Әдебиет • 07 Наурыз, 2025
Уақыттың аса қымбат екенін сезінген адам әр сәтін, әр минутын құр босқа жібермеуге тырысады. Оның өзінде біреулер бар, уақытты материалдық дүниемен өлшейді, енді біреуіне жан ләззаты құнды. Ол хақында көсілсек, газеттің айқарма беті аздық етер.
«Таза Қазақстан» • 06 Наурыз, 2025
Қоршаған ортаның жас қамқоршылары
Жайқалған жасыл көшеттер әуеліде, балғын күйінде ыдысқа отырғызылып, тамырланғанша күтіп-бапталады. Мұндай жұмысқа қазір орманшылар ғана емес, мектеп оқушылары да тартылып жүр. Бұл да болса – «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық акциясы аясында атқарылып жатқан игілікті шараның бірі.
Ауыл • 05 Наурыз, 2025
Адырдың арғы жағы қалың қарағай. Ұшы-қиыры жоқ қылқанды орманның арасында отыз шақты үй отыр. Өскемен – Самар бағытындағы күре жолдан төрт-ақ шақырым жердегі бұл ауыл тұрғындарының жалғыз-ақ тілегі – ауыл мәртебесін алу. Әйтпесе, не картада, не тізімде жоқ. Жиырмадай гектар жерді орман шаруашылығы жерінен шығарып, әкімшілік аумаққа өткізсе жөн болар еді.
Байқау • 05 Наурыз, 2025
Өскеменде Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Ғасырлық дәстүрлер» атты кілем тоқушы шеберлердің арасында республикалық байқау басталып жатыр. Кілем тоқу – қазақ халқының ең көне қолөнерінің бірі. Осынау ата дәстүрді жаңғырту мақсатындағы шараға еліміздің кіл мықты қолөнер шеберлері жиналады.
«Таза Қазақстан» • 26 Ақпан, 2025
Өткен жылы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жер-жерлерде жоғары қарқынмен жүргізілді. Тонна-тонна қоқыс шығарылып, аймақ, аудан, аула, көшелер абаттандырылды, жайқалған көшеттер егілді.
Еңбек • 21 Ақпан, 2025
Төрт түлігін өргізіп отырған Алтай өңіріне бұғы жануары да бөтен емес. Сарғыш тартқан көне кітаптарда мүйізі құнды жануарды ертеректе, ХІХ ғасырдың басында ескі дін ұстанушылар қолға үйрете бастаған деп жазады. Тіпті тереңнен тартсақ, түркілер екі-үш мың жыл бұрын бұғыны шанаға жегіп, шаруашылыққа пайдаланған екен. Ата дәстүрді Катонқарағайда жалғап, жаңғыртып келе жатқан бірнеше шаруашылық бар. Қарапайым бұғышы Қуан Босхомжиев солардың бірінде еңбек етеді.
Поэзия • 21 Ақпан, 2025
Жұртты баураған поэзия жанкүйері
Әдебиет пен поэзиядан хабарыңыз бар ма, жоқ па – қасыңызға келіп, аз-кем ілтипат танытып, өлең оқи жөнелетін адамды көріп пе едіңіз? Әсіресе Мұқағалидың, Қасым Аманжоловтың өлеңдерінен төгілтеді. Орыс этносының өкілі жолықса, Сергей Есениннен қайырады. Орта бойлы, таңқы танау, мығым денелі Ерасылды Өскемен өңірі ғана емес, былайғы жұрт та әлеуметтік желі арқылы жақсы таниды. Өлең оқу стилі де ерек.
Қоғам • 21 Ақпан, 2025
Самар ауданында туризмді дамыту мақсатында қысқы балық аулаудан жарыс өтті. Самар Ертістің жағасын жайлаған аудан болғанымен, мұз үстінде балық аулау сайысы мұнда бірінші рет ұйымдастырылған. Ересектермен бірге мектеп оқушылары да мұз ойып, қармақ салды.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2025
Қабаған иттен қалай құтыламыз?
Ауылдық жер былай тұрсын, қаланың қақ ортасында иесіз иттер қаптап кетті. Бұл мәселе кейінгі жылдары тіпті күрделене түскен. Себебі ит атуға заңмен тыйым салынған. Былтырдың өзінде өңірде 1 200 адамға ит шабуылдаса, одан бұрын 2 000 адамға иттің тісі батқан. Соның өзінде қолдан келер қайран жоқ.
Талбесік • 15 Ақпан, 2025
Көзге көріне бермейді ғой. Әйтпесе, Алтайдың қойын-қолат, орман-тоғайын 305 құстың түрі мекен етеді екен. Оның 28 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген. Катонқарағай Ұлттық мемлекеттік паркі аумағындағы бұл құстарды орнитолог, фотограф Владимир Воробьевтің зерттеп жүргеніне неше жылдың жүзі болды.