
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2022
ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Батыс Қазақстанда, оның ішінде қазіргі Ақтөбе облысының аумағында: Ырғызда – Жармола, Темірде – Қарақамыс, Ойылда – Көкжар жәрмеңкелері тұрақты жұмыс істеді. Бұл өткен ғасырлардағы отарлау капитализмінің көрінісі десек те, сол заманда қазақ даласының әр жерін кезген саудагерлер елдің малын өте арзанға алып кетуінен сақтандыру үшін қазақ байлары жәрмеңкелер арқылы сатуды жолға қойған. Жәрмеңкелер жылына екі рет – мамырдың басында және қыркүйектің соңында өткізілді. Ел адамдары жайлауға шыққанда және қыстауға оралар ерте күзде малы мен оның жүн-терісін саудаға шығарған.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2022
Су қорын ластаушыларға айыппұл салынды
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі «Өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту жөнінде қабылданып жатқан шаралар және Көкжиде кен орнының мәселелері туралы» брифингте Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлпықар Жолдасов баяндады. Ол Темір ауданындағы Көкжиде кенішінде мұнай өндіретін бес компания өкілдерімен кездесіп, табиғи қорықтағы жағдайды көріп қайтты.
Қоғам • 06 Қыркүйек, 2022
Көршімізді қиындықта қалдырмаймыз. Төтенше жағдайда қиындықтан шығудың маңызды ережесі – өзара көмек және бірлік. Қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрі осындай. Ғасырлар бойы құндылықтар мен дәстүрлер өзгермейді.
Аймақтар • 24 Тамыз, 2022
«ЕРГ Ресайклинг» компаниясы қаланы қоқыстан тазартады
«ЕРГ Ресайклинг» ЖШС 2019 жылдан бері Ақтөбе өңірінде қиыршық тас шығарумен айналысады. Хромтау қаласының төңірегінде 1991 жылдан бері жиналып қалған «тарихи қалдықтар» қайта өңделіп, Ақтөбе ферроқорытпа зауытында өндірілген қиыршық тас түрінде шығарылып жатыр.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2022
Хромтауда жел электр стансасы салынады
Хромтау қаласына жақын, 150 гектар аумақта 24 жел генераторы паркі бой көтермекші. 155 мегаватт электр қуатын өндіретін жасыл энергетика жобасын іске асырушы – ERG компаниясы.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2022
Ақтөбеде көрікті жер көп, ал инфрақұрылым сын көтермейді
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысында болып, өңірдегі мәдениет және спорт, туризм саласында қолға алынып жатқан жұмыстармен танысты.
Қоғам • 15 Тамыз, 2022
Аутизм сырқаты бар балаларға ерекше күтім қажет
Ақтөбе облысында ерекше қажеттілігі бар кәмелет жасына жетпеген 6 700 бала тіркелсе, соның ішінде 648 бала аутизм дерті бойынша есепте тұр. Егер де 2000 жылдардың басында Ақтөбе облысында туабітті мүгедектігі бар 2 мыңға жуық бала болса, қазір олардың саны үш есе өскеніне куә болып отырмыз. Әрине, аутизм дертіне шалдыққан сәбилер қатарының жылдан-жылға көбейіп бара жатқаны алаңдатады. Ақтөбе облысында аутизм дертіне шалдыққан 648 баланың 465-і – облыс орталығында, 183-і аудандарда тұрады.
Аймақтар • 10 Тамыз, 2022
Әскери институт батырдың мерейтойын атап өтті
Ақтөбедегі Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының жеке құрамы екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновтің 100 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтті. Оған әр жылдары осы оқу орнын аяқтаған түлектер, қорғаныс саласының ардагерлері, қазір оқып жатқан курсанттар мен олардың ата-анасы қатысты.
Ахмет Байтұрсынұлы • 10 Тамыз, 2022
Ұлт ұстазы және Батпақты мектебі
1895 жылы Орынбордағы орыс-қазақ мұғалімдер семинариясын аяқтаған 23 жастағы Ахмет Байтұрсынұлы Ақтөбе уезі Самбай болысында жаңа ашылған ауыл мектебінде екі жыл жұмыс істеп, 1896 жылдың қара күзінде Қарқаралыға жол тартады. Ұлт ұстазы 1895-1909 жылдар аралығында үлкен саясатқа араласқанға дейін Ақтөбе, Қарқаралы, Қостанай уездеріндегі мектептерде, екі кластық училищелерде сабақ берген. Самбай мектебінде оқыған алғашқы шәкірттері кімдер? Кейін Кеңес өкіметінен Байтұрсыновтан дәріс алған қанша ауылдың момын жастары зардап шекті? Олардың кейінгі тағдыры қалай болды? Бұл – жиналмай қалған деректер.
Қоғам • 09 Тамыз, 2022
Қаржы пирамидасы: Алданғандар азаяр емес
Ақтөбе қалалық №2 сотында қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты сот процесінде жарыссөз басталды. 3700 томға жинақталған істе «Гарант24 Ломбард», «Эстет Ломбард», «Выгодный займ» компанияларының қылмыстық әрекеттері бойынша 48 ақтөбелік айыпталып отыр. Олар 17 мың адамды алдап, 30 миллиард теңге зиян келтірген. Қазіргі кезде айыпталушылардың бәрі үйқамақта.