Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
164 материал табылды

Табиғат • 15 Мамыр, 2025

Бүркіт шыңындағы барыс

Кеше ғана Бүркіт тауының сілемінде тағы бір барыс фо­тотұзаққа ілініпті. Сонау биікке фотоқұ­рылғы ор­натып жүрген Катон­қарағай мемлекеттік ұлт­тық табиғи паркінің қызмет­керлері Ерік Қасымов пен Ай­дын Шәкеновтердің қуаныш­ында шек жоқ. Осымен Бүркіт шыңында екінші рет қар барысы суретке түскен.

Аймақтар • 09 Мамыр, 2025

Ерлердің еңселі ескерткіші

Тау қуысындағы шағын ғана ауылдан үш бірдей Кеңес Одағының батыры шыққан. Самар ауданына қарасты Подгорное ауылы сонысымен де ерекше. Иван Яроцкий, Николай Фонов, Сергей Седнев сынды батырларына ауылдың кіреберісінде кеуде мүсіндері мен ерекше композицияда стелла қойылған.

Аймақтар • 01 Мамыр, 2025

Пакеттен пайда тапқан

Күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген кәдімгі полиэти­лен пакеттер Өскеменде тонналап өндіріледі. Сұраныс жоғары. Әсіресе алыс-жақын аудандардағы дүкен иелері бума-бумасымен әкетеді. Иә, қоршаған ортаға зиян де­генімізбен, біз бас сұққан «Bereket» ЖШС-да пайдала­нылған ескі пакеттерді де жинап, қайта өңдейді.

Көрме • 24 Сәуір, 2025

Тұрқы бөлек тұлпарлар таңдалды

Шоқтығы биік, қаз мойынды тұлпарлар ауыз­дықтарын қарш-қарш шайнап, көпшілік көрер­меннің алдына шықты. Құйрық-жалдары тө­гіл­ген бұл сәйгүліктер Өскеменнің іргесіндегі ат спорты клубында өтіп жатқан көрмеге жет­кі­зілген. Бұл жолы жылқылардың ең жүйрігі емес, күтімі мен бітіміне қарай бағаланды.

Өндіріс • 18 Сәуір, 2025

Трансформатор стансалары Өскеменде әзірленеді

Үйді-үйлерді электр қуат көзімен қамту стансалары Өскемендегі «Кэмонт» зауытында жасалады. Атшаптырым аумақты алып жатқан өндіріс ошағында трансформатор стансаларынан бөлек «ақылды электр шамдар», заманауи орындықтар мен жол бойына арналған дәретханалар да құрастырыла бастаған. Атқарылып жатқан жұмысқа қарасақ, тарихы терең зауыттың болашағы да жарқын көрінеді.

Мектеп • 16 Сәуір, 2025

Жаңа Бұқтырмада мектеп ашылды

Осыдан төрт жыл бұрын Алтай ауданына қарасты Жаңа Бұқтырма кентінің тұрғындары редакциямызға хабарласып, жалғыз қазақ мектебінің оқушылары тозығы жеткен балабақша ғимаратында оқып жүргенін айтқан еді. Барып мәселені көзбен көрдік, газет бетінде қаузадық. Бұдан соң жергілікті басшылық дереу қолға алып, дайындық жұмыстарына кіріскен. Құрылыс уақтылы аяқталып, күні кеше Жаңа Бұқтырмада жаңа қазақ мектебі ашылды.

Көрме • 15 Сәуір, 2025

Таспадағы тарих

Марқакөл өңірінің тумасы, ардагер фото­тіл­ші Қалиғұмар Қабдешевтің 85 жасқа толу мерейтойына орай Алматы­дағы Ұлттық кітапханада жеке көрмесі өтіп, «Бүгінгі фотосурет – ертең­гі тарих» атты фотоальбомының тұсауы кесілді.

Мирас • 11 Сәуір, 2025

Дәстүрді жаңғыртқан ісмер

Ертеректе төрімізде жататын алашаны, тұсымыз­дағы тұскиізді кейінгі жылдары музейден көретін болғанбыз. Керексіз болып, қора-қопсыда жатқанын да сан байқағанбыз. Осымен жүн сабап, текемет баса­тын ісмердің өнері іске алғысыз болып қалады деген­дей пікірлер де оқтын-оқтын айтылып қалатын. Шындығында олай емес еді. Ұмыт болып бара жатқан қаншама дәстүріміз қайта жаңғырды. Бозанбай ауы­лын­дағы Шәкерман Ошан киіз үйдің жабдығынан бас­тап, үйдің ішіндегі алаша-сырмаққа дейін өзі басады.

Өндіріс • 09 Сәуір, 2025

Жаңбырлатып суару машинасын шығарады

Алтай ауданының Серебрянка қаласында «Su Bereke» маркалы жаң­бырлатып суару маши­насын жасайтын жаңа зауыт іске қосылды. Ауыл шаруашылығына қажетті бұл машиналарды жасау жобасының құны 6 млрд теңгені құрап отыр. Жоба аудан эко­но­микасына ғана емес, өңір­дің ауыл шаруашы­лығы са­ла­сына тың серпін бермек.

Байқау • 03 Сәуір, 2025

«Өскемен аруы» анықталды

Мәреге он ару шығып, міне-міне үздігі анықталады дегенше көрермендер мен жанкүйерлер тағат таппаған. Қала әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан «Өскемен аруы-2025» байқауы екі аптаға созылып, 30 наурыз күні қорытындысы шықты. Әрине, қазылар үшін ақылына көркі сай аруды анықтау оңайға соқпаған.