артқанын білдіреді», деп атап өтті Ұлттық банк.